Материалдар / ӨЛКЕМІЗДІҢ АРХЕОЛОГЫ ҒАЯЗ КУШАЕВ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ӨЛКЕМІЗДІҢ АРХЕОЛОГЫ ҒАЯЗ КУШАЕВ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлке тарихын зерттеуші оқушыларға, студенттерге, өз бетімен ізденуші зерттеушілерге таптырмас дерек көзі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2019
423
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӨЛКЕМІЗДІҢ АРХЕОЛОГЫ ҒАЯЗ КУШАЕВ


Сидахметов Серік Елтайұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Досанов Танат Сагидоллаевич, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих мамандығының 1 курс студенті


«Елдің атын - ер шығарар,

Ердің даңқын - ел шығарар».


Қай халықтың да ардақты ұлдарының еңбегін елге таныту өз алдында бір үлкен, қиыншылығы мол жұмыс екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Сонда да халық өзінің қайсар ұлдарының есімін, ерен еңбегін жадында сақтап, мақтан тұтып, аңызға айналдырып келер ұрпаққа жеткізген.

Туған жердің тарихын зерттеуде үлес қосып жүген ғалымдардың еңбегі ең алдымен өскелең ұрпақ үшін маңызды. Себебі, ғалымдардың тынымсыз еңбектері болашақ ұрпақтың ел шежіресін, жер тарихын, мәдениетін білуіне айтарлықтай ықпал етері сөзсіз. Сондай елеулі еңбекті жүзеге асыра білген маңызды мол мұра қалдырушы - Ғаяз Абдувалиевич Кушаев.

Ғаяз Абдувалиевич Кушаев 1925 жылы 7 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданының Жаңа Қазан ауылында дүниеге келген. Профессор, тарих ғылымдарының докторы, тарихшы, археолог [1, 3 б].

Ғаяз Абдувалиевич жастық шағы соғыспен тұспа-тұс келді. Ол 1944 жылы қарашасының 1945 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта соғысқа қатысқан. 1-ші Украин майданына взвод командирі ретінде қатысқан. Екі рет ауыр жарақаттанған. Соғыстан І топ мүгедегі болып оралды, оқу мақсатында ІІ топқа көшуге қолы жетті. Соғыстан қайтып, өз туған үйіне қарсы тұрған орындыққа отырған кезде, ол әлі де соғыстың аяқталғанына сенбеді. Оның оралғанына сенбей, аулаға әкесі шықты, шаруасын тындырып анасы, апа-қарындастары жүрді.

1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдады.

1960 жылы Қаз ССР Ғалым Академиясы ұжымы құрамында "Қазақстанның археология картасын" шығарысады.

1963 жылы ол десертация қорғап, Қ.А.Ақышевпенен бірлесіп," Іле өзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті" атты монографиялық еңбегін жариялайды.

1965 жылы тарих ғылымдарының кандидаты атанып, Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих институтының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады.

1967-1992 жылдары Қазақ ССР Ғалым Академиясының ұсынысы бойынша және Орал пединституы шақыруымен тарих және педагогика факультетінің кафедрасында еңбек ете бастайды. Жыл сайын жаз мезгілінде ұйымдастырылған археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан болатын.

Оның ғылыми жұмыстары Қазақстанның оңтүстік және батыс бөлігінің ежелгі тарихын археологиялық тұрғыдан зерттеуге арналған.

Іле және Тува-моңғол атты ғылыми-археологиялық экспедицияға қатысқан, Батыс Қазақстан өңірінің ежелгі мәдениетін зерттеу жұмыстарына басшылық етті. Көне ескерткіштер жөнінде мол материал жинақтап, қорыту нәтижесінде тұңғыш рет Орал облысының археологиялық картасын жасады."Этюды древней истории степного Приуралья" монографиясы басылып шықты.

Мынадай мемлекеттік марапаттары бар: "Қызыл жұлдыз", "ҰОС Жеңіс медальмен 1941-1945жж", "ҰОС 25 жыл медальмен", Қазақ ССР ағарту ісінің Үздігі"," Қазақ ССР ағарту Министрлігінің Мақтау қағазы"

Ақжайық атрабындағы, Орал өңіріндегі мол археологиялық мұраларды зерттеудің басында Қазіргі М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ұзақ жыл еңбек еткен археолог Ғая Кушаев тұрды - деп жазады ғалым, тарих ғылымының докторы, прфессор Тұяқбай Зейтұлы Рысбеков.

1969 жылы Орал облысында біріккен экпедиция жұмыс жасады. Орал педагогикалық институтынан доцент Ғ.А.Кушаев және Археология институтының жетекшісі М.Г.Мошкова. 9 қорғанға қазба жұмыстары жүргізілді: төртеуі Шалқар ІІІ (Чапай ауданы, Сантас қорымы), бесеуі Лебедевка қорымында. І,ІІ (Ақтау, Есен - амантау, Шыңғырлау ауданының оңтүстігі). Сол жылдары өзенінің батыс, оңтүстік жағалауларында барлау жүргізілді. Барлығы жаңадан 68 археологиялық ескерткіш тіркелді.

1970-1971 жж. Сынтас қорымында зерттеу жұмыстары жалғастырылып, 12 Савромат-сармат мәдениетінің қорғандары және кейінгі көшпелілердің мәдениеті зерттелді.

1971 ж. Жәнібек, Жалпақтал, Тайпақ, Орда аудандарының аумағында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді (су құбырларын тартуға байланысты құрылыс жұмыстары). Жаңа құрылыс аймақтарында 500 ескерткіш, 48 жерлеу орыны, ІІІ топтық, 342 қорған, 11 мазар, 2 тас құралдары мен керамика табылған орындар анықталды. 1972-1973 жылдары Барбастау І,ІІ,ІІІ,ІV,V кешенінде 35 қорған, 56 жерлеу шұңқырлары ашылды.

1974-1975 жж. Алебастрово І, ІІ 11 қорған, Қара-су І 22 қорған, Мокринский І-8 қорғандар, Қысық - қамыс кешенінде Жаңқала ауданында 8 қорған қазылды. 1976 жылы Орал педагогикалық институты археологиялық базасында екі топ жасақталды.

1968-1975 жылдары 180-астам әртүрлі тарихи кезеңге жататын қорғандар ашылды. Маңызды жетістіктердің бірі жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар мен барлау негізінде Батыс Қазақстанның археологиялық картасын жасауға алғышарттар жасалды және Облыстық Өлкетану мұражайын 5000 жуық материалдық мәдениетпен (қыш құмыралар, темір қанжарлар, семсер, қола және темір жебе ұштары, найзаның темір ұштары, қола айналар, сәндік бұйымдар,т.б) толықтырылды. Яғни, олар қола дәуірінің ерте және кейінгі және Алтын Орда дәуіріндегі көшпелілердің тарихынан мәлімет беретін көз болып табылады.

1976 жылы Г.Кушаевтың басшылығымен Жайық өзенінің оң жағалауында қазба жұмыстарын жүргізді. Екінші топ М.С.Мошкова, Б.Ф.Железчиков, және В.Кригера Жайық өзенінің сол жақ жағалауында зерттеу жұмыстарын жүргізді. (1976-1980жж. Жайық өзенінің сол жақ жағалауында Алебастров ІІ, Белая Гора, Новопавловка ауыл маңында жалпы 19 қорған зерттелді. 1977ж. Вешневая Балка жұмыстар жүргізді. 1976-1978 ж.ж. 100 қорған зерттелді. 5 жылда 160 қорған аршылып, зерттелді.)

1976-1780 жж. Г.А. Кушаев бастаған топ Қос оба және Мамай І, Сакрыл І,ІІ,ІІІ, (Жалпақтал ауданы) қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізді.

Қос-оба жерлеу орынында 12 қорған аршылды. Қос-оба Жалпақтал ауданындағы Көктерек ауылы маңындағы оба. Ол 19 қорғннан және 1 құрбан шалатын орыннан тұрады. Қорғандар топырақ үйіндісі түрінде. Топырақ үйінділерінің диаметрі 6-50 м, биіктігі 0.2-2м. Құрбан шалатын орынның пішіні төртбұрышты (70х20 м), биіктігі 0.5 м-ге дейін.Оба археологиялық барлау кезінде Ғ.А.Кушаевтың басшылығымен 1971 жылы табылды. Оған 1977-1979 жылы Орал педагокикалық институттың археологиялық тобы (Кушаев, Б.Железчиков, В.Кригер) қазу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде біздің заманымыздан мұнда керамикалық ыдыстар, моншақтар, шағын қола білезіктер, сондай-ақ қыпшақ дәуіріне жататын бас киім жұрнақтары, тозған қорамсақ, қола айналар, темір жебе ұштықтары, т.б. табылды. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырғаларға жерленген [2]. Қособа ертедегі қола дәуіріне жатқызылды. Қола дәуірі мен Алтын Орда кезеңінде өмір сүрген тайпалар тарихы туралы мәлімет береді.

Мамай І жерлеу орынында 11 қорған қазылды. Археологиялық зерттеулер Сармат мәдениеті жайлы, яғни тайпалардың жерлеу ғұрпы, заттық мәдениеті, өнері жайлы құнды деректер береді.

Ғылыми қорытындылар бойынша, сармат мәдениетінің өмір сүрген уақыты б.з.б. 7-6 ғасырлар мен б.з. 4ғ. арасын алып жатқан өте үлкен мерзімді қамтиды. Жайық далаларында ерте Сармат мәдениеті (б.з.б 7-6 ғ-лар мен 1ғ. аралығы) қалыптасқан [3].

Сакрыл І,ІІ,ІІІ жерлеу орынында 24 қорған аршылды. Үш кешендегі жерлеу б.з.д. Vғ.-б.з. ХІІ ғ. аяқталды. 1980 жылы тағыда 50 қорған қазылды.

1981-1986 жылдары Ақжайық, Теректі, Чапай, Тасқала аудандарынан 70 қорған зерттеліп, жалпы 300 қорғанға қазба жұмыстарын жүргізді [2].

1979-1980 жылдары Лебедевка кешенінде 60 қорған аршылып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

1968-1988 жылдары Орал педагокикалық институты ұйымдастыруымен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар тарих ғылымын жаңа материалдармен толықтырды. Бұл деректер өлкеміздің тарихына қатысты ақ беттердің орын толтыруда маңызды орын алды. Ғаяз атамыздың басқаруымен көптеген студенттер археологиялық экспедицияға қатысып, Кушаев мектебінен өтті. Археологиялық қазба жұмыстар нәтижесінде Батыс Қазақстан облыстық өлкетану музейі өткен дәуірлердегі материалдық мәдениеттің аса құнды үлгілерімен: қышқұмыра, темір қанжар, семсер, темір және қола жебе, зергерлік әшекейлік бұйымдар және т.б. жәдігерлік бұйымдармен толықты. Соңғы 25 жыл көлемінде Ғ.А.Кушаевтың далалық зерттеулері нәтижесінде анықталған ескерткіштер Далалық жайық бойы аумағы б.з.б. ғасырдың басына дейін қола мәдени - тарихи қауымдастығына кіргенін көрсетті. "Кресты" қонысы мен қорымында жүргізілген көпжылдық қазба жұмыстары барысында едәуір қызық материалдар табылды. Қазіргі кездегі бұл аймақтағы қара шұңқырлы археологиялық мәдениеттің (б.з.б. 3 ғасыр - 2 ғасыр басындағы) Далалық полтавкиндік археологиялық мәдениеті өрісіне кіреді деген болжамға дәлел де (кейбір табындылар негізінде) бола алатын бірден бір ескерткіш. Дәлме - дәл осы жерінде қима мәдениеті жергілікті варианты - ескі қорға шұңқырсыз топырақты қосымша үю арқылы жерлеу қалыптасады. Ал қалғандары керамика формасы, ою- нақышы, жер ғұрпы-Дон бойы мен Еділ Жағалауында қималық жерлеуді толық қайталады.

Қорыта айтқанда өлкеміздің археологиялық мәдениетін зерттеуде мол мұра қалдырған Ғаяз атамызға, өсіп келе жатқан ұрпақ дән ризамыз, әрі қрыздармыз. "Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйенерге жарар ол" - деп Абай атамыз айтқанда Ғаяз Кушаев нағыз сүйенерге жараған елдің адал ұлы. Өмірден өзі өткенімен, ғалымның артында өшпес өнегесімен жасаған жақсылықтаы мәңгілікке қалды.

Халық үшін аянбай еңбек етіп, өшпес із қалдырған Ғаяз Кушаевты ардақтап, ұлылардың ұлы істерін ұлытау келешек ұрпақ парызы.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002.- 580 б.

2. Кушаев Г.А., Этюды древней истории степного Приуралья. Уральск: Диалог, 1993.-174 с.

3. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998 жыл, 10 томдық.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!