Материалдар / Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері.».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2022
1108
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: «Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері.».


Мектеп:

Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі

Бөлім:

9.2B Бөліп шығару

Педагогтің аты-жөні:

Нұрмаш Г. Н.

Күні:

16.11.2021

Сыныбы: 9 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.5.1 - нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау;

9.1.5.2 - фильтрация және несептің түзілу үрдістерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Нефроның құрылысы мен қызметі өзара тығыз байланысты екенін түсінеді. Ультрафильтрация туралы түсінік қалыптасады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Абсорбция және таңдамалы реабсорбцияны сипаттай алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Бірінші және екінші реттік түзілген зәрдің құрамын анықтай алады. Фильтрация және кері фильтрацияның себептерін айқындай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

8 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу;

2.Сыныпты түгендеу;

3.“Мен актермін...” әдісі оқушыларға түрлі эмоцияларды орындату арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.



4. Топтастыру.

5.Топтық ережені еске түсіреді.


6.Оқу тапсырмасын

қайталау.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйсымдастыру:

Оқушылар түрлі түсті карточкаларды таңдау арқылы үш топқа бөлінеді:

I топ- қызыл түс;

II топ- көк түс;

III топ – жасыл түс




Оқушылар топқа бөлінген соң әрі қарай жіберілген сілтемеге өтіп quiziz. сom сайтына тіркеліп, өткен тақырып бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

Мақсаты:

оқушылардың

психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату. Шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту. Релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу.

Тиімділігі: оқушылар түрлі эмоцияларды орындау арқылы өзін басқалардың жанында еркін ұстай алады, көңіл күйлері көтеріледі.


https://quizizz.com/admin/quiz/6086e8febd3665001b719fb4


Жаңа сабаққа кіріспе



«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында ой қозғау сұрақтарын және тапсырмаларына

ұжымдық талқылау жасау. Оқушыларға жалпылама

төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын, термин сөздерді таныстырады.

Мұғалім жаңа сабақ бойынша қысқаша мағұлмат айтады, оқушылар назарына видеоматериал ұсынады.

Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді:

  1. Бүйрек қандай мүше?

  2. Бүйрек адам организмінің қай бөлігінде

  3. орналасқан?

  4. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі қалай аталады?

  5. Нефронның басты қызметі қандай?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының

танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.










Презентация

Видеоматериал сілметесі:

https://youtu.be/UHZjPPawzTk

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.



Оқулықпен және қосымша материалдармен жұмыс.

«Галереяға саяхат» әдісі арқылы әр топқа берілген суреттерге байланысты ой тұжырымын ватманға түсіруді тапсырады, бақылайды.


Топтық жұмыс.

«Галереяға саяхат» әдісі арқылы әр топ берілген суреттерге байланысты ой тұжырымын ватманға түсіреді.

Топтар арасында ақпарат алмасады.


1 топ- Нефронның құрылысы мен қызеті;

2 топ- Несептің түзілу үдерісін түсіндіру;

3 топ- Абсорбция және реабсорбция үдерісін түсіндіру.

1.Нефронның құрылымын ажырата алады;

2.Несептің түзілу үдерісін сипаттай алады;

3.Абсорбция және реабсорбция үдерістерін ажырата алады.



ҚБ. Бағалау парақшасы


Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ


Жеке жұмыс

Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады,

Wordwall платформасы арқылы.

Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.

Оқушылар экрандағы қосулы тұрған Wordwall платформасың ішіндегі «Кездейсоқ сандар» деген бөлімі бойынша жұмыс жасайды. Алдарына түскен сандардың ішінде сұрақтар жасырылған сол сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор:

Дескриптор

1.Нефронның құрылымы мен қызметтерін сипаттай алады;

2.Фильтрация және абсорбция, реабсорбция үдерістерін ажырата алады;

ҚБ мұғалімнің мадақтауы, бағалау парақшасы


Жұптық жұмыс

Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.

  1. Нефронның негізгі құрылымдық бірліктеріне сипаттама береді сәйкестендіру кестесі арқылы.




Дескриптор:


1. Талдау жасайды.

2. Нефронның негізгі құрылымдық бірліктерін сипаттайды.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды..

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді

жеткіздім.

- ......қиындық тудырды.


Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!