Материалдар / «Ойын-ой өсіреді» дамыту ойындар жинағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ойын-ой өсіреді» дамыту ойындар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, мейірімділікке тәрбиеленеді. Дамыту ойындарын ойнау арқылы,бала тұлға болып қалыптасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
783
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ЖББ №5 Орта мектебі «Еркетай» шағын

орталығы «Балдырған» орта тобы








«Ойын-ой өсіреді» дамыту ойындар жинағы


Shape1





Авторлық жоба

Тәрбиеші:Сабанбаева Н.К



Балқаш 2021ж





Кіріспе









«Ойын-ой өсіреді» бағдарламасы 3-4 жастағы балаларға арналған. Дамыту ойындарын ойнату арқылы,балалардың есте сақтау, ойлау,көру, зейінділік қасиеттері қалыптасады. Қол қимылдары, қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері дамиды. Балалар батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, мейірімділікке тәрбиеленеді.

Дамыту ойындарын ойнау арқылы,бала тұлға болып қалыптасады.



































Түсінік хат


«Ойын - өмір мектебі».

«Балаға керегі- ойын».

Ойында бала көрген – білгенін екшейді,

үйренгенін нығайтып бекітеді.


Нәзипа Құлжанова

Мектепке дейінгі тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Ал, баланың жан - жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, жауапкершілігі артады. Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі.

Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл – әрекеті - ойын. Қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойынның бірнеше түрлері бар. Олар: қимылды ойындар, дидактикалық ойындар, рөлдік – сюжеттік ойындар, ұлттық ойындар, топтық ойындар, логикалық ойындар, дамытушы ойындар т.б.


Қимылды ойындар балалардың жан-жақты өсіп жетілуінде үлкен рөл атқарады. Ойын баланың секіру, лақтыру, қағып алу іскерліктерін дамытады. Қимылдарды орындау, батылдық, шапшаңдыққа, ептілік, тапқырлық, сенімділік сезімін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орын алуға көмектеседі.

Дидактикалық ойындар балалардың ақыл – ойының, сезім қиялының қалыптасуына, қызметіне қарай заттардың топтасуына, заттарды өсу, кему ретімен орналастыруға, зейін қоя білуге, есте сақтау, байқағыштық қабілеттері дами түседі.

Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Бала саналы , мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан – жақты дамуы үшін және тілін, сөз байлығын дамыту , айналадағы өмір құбылысын меңгеру үшін дамытушы ойындар үлкен рөл атқарады.

Мақсаты:

  • Ойын бірлестіктерін құру, жалғыз және топтасып ойнау дағдыларын қалыптастыру.

  • Серіктестік қатынас жасаудың алғашқы іскерліктерін меңгерген, бір-бірімен, үлкендермен жағымды қатынас жасуға қабілетті, әлеуметтік белсенді бала тұлғасын қалыптастыра отырып дамыту.

  • Ойын барысында ұжымдылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.



Міндеттері:

  • Әр түрлі ойындарға қызығушылығын арттыру. Өз қалауы бойынша ойындар құру, ойын барысындағы сергектігі мен қызығушылығын жетілдіру.

  • Ойындарды жүргізу түрлерін үйрету; ойыншықтармен қысқа сюжеттер құру, ойынға қажетті заттарды таңдау, дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарының ережелерін сақтап ойнау.

  • Топтық ойындарға қатыстыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Ойыншықтар мен заттарды түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажырата алады.

  • Қозғалыс түрлерін дамытатын және ережесі күрделі ойындарды түсінеді.

  • Ойын ережесін сақтау, кеңістікті бағдарлау іскерліктері дамиды .

  • Бірігіп ойнауға, достық қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа үйренеді.

Оқытудың әдіс –тәсілдері:

  • Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап, оқытудың жаңа технологиялары және пән аралық кіріктіру.


































М а з м ұ н ы:



Кіріспе...............................................................................................................

Түсінік хат………………...……………………………………………...

Перспективтік жоспар .……………………………………………………

Ойын шарттары .………………………………………………

Суреттер ………………………………………………..………………..

Қолданылған  әдебиеттер ……………………………………....………..

Қосымша......................................................................................................





































ПЕРСПЕКТИВТІК ЖОСПАР


Тақырыбы

Мақсаты


Көрнекілік- құралдар


Саны

1

«Тақия тастамақ»

Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді

Музыка әуені, ұлттық тақия.





1

2

«Түстер әлемі»

Балалардың сенсорлық қабілеттерін дамыту,көлем,пішін,түстерді ажыратуға үйрету.

Интерактивтік тақта, геометриялық пішіндер.

1

3

«Хан талапай»

Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойынға қызығушылығын арттыру, қимыл – қозғалысын дамыту.



Бояулы асықтар,

Қапшықтар.

1

4

«Заттар әлеміне саяхат»

Топ бөлмесіндегі көптеген әр – түрлі заттарға балалардың назарын аудару.


Әртүрлі ойыншықтар,суреттер.

1

5

«Сөзді есіңе сақта»

Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.



Суреттер,

1

6

«Жануарлар қалай дыбыстайды»

Жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын айта білуге үйрету.

Жануарлар суреттері, жануарлардың дыбыстары жазылған үн таспа.

1

7

«Пішіндерді боя»

Түстерді тани білуге үйрету.

Ойын элементтерін пайдаланаотырып, математикаға қызығушылықтарын дамыту.

Түрлі түстер пішіндер,интерактивтік тақта.

1


8


«Күн мен жаңбыр»

Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету, қимыл – қозғалыс, жылдамдықтарын дамыту

Қолшатыр,көркем сөз,музыкалық әуен.

1

9

«Отбасы»

Отбасы мүшелерін білу , олардың отбасында атқаратын қызметін үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу, тату тәтті ойнауға үйрету.


Интерактивтік тақта,отбасы суреттері,көркем сөздер.

1

10

«Зейінді бол»

Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты,

төртбұрышты, шеңберді көрсете білуге дамыту.



Пішіндерге ұқсас суреттер,әр түрлі пішіндер.

1

11

«Аңдарды қоректендір»

1 саны және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту, қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.



Цифрлар, аңдардың суреттері.

1

12

«Өз үйіңді тап»

Түстерді ажыратуға жаттықтыру, қабылдауын дамыту, ойынның ережесін сақтауға үйрету.

Обручтар,фигуралар,

Сазды әуен.

1

13

«Аққу – қаздар»

Балаларды шапшаңдыққа, ойлай білуге, ойын шартын бұзбауға, татулыққа үйрету, ойлау, сйлеу қабілетін дамыту



Көркем сөз, аққу-қаз бетперделері.

1

14

«Суретші қай жерде қателесті?»

Балалардың ойлау қабілетін дамыту,суреттегі сәйкессіздікті таба алуға үйрету.


Бірдей суреттер, әр түрлі айырмашылығы бар.

1

15

«Бағдаршам»

Балаларды жол ережесімен таныстыру, түр – түсті ажырата білуге үйрету, ойлауын, есте сақтауын дамыту.


Бағдаршам, жол ережелері суреттері.

Интерактивтік тақта.

1

16

«Көбелектер гүлге қонды»

Фланелографтың төменгі бөлігіндегі гүлдерге көбелектің ұшып келіп қонғанын бейнелеу, гүлдердің және көбелектердің түстерін ажыратып, атап білуге үйрету, желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.



Гүлдер, көбелектер

1

17

«Ұялшақ балалармен ойналатын ойындар»

Балалардың өздеріне деген сенімділігін арттыру. Ойынға деген қызығушылықтарын дамыту.

Әдемі киінген балалар суреті.

Жан-жануарлар суреттері.

1

18

«Тұйық балалармен ойналатын ойындар»

Өз ойларын еркін жеткізе білуге уйрету.Ойынға қызығушылықтырын, сенімділіктерін тәрбиелеу.

Түрлі –түсті қолғаптар,

Көкөністер,доп.

1

















1. «Тақия тастамақ»

Мақсаты: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.

Ойын ережесі: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тастағанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге күш көрсетуге болмайды. Ал, егер бала орнынан тұрмай ұсталса немесе тақияның өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

Ойын барысы: Тәрбиеші ұлттықойын мазмұнымен таныстырады. Балалар дөңгеленіп шеңбер құрып отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс.

Ойым бар бір ойын бастамақ,

Аты оның - "Тақия тастамақ".

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.

Ақырын аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біріңнің тұсына жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын.

Қайтадан келгенше оралып,

Түк сезбей отырсаң омалып.

Арқаңды осқылап қуамын,

Маубасқа керегі сол анық, -

Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін ашады. Жан – жағына жылдам қарап, тақияның өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан жылдам тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, жұмбақ, өлең, би т.б. және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою – өрнек беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз атанады. Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуғ

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!