Материалдар / Өндірістерде өрт қызметін ұйымдастыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өндірістерде өрт қызметін ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек қорғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2021
126
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өндірістерде өрт қызметін ұйымдастыру





Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда
болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің
қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды
қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт
қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау
немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады.
Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен
белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Өрттің алдын алу шаралары
құрылыстық-жобалау;
техникалық;,
ұйымдастырушылық;







Құрылыстық-жобалау
шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа
төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын
жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл
оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға
дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа
төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік
деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге
дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шаралары:
өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан
кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер
парамертлерін сақтау;
әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу
өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты – зауыттың өндірістік
нысандарында қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апатты жағдайлардың
алдын алуды көздейді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік- өндірістік бақылауды
қамтамасыз
ету
жолымен
атқарылады.
Өндірістік қауіпсіздікті бақылау – өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару
жүйесінің бір бөлігі.
Ол зауыттың қауіпті өндірістік
нысандарының қызметін қауіпсіздендіру, олардағы апаттық жағдайлардың
алдын алу, апатты жағдайлар бола қалған жағдайда, келген зардабын
жоюдың
кешенді шараларынөткізу арқылы жүзеге асырылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтауды бақылау шараларының міндеті зауыттағы
қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң















сақталуын қадағалау, сонымен қатар өндірістік жұмыстың ахуалына ықпал
ететін, қауіпсіздік талаптарының бұзылу себептерін анықтау болып
табылады.
Өндірістік бақылауды жүзеге асыруда мынадай міндеттер шешіледі:
Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілеріндегі және басқа
да заңдармен бекітілген өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының тұрақты
орындалуын қамтамасыз ету;
өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуына әкелетін себептерді анықтау:
зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік
жағдайына сараптау жүргізу;
өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуы мен үшінші тұлғалардың
жасаған залалын жою, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу шараларын
жасау;
зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы технологиялық тоқтап қалуды,
апаттық жағдайдың алдын алу, хабарлау, жұмысын үйлестіру сонымен қатар
болған апатты жағдайлардың залалын жоюға бағытталған жұмыстарын
үйлестіру;
қауіпті өндірістік нысандардағы қолданылатын энергетикалық және
техникалық құрылғылардың сынағын өткізу, бақылау және өлшем
құрылғыларының жөнделуі мен уақытында тексерілуін қамтамасыз ету;
технологиялық тәртіпті сақтауды үнемі бақылауда ұстау;
өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тұрақты бақылау орнату және өндірістік
қауіпті факторларды анықтау;
зауыт еңбеккерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі бойынша дайындығын
ұйымдастыру, тексеру, аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Өрт дегеніміз не?
2. Өрт қызметін ұйымдастыру
3. Өрттің пайда болу себептері
4. Өрттің зардаптары
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!