×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге арналған турнирлер басталды. Толығырақ

“Н.Н.Ефименко технологиясы арқылы өмірлік қажетті қимыл қозғалыс дағдыларын және дене сапаларына байланысты денсаулықтарын қалыпта

Автор:Жакупбекова Рымтай Кабдылхамитовна
Бағыты: Дене шынықтыру
Бөлімі: Мақала
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-13

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

“Н.Н.Ефименко технологиясы арқылы өмірлік қажетті қимыл қозғалыс дағдыларын және дене сапаларына байланысты денсаулықтарын қалыптастыру”(КПБ ) Көлденен (көлбеу) пластикалық балет – ол жаңа альтернативті дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, түзету, сауығу балаларлардың өзiн көрсете бiлу шығармашылық баламалы жүйесі.

БАЯНДАМА

“Н.Н.Ефименко технологиясы арқылы өмірлік қажетті қимыл қозғалыс дағдыларын және дене сапаларына байланысты денсаулықтарын қалыптастыру”
Николай Николаевич Ефименко Киев қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетің бітірген. Кейін Одесса мемлекеттік педагогикалық институтында аспирантурада оқыды. 10 кітап авторы, 3 мемлекеттік бағдарламалар, 30-дан астам әдістемелік әзірлемелер, сондай-ақ көптеген мақалалары жарық көрді. Оның ішінде
Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі мен денсаулық театры .
Бiздiң балабақшада педагогика ғылымының кандидаты, доцент Н.Н. Ефименконың дене төрбиесінде қолданатын жаңа авторлық технологиясы 2016-2017 оқу жылынан бастап еңгізілді. Технологияның түбегейлi айырмашылығы: әр жаттығу сыртқы ресiмдеуiмен ғана емес оның iшкi құралымы да өзгеше.

Н.Н. Ефименко, дене шынықтыру сабағында қалыптасқан iш пыстыратын, бiртектес iстерден көрі, балаларға қуанышы сыйлайтын, қызық спектакльдерге айналатын қимыл-қозғалыстар керек дейді.


Балалардың сауығуына, дене тәрбиесiне ғана емес, олардың тұлғааралық қатынастарың қалыптастыруға, интеллектуалдық, шығармашылық құзыреттілігің дамутуға арналған. Балалардың өзiн - өзі көрсете бiлуіне ықпал жасау қажет.

Дене тәрбиесiнiң мүмкiндiгiң кеңiрек көру керек - жалпы адамзаттық орында. Көп жылдары мектепке дейiнгi мекемелерде дене тәрбиесi балалардың бұлшық еттерін дамыту тәжiрбиесінде жүргiзiлетiн, олай болу тиiстi емес дейді Н.Ефименко.

Түрлi оқу-тәрбие жұмысында дене тәрбиесiндегі қозғалыс белсендiлiгi басқалар үшiн керемет негiз болып көрiнеді, ол эстетикалық және этикалық нормаларың қалыптастыру: нәзiктiк, жұмсақтық, ұқыптылық (қыз бала), жетекшiлiкке, ер-азаматтыққа (ер баланы)тәрбиелеу, бiр-бiрiмен, педагогпен, үлкендермен, қоршаған ортамен қарым-қатынас ережелерiне тәрбиелеу, балалардың сұлулықты сезiнуі үйлесiмiнің оянуына (iс-әрекеттер, тiл, музыка, табиғатта), жетекшiлiк ету қажет.
Бұның бәрiң, өте әдемi қозғалыс iс-әрекетіне тартып және қозғалмалы – ойын қызметінде, дене тәрбиесi ертегiсің құрып, көрсетуге болады. Дәстүрлi мiндеттерден басақа авторлық бағдарламада iлесетiн бүтiн блок былай тұжырымдалған:
Балаларлардың денсаулығын нығайту және олардың дене қабiлеттерiң гармониялық дамыту.
Тыныс алу мүшелерiнiң функционалдық жетiлдiруiне, қан айналымы, жүрек-тамыр және жүйке жүйелерiң, тiрек-қимыл аппаратың дамуына жәрдемдесу.
Дұрыс келбетің қалыптасуын және бұлшық ет корсетын нығайту.
Иiлгiштiк, пластика, әсемдiк және қозғалыстағы талдырмаштықты дамыту.
Ағзаны шынықтыру.
Балаларлардың шығармашылық қаблетің өзi көрсету бiлуіне жәрдемдесу.
Балаларлардың эмоциялық күйiң түзету: қозғалысты жасау кезінде жағымды эмоцияларды қалыптастыру және орнықтыру, оған уәждемесiн жасау.
Н.Н. Ефименко бағдарламасы бойынша бала дене шынықтыру сабағында қалай дамиды?
Табиғаттың логикасына еру керек, баланың ағзасына жүктемелерді табиғи тiзбек ұстанымың жүзеге асыра отырып қарапайым - күрделi болуын сақтау. Жаттығуларды көлденең жатқан қалыпта бастап (ең табиғи,онай, жеңіл түрі) тік тұру қалпындағы жағдайға дейiн, жүктеменiң бiртiндеп көбейумен (ең қиын жүктеме, екпiндi - гравитациялық қозғалыс) жүрiске, жүгiруге, секiрiстерге көшу!
Табиғат өзі мұндай кезеңдiлiктi көрсетеді.
Егер баланың өмiрiнің алғашқы жылдан бастап дамуына қарасан, бала алғашқысында арқада жатады, содан соң домалап iшке жатуға әрекет етеді. Бұдан әрi бала төрт тағандап тұрудың әр түрлi тұрыстарын қабылдайды.
Балдырған 6-7 айында өз бетiмен отырады, қолдарымен қанаттарымен пәндiк - -манипулятивтік қимылын жасайды. Сосын бала тізерлеп тұруға, табанына тұруға тырысады. Көп ұзамай кiшкентай адам өз бетiмен тұрады.
Және, бiздiң баланың әйтеуiр бiрiншi дербес қадамын бастауын бақылаймыз, ал содан соң, әлемді зерттей сенiмдi адымдайды.
Баланың даралық даму логикасы табиғи эволюциялық деңгейі көзге iлiніп кезеңдiлiктiгі байқалады: баланың қозғалысының даму жағдайлары жатқан және босаңсыған қалыптан күрделі физиологиялық және энергетикалық бағытында жүзеге асырылады (тік тұру, жүру, өрмелеу, жүгiру, секiру)!
Н. Н. Ефименко 10 кәсіби өсиеті
1.Табиғат логикасымен жүру. (педагогика табиғи болу тиіс)
2. Мектепке дейінгі дене тәрбиесі дамытушылық спираль бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
3. Педагогикалық спидометр деп аталатын, немесе жалпы дамыту жаттығуларды (сабақтың дайындық бөлігін " эволюциялық гимнастикаға сәйкес " жинақта).
4. Сабақтың 3-бөлігі формальды болмауы керек, оның физиологиялық мәні болу тиіс.
5. Дене тәрбиесі театры ( оқушыларды ойнап-сауықтыру, ойнап – тәрбиелеу, ойнап-дамыту, ойнап – үйрету).
6. Жағымды, жарық энергия –қуаныш және ғанибет (дене тәрбиесі балаларды оң эмоциямен қуаттандыруға тиіс)
7. Мектепке дейінгі баланың қимыл-қозғалыс портретің тест әдістемесі суреттейді.
8. Тренажерды өзің құрастыр!
9. Денсаулық, алдын алуды және түзетуді талап етеді.
10. Алдын алу және түзету. Қозғалыс және ойын арқылы –болашақ Адамын тәрбиелеу; өмір педагогика кешені

СЕГІЗ АЛТЫН ТҰЖЫРЫМ

Бірінші алтын тұжырым әр-түрлі дене тәрбиесі құрылымы арқада, көлденең жатып орындалатын жаттығулардан бастау(өйткені ол ең онай ,
жеңіл,табиги), ақырындап дене күшін көбейтіп, тұру, жүру, өрмелеу,жүгіру, секіру жаттығуларын орындау(орындауға қиын, ауыр,салмақ түсіретің, соққы беретің қимыл).
Екінші алтын тұжырым әр-түрлі бастапқы қалыпта (жатып, төрт тағандап,отырып, тізерлеп т.б.) жаттығуды ең төмен қалыптан бастау(кіндік таяныштан ең төмен биіктікте жасалады) содан кейін қана биіктікте жасалады.
Үшінші алтын тұжырым әр-түрлі бастапқы қалыпта (жатып, төрт тағандап,отырып, тізерлеп т.б.) жаттығуды эмбрион-ұрық қалпында (топтасып, гүлдің қауызы секілді) - ақырындап көтеріліп, жазылу, денені,қол-аяқты жан-жаққа созу жаттығулары!
Төртінші алтын тұжырым әр-түрлі бастапқы қалыпта бірінші басқа арналған жаттығулар орындалады (мойын омыртқаларына), сосын иық-қол буынына, әрі қарай дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар(кеуде,іш,
арқа), белге және аяқтарға(жазу,бүгу) ; сонында ең күрделі тұру, жүру,өрмлеу,жүгіру, секіру жаттығулары.
Бесінші алтын тұжырым балалар аяқ-қолға арналған жаттығу орындағанда (қолға сосын аяққа)бірінші болып қол, аяқтың денеге жақын орналасқан буындарына жасайды (иық және жанбас буындары), сосын ортаңғы
буындар(шынтақ,тізе буындарына) және кіші, ең алыс жатқан буындар (қолдың, жіліншіктің).
Алтыншы алтын тұжырым балалар неғұрлым жаттығуларды төмен қалыпта тұрып орындаса қимыл-қозғалыстары табиғи баяу, тыныш, байсалды болады (питон жылан тәрізді),керсінше жоғары қалыпта тұрып орындаса
(жүру,жүгіру,ыршу, секіру) жылдам, шұғыл, екпінді қимыл-қозғалыс жаттығулары (аттың шабысы)
Жетінші алтын тұжырым неғұрлым баланың денесі төмен, көлденең қалыпта болса,жаттығулар табиғи босансу режімде болады(жерде жатқан жіп), керсінше дене таяныштан биік, тік болса, жаттығулар ширыққан
режімде болады (тік тұрған колонна).
Сегізінші алтын тұжырым дене бітіміне жақын орналасқан ірі бұлшық еттеріне (иық, кеуде,іш, арқа, жанбас) баяу,байсалды қимыл-қозғалыс табиғи болады; керсінше дене бітіміне алыс орналасқан және кіші бұлшық еттерге жылдам, жиі, ұрып орындалатын қимыл-қозғлыстар сәйкес келеді.

КПБ) Көлбеу пластикалық балет
(КПБ ) Көлденен (көлбеу) пластикалық балет – ол жаңа альтернативті дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, түзету, сауығу балаларлардың өзiн көрсете бiлу шығармашылық баламалы жүйесі. Үш сөздiң тура мағынасын шешейік.
Осы әдістің айырмашылығын көрсететің ол көлденен (көлбеу)деген сөз. Оның мағанасы, балет бағдарламасының ең басында, жаттығулар көлденең қалыпта орындалады. Бастапқы қалып – арқада жату, қол дене бойында, дене босансыған қалыпта.
Бұл қалып балалардың омыртқасын босатады және бойын еркін ұстатады. Бұндай жатып емдеу алдын алудың тиiмдi құралы болып көрiнедi және келбеттiң бұзылыстарың түзетедi. Сондықтан баланың омыртақалары дұрыс қалыпта тұрады. Осы әдісті жүйелі түрде орындаса бала омыртқаларын үнемі дұрыс ұстау қаблетіне үйренеді. Соңғы орындалатын жаттығу,ол тізерлеп тұру қолдары үстінде, арқаны тік ұстап.
Пластический деген сөз қозғалыстың мінезің көрсетеді. Бүкіл қимыл-қозғалыстар бағдарламаның басында нәзік,баяу, иілгіштік болады. Бағдарламадан жылдам, екпінді, тез орындалатын қимыл-қозғалыстар алынып тасталған.
Балет сөзі таңба басқандай көрсетеді бүкіл жаттығулар әдейі музыка ырғағымен орындалады. Ол міндетті түрде аспаптармен орындалатын әуен болуы тиіс, соңында можор аккордымен бітеді
Музыкамен атқарылатын, қозғалысты дене-күш жаттығулар жүйесі, балаларлардың бұлшық еттерінің дамуына, мәнерлiк, әдемiлiк, әсемдiк, сазды- ырғақтық, ырғақты және олар пластиканы сезiнуге мүмкiндiк туғызады.
Мини-спектакль түрінде бiрлескен іс, мұндай құрамдан тұрды: қозғалыс, музыка және сюжет. Құрамның әрқайсы өзiмен әкелетін зор мүмкiндiктерді бар: қозғалыс режiмдегі жаттығуларды қосады - "жатқан" қалыптан тік тұрған қалыпқа дейiн; музыка - сауықтыру - профилактикалық бағытта, оң әсер береді; сюжет балаларларға әр түрлi ертегiлерге түсуге көмектеседi және балалар адал, абзал болуды ұғады.
Бұның бәрi жаттығудың орындау сапасы жоғарылауына, ойлаудың белсенділігің, шығармашылық қабiлеттiлiктерiң дамытады, балалардың жеке бас сапаларының мүмкiндiктерің жақсы туғызады және ашылуына көмектеседi.
Ұлдың және қыздың даму ерекшелiгiң ескере отырып, сабақтын жеке кезеңдерiнде қозғалыстын мынандай жағдайын таңдаймын ( иiлгiштiк, әсемдiк, нәзiктiк – қыздарға; жансебiлдiк, жүйріктілік ұлдарға) олар балаларға өмiрлiк - маңызды мүмкiндiк туғызуын қалыптастырады
Қорыта келгенде, Көлбеу пластикалық балетiнiң театры үш қиылыстың таңғажайып куатты және әдемi бағыттары: Педагогика, Спорт және Өнер. Олар өзiмен-өзi бiрегей!
Басқаша айтқанда, көлбеу пластикалық балеттiң жүйесi өте синтетикалық, демократтық және адам мүшесін жетiлдiреді, ақыл және ойын дамытады. Және ең таңғажайыбы барлық үш бағыты денсаулықты жоғалтуға емес нығайтуға бағытталған!
Күтілетін нәтиже
10 жылдығын ойлаған тал өсіреді, 100 жылдығын ойлаған бала өсіреді деп ертеде шығысғұламалары айтқандай,осындай жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің барысында жасөспірімдердің денсаулығы жан-жақты дамыған,салауатты өмірді насихаттаушы, Гимнды шырқатып, көк байрақты желбірететін, салауатты өмір салтына лайық,талабы мен жүрегінде оты бар балалар тәрбиеленіп шығады.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.