Материалдар / Неліктен біз иісті қашықтықтан сеземіз? Заттардың әртүрлі жағдайында бөлшектердің байланысы қалай пайда болады?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Неліктен біз иісті қашықтықтан сеземіз? Заттардың әртүрлі жағдайында бөлшектердің байланысы қалай пайда болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Неліктен біз иісті қашықтықтан сеземіз? Заттардың әртүрлі жағдайында бөлшектердің байланысы қалай пайда болады?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2023
477
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Бөлім:

Ұзақ мерзімді жоспардағы тарау:

5.2A Заттардың құрылысы мен қасиеттері.

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Басымбекова У.К.

Күні:


Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен біз иісті қашықтықтан сеземіз?

Заттардың әртүрлі жағдайында бөлшектердің байланысы қалай пайда болады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіреді

5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіреді

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

- Заттың жалпы агрегаттық күйі бойынша білімді бөлшектер теориясы тұрғысынан қайталауға тапсырмаларды орындайды.

- Заттың негізгі физикалық қасиеттері бойынша ақпарат алмасады.

- Берілген ақпаратты талдайды және жаңа білімді бекіту тапсырмаларын орындайды.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ой қозғау

































Мағынаны тану


Қоңырауда (оқушылардың көңілін аудартпай) жағымды, хош иісті заты бар құты/флакон ашып қойыңыз (әтір немесе кофе). Оқушылардың біреуі жағымды хош иісті сезген соң кабинеттегі ауада иіс қалай таралатыны жайлы әңгімені бастаңыз. Әңгіме бірқалыпты сабақтың басталуына әкелуі тиіс. Күнделікті бақылаударының негізінде оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

  • Егер әтір құйылған құтыны ашса, онда …;

  • Егер марганцовканың түйіршігін суға салса, онда …;

  • Егер мұзды қыздырса, онда …;

  • Егер бір тамшы майды суға тамызса, онда …;

Біздің сабағымыздың мақсаты болып жатқан осы құбылыстарды бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру.


Әңгімелесу кезінде молекулалардың үздіксіз және ретсіз қозғалысының дәлелі иістің таралуы екендігі жайлы қорытынды жасаңыз.


Су құйылған ыдысқа бояғыш заттың бірнеше тамшысын тамызыңыз. Өзгерістерді бақылай отыра, бояғыш заттың бөлшектері қозғалып, су бөлшектерінің арасына таралатындығын оқушылармен талқылаңыз.


Диффузия ұғымына түсініктеме беріңіз және алдыңғы тәжірибелердің негізінде газдар мен сұйықтықтарда бөлшектердің тарау жылдамдығын салыстыруларын сұраңыз.


Оқушылардан қатты заттардың, сұйықтықтардың және газдардың құрылымы қандай болатындығы жайлы ойлануларын сұраңыз. Оқушылар талқылау барысында заттар бір-бірінен әртүрлі қашықтықта орналасқан өте ұсақ бөлшектерден тұратыны және осыған олардың агрегаттық күйлері тәуелді болатыны туралы қорытындыға келеді.


Оқушыларға тапсырма беріледі газдардың қасиеттерін зерттейді.


Оқушыларға тапсырма сұйықтардың қасиеттерін зерттеу.





























Кері байланыс

Үйге тапсырма:

Оқушылар кабинеттегі иістің таралуы туралы ой қозғайды.










































Оқушыларға газдардың қасиеттерін зерттеуді ұсыныңыз. Тәжірибе жүргізіп, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Шарды үрлеңіз. Шардың қай бөлігін ауа алып тұр? Газдың пішіні қандай?

2. Қолыңызбен шарды қысыңыз (шардың формасын өзгертіңіз). Ауаның көлемі сақталды ма? Оның пішіні сақталды ма?

3. Шприцтің поршенін тартып, оны ауамен толтырыңыз. Тесігін саусағыңызбен жауып, сыға бастаңыз. Газды сығу оңай ма?


б) Оқушыларға сұйықтықтардың қасиеттерін зерттеуді ұсыныңыз. Тәжірибе жүргізіп, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Мензурканың көмегімен сұйықтықтың көлемін өлшеңіз.

2. Суды пішіні әртүрлі ыдыстарға құйыңыз. Ыдыстың қай бөлігін сұйықтық толтырып тұр? Сұйықтық өз пішінін сақтайды ма?

3. Сұйықтықтың көлемін қайта өлшеңіз. Оның көлемі өзгерді ме?

4. Шприцті сумен толтырыңыз. Тесігін саусағыңызбен жауып, сыға бастаңыз. Сұйықтықты сығу оңай ма?



Орындалған тәжірибелердің негізінде оқушылар келесі кестені толтырады:

Қатты денелердің, сұйықтықтардың және газдардың құрылысы

Салыстыру критерийлері

Газ

Сұйықтық

Қатты дене

Молекулалардың орналасуы




Молекулалардың қозғалу сипаты




Молекулалардың әсерлесуі




Негізгі қасиеттері







Кері байланысты "БББ" әдісі арқылы жүргізеді.Оқушы білетінін,білгенін,білгісі келетіні туралы ой білдіреді.

101 беттегі 5-тапсырма


Мадақтау сөздерімен











































Дескриптор:

1.Газ пішінін талдайды;

2.Ауа көлемін сақталуын талдайды;

3.Газ сығылуын талдайды;











Дескриптор:

1.Сұйықтықтың көлемін талдайды;

2.Сұйықтық сығылуын талдайды;















Дескриптор:1.қатты,сұйық,газ тәрізді заттардың құрылысын кестеге толтыраы;

Иіс су,кофе құтысы










































Шар,шприц















Мензурка,шприц



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!