Материалдар / Өнер өмірдің мәні гум. колледж студенттеріне арналған
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өнер өмірдің мәні гум. колледж студенттеріне арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж мұғалімдеріне әдістемелік көмек үшін колледж студенттеріне арналған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2018
1189
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Колледж: Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі. Мерзiм: 4.01.2018ж № 19 тақырыпТақырып: Өнер өмірдің мәні мен сәніҚұндылық: Дұрыс әрекетҚасиеттер: өнерлілік, қабілеттілік, жауапкершілікМұғалiм: Изимова Гүлмаржан Тобы: 2(11)вш Оқушылар саны: 20

Мақсаты:Студенттерге өнер туындылары арқылы тұлғаның адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, шығармашылықты бағалай білуін дамыту, адам мәдениетінің шыңы ретіндегі классикалық өнерді бағалай білуге баулу арқылы, «Дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.Міндеттері: Білімділік: адам өмірі жарасымының бір құрамдасы ретіндегі өнердің мәнін ашу;Дамытушылық: өзінің эстетикалық әсерлерін бейнелеп жеткізу қабілетін дамыту;Тәрбиелік: білім алушыларды өнер арқылы тұлғалық жеке қасиеттерін және өмірлік тәжірибесін талдау дағдыларын қалыптастыру.Ресурстар:Кітап, дәптер, үнтаспа,
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін еске түсіруТыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 223-беттегі «Табиғат поэзиясы» мәтінін оқып келу.Жаттығу. «Жандандырылған суреттер»

3.Дәйексөз.Өнер – адамның рухани азығы, ол – халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы. Б. Момышұлы Дәйексөзді дауыстап қыздарға, ұлдарға содан соң хормен оқыту, дәптерлеріне жаздыру, дәйексөздің мәнін ашу.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?1.Өнердің адам өміріне ықпалы қандай?2.Өнер- адамның рухани азығы дегенді қалай түсінесіздер?3. «Өнерлі адамның өмірі бақытқа, шаттыққа толы дегенге қалай қарайсыздар?



4.Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат). Өнер өрге сүйрейді  (аңыз)Ерте бір заманда шалдың Артықәлі деген жалғыз ұлы болыпты. Көшпелі тіршілікте кедейшілік өмір кешсе де, ақылды шал баласын талапты етіп тәрбиелепті. Олар күнкөріс үшін құмда өскен сексеуілдерді отындыққа шауып, базарға әкеп сатады екен. Жасы он екіге толған Артықәлі бір күні әкесіне оқу оқығысы келетінін айтады. Шал біраз ойланып, ақырында, баласын қалаға оқуға жіберуе бекінеді. Сексеуіл сатудан түскен қаржыны ұлының қалтасына салып: -Балап, талабың оң болсын! «Ізденген жетер мұратқа» деген, алдыңнан жарылқасын! Аман –сау бол құлыным!- деп маңайынан сүйіп шығарып салады. Артықәлі қалаға келіп оқу іздейді. Білім беретін мектепке түсуге дайындығы жетпей, бір күйшіге шәкірт болып жалданады. Табиғаттың берген зейінінің арқасында көп ұзамай-ақ күйдің қыр –сырын жете меңгеріп алады. Әсіресе, қобыз бен домбырада шебер ойнауға қол жеткізеді. Осылайша кәнігі күйшінің қолында бір жыл тұрады. Бір күні ұстазы күй саласындағы өзінің бар білетінін үйретіп болғанын айтады. Бір жыл бойы қажымай-талмай өнерге баулыған ұлағатты ұстазына Артықәлі шын ниетімен алғысын білдіріп, аулына қайтады. Үйіне келегенде әкесі баласының күйшілік мамандық алғанына шын көңілімен қуанса да, бірақ ондай білімнің бұл ауылда ешкімнің қажетіне жарамайтындығын түсіндіреді. Ол қалыпты тұрмысын одан әрі жалғастырып, сол баяғы сексеуілін шауып, оны базарға апарып сатып, тіршілік қарекетімен жүре береді. Осылайша, арада жыл да жылжып өте шығады. Артықәлі тағы да оқуға барғысы келетінін сездіреді. Әкесі баласының бетін қайтармай, тапқан –таянғанын қалтасына салып, қалаға атандырады. Артықәлі қалаға келіп оқу іздейді. Бір жерден шатыраш ойнап топырлаған адамды көреді. Ол осы ойынға құмартып, оны үйретушіге тиісті қаржысын төлеп, шәкіртікке жалданады. Шатыраш ойынының қыры мен сырын меңгеру үшін бар ынта жігерін салады. Арада бір жыл өте шығады. Өзін осы өнерге үйреткен ұстазына рақметін айтып, Артықәлі тағы да ауылына оралады. Әкесі дағдылы қалыппен қандай оқу тамамдағанын, нендей білім алғанын сұрайды. Артықәлі өзінің шатыра шойынын үйренгенін айтады. Әкесі басын шайқап, сәл ренжігендей болады. -Балам, бұл өнерің де кәдеге жарамайды екен, қазір ешкімге қажеті жоқ. Енді қасымда болып күнкөріс тіршілікке көмектес, менің де жасым келіп қалды. -дейді сақалын тарамдай отырып. Артықәлі үн-түнсіз келісім беріп, бұрынғысына азын аулақ тұяқтарын бағып, сексеуіл шабу жұмысын қатар атқарып жүріп жатады. Сонымен, тағы да бір жыл артта қалады. Көктем келіп, жер аяғы кеңіген соң, Артықәлінің оқығысы келіп көңілі алып ұшады. Қалайда әкесінің көңілінен шығу –оның басты мақсаты еді. Бір күні әкесінен оқуға баруға, сөйтіп өз бағын соңғы рет сынап көруге рұқсат сұрайды. Әкесі әуелі келісіім бермегенімен, артынан талабын қайтармай, бар қаржысын баласының қалтасына салып, оны қалаға аттандырып салады. Артықәлі ұзақ жол жүріп. Ақыры бір қалаға келіп жетеді. Бір қожайынның жеке мектебіне бар қаржысын төлеп, үлкен қиындықпен білім беретін оқуға кіреді. Оқу жоспарында белгіленген білімді зеректікпен және асқан табандылықпен жете меңгеріп, оны үздік бітіреді. Ғылымның бірнеше саласынан тәлім берген ұстазы қабілетті шәкіртіне жыл бойы өзінің бар білгенін үйретіп болғанын және бұл орайда оған риза екенін айтады. Артықәлі мұнан әрі бұл жерде тоқтаудың жөні жоқтығын сезіп, ауылына оралады. Үйіне келегн соң сүйікті әкесіне оқып білім алғанын, жаза білетінін және ғылымның бірнеше саласынан хабардар екендігін қуана жеткізеді. Әкесі де бұған шексіз қуанып, баласының арқасынан қағады да: -Адам болды деген осы, енді өзің де ұстаздық етіп, ауыл балаларына ғылым-білім сырларын үйретерсің, дейді. Артықәлі осы күзде ауыл балаларын жинап оқытпақ болады. Осындай игі оймен жүрген Артықәлінің ісін аяғына дейін жеткізуге орта жолда тап болған мына оқиға кедергі келтіреді. Сол бір жазда оның ауылына Үндістанға бара жатқан керуеншілер келіп, өздеріне жалдануға адам керек екендігін, оған көп қаражат төлейтіндіктерін айтып жер салады. Бұл кезде шал байғұстың да тұрмысы нашарлаған еді. Тұрмысы түзету үшін қаражат –та керекті. Артықәлі керуеншілерге жалданып, қаржы тауып, күзге дейін тұрмысты оңғартып алатындығы жайында әкесіне өз ойын сездіреді. Әкесі оның бұл ойын жөн көріп, керуенбасыдан келісілген қаржыны алады да, баласын соларға қосып жолсапарға аттандырады. Керуен тоқтамай жүріп отырып, Қызылдың құмын кесіп өтетін жолға түседі. Осылайша, бірнеше күн өтіп те кетеді. Бір күні қатты дауыл тұрып, ілгері аяқ бастырмай қояды. Керуен тоқтап, түйелерді шөгеріп, адамдар оның ығын паналайды. Өршелене түскен дауыл жуық арада басылмай, түйелерді құммен көміп кетуге айналады. Сондықтан керуеншілер оларды әлсін-әлсін орнынан тұрғызып, қайта-қайта шөгерумен біраз уақыт өткізеді. Меске құйып алп шыққан ауыз сулары да таусылуға таяды. Үш күн бойы соққан дауыл саябырлаған мезгілде барып керуеншілер жиналып ауыз су табу жайын ақылдасады. Ақыры, ойласа келе, су іздеуге төрт адам төрт бағытқа аттануы тиіс деп шешеді. Су іздеушілердің бірі сол баяғы Артықәлі еді. Ертеңгісін ерте шыққан ол түс әуетінде бір сайда өсіп тұрған шиге кезігеді. «Шилі жердің суы жайдақ болады» деп әкем айтушы еді деп ойлаған ол түйесін шөгеріп, әлгі жерге үңіледі. Топырағын уыстап көріп еді, ылғалды екенін бірден байқады. Ол шидің бірін қолымен қағып қалғанда, қолына бір нәрсе іліккендей болды. Үміттеніп одан әрі қолымен қазып қараса, кеуіп қалған тулақ екен. Тулақты көтеріп қалып еді, оның астынан құдықтың аузы көрінді. Ішіне үңілсе суы бар екен. Артықәлі әлгі жерге бір сырықты белгі етіп қалдырып, келген ізімен желіп отырып, керуеншілер қосына жетеді. Келсе, басқа су іздеушілер де оралыпты. Бірақ олар су таба алмай, не істерлерін білмей аңтарылып отыр екен. Артықәлі керуенбасына су тапқанын, оны белгілеп кеткенін баяндайды. Қуанып кеткен керуеншілер Артықәлінің соңынан көш-көлігімен еріп жөнеп береді. Олар келе құдыққа қауға салады. Бірақ қауға әлденеге ілініп қалып, су шығару қиынға соғады. Терең құдыққа түсетін адамның ыңғайы болмаған соң Артықәлі түсуге бел байлайды. Артықәлі құдық түбіне түсіп, қауғаны әлгі ілінгеннен босатады. Қауғамен су алып, жан да, мал да қарық болып шөлдерін қандырады. Су құятын барлық ыдыстарын да толтырып алады. Бір кезде Артықәлі аяғына бірдеңе батқандай болған соң қараса, жұдырықтай-жұдырықтай алтын тастар жатыр екен. Сосын жоғарыдан қауғаны түсіруін сұрайды. Артықәлі қауғаға алтын кесектерді толтырып шығара береді., шығара береді. Керуенбасы мұны көріп, қауғаны үсті-үстіне төмен түсіріп алтынды үйіп алады. Артықәлі әлден уақытта шығатындығын білдіріп айқайлайды. Бұл кезде алтын талапайының басы-қасында жүрген керуенбасы баланы құдықтың түбіне тастап кетуді ойлайды. Себебі ол бала құдықтан шыққан соң, бар алтын өзімдікі деуі мүмкін деп қорықады. Артықәлі не де болса қайрат қылайын деп жанындағы пышағымен баспалдақ жасауға құдықтың қабырғасын шұқылай бастайды. Бір кезде пышақ ұшы ағашқа тірелгендей болады. Қалаған кірпіш тастарды құлата келгенде адам сиятындай есік көрінеді. Есікті ашып ішіне кірсе, бір қария мамық төсекте шалқысынан жатыр екен. Артықәлі кішілікпен сәлем беріп еді, ол орнынан қозғалмай жатқан күйінде қолын сілтеді. Меңзеген жаққа көз салса, әр түрлі саз аспаптары ілулі тұр екен. Артықәлі қолына қобызды алып, көңілді де шаттықты, қайғылы да мұңды күйлерді нақышына келтіріп тарта жөнелді. Ақсақалды қария бір кезде барып басын көтеріп: -Рахмет, балам, көңілдің шерін қозғап, бойға қуат бергендей болдың. Не тілегің бар, орындаймын айт?Бұл жерге қайдан келгеніңді баянда- дейді. Артықәлі осы жайға қалай тап болғанын бастан аяқ баяндап өтті де, өзін қолынан келсе керуенге жеткізуін өтінді. Әлгі жатқн кісі орнынан тұрды да: -Мен жерасты патшалығының адал адамдарының қызметшісімін. Арамдықты, өтірік пен қараниеттілікті айыптау жолында жүргендердің елгезек те сенімді сенімді серігімін. Кәне, арқама мін, көзіңді жұм, мен аш дегенде барып ашасың және мен туралы ешкімге айтушы болмайсың дейді. -Құп болады,- деп артықәлі қуанып кетеді. Ауаны тілгілеп зуылдаған дыбыстан басқа ештеңені сезбей келе жатқан сертке берік Артықәлі «көзіңді аш» деген дауыстан көзін ашып қараса, жол жүріп бара жатқан керуеннің оң жақ бүйірінде тұр екен. Бейтаныс адам әп-сәтте көзден ғайып болды. Ол керуенге аяңдап келеді. Керуеншілер таң-тамаша болып, одан құдықтан қалай шығып, мұнда қалай жеткенін сұрайды. Бірақ уәдеге берік Артықәлі оларға құдықтан баспалдақ жасап шыққанын, сөйтіп, осы бағытпен тіке салғанын, жаяулап қатты шаршағанын айтады. Олар таңдана-таңдана Артықәліні түйеге мінгізеді. Кеш болып, жолай бір жерге аялдап қонуға тура келеді. Керуенбасы екі көмекшісін шақырып, баланың көзін жою жайында кеңеседі. Ақыры, олар ханға хат жазып, онда осы баланың қырсығынан қарақшыларға дүниелерді алдырғанын және осы баланың қарақшылармен сыбайлас екендігін, ханның өзіне тіл тигізіп, күштілік көрсеткенін айтып, барған бойда баланың басын алуын өтінейік деген пікірге тоқталады. Ертесіне ертемен керуенбасы Артықәліні шақырып алып: -Сен ханға барып, біздің аман-сау келе жатқанымыз жайында хабар бересің және мына хатты өз қолыңмен тапсырасың,-деп қолына хат ұстатады. –Сонда саған хан мен оның уәзірі көптеген сыйлықтар беретін болады. Сондықтан қазір тоқтасамастан жеделдете жүріп отырып тура ханға тарт, ал көліктен таңдағаныңды мін, -деп бұйырады. Керуенде түсі игі бір кісі бар еді. Ол түнде Артықәлінің жанына келіп: -Балам бұлар сені жоқ қылудың амалын ойлап, бір жаққа жұмсауы мүмкін. Жұмсай қалса, көлікке деп ана тұрған құла атты сұра, басқасы жүріске жарайды,- деп ақыл береді. Артықәлі келісіп, көлікті өзі таңдайтындығын білдіреді. Ол кешегі кісі көрсеткен құла атты қалайтындығын айтады. Аналар амалсыздан көнеді. Құла атпен Артықәлі діттеген бағытты ұстанып жүріп кетеді. Араға қонуа тура келеді. Ен далада жалғыздықтан зерігіп отырған соң, баланың есіне баяғы ханға арналған хат түседі. Ақыры қалтасындағы хатты ашып оқыса, мазмұны өзін өлтіру жайында екен. Ол өзі аялдаған көлдің жағасын кезіп жүріп, құстың қауырсынын тауып, одан қалам жасайды да, саусағын тіліп жіберіп, хаттың екінші бетіне жаза бастайды. Онда осы барған баланың шөл кезінде керуенді түгел аман алып қалғанын, керуенде оның көп алтыны бар екенін, сондықтан жақсылап сыйлау қажет екенін өтінетіндігін білдіріп хат жазады да керуенбасы болып қояды. Ертесіне жүріп отырып, кештете қалаға жетеді. Іздеп жүріп, басуәзірдің үйін табады. Бірақ бас уәзір хан сарайына кетіпті, себебі күнде хан сарайында шатыраш ойыны болады екен: Мұнда алдында хан елге: -Кімде-кім мені ойыннан екі рет ұтса, оған өзімнің тағы мен қызымды беремін, ал ұтылса, сол жерде дарға асамын,-деп жарлық берген екен. Оол кезінде шахмат өнерін соғыс өнеріне бағалаған. Ханның мұнысы өзі қартайған соң, мұрагері болмағандықтан елді сыртқы жаудан қорғай алатындай ақылды да ойшыл жас ел бақарса жаман болмас деген ойы еді. Бірақ осы кезге дейін ханды екі рет ұтқан адам болмапты. Хан тағы мен қызынан үміттенген талай шатыраш ойынының шеберлері дарға тартылыпты. Артықәлі не де болса бағымды сынап көрейін деген оймен батыл басып хан сарайына келеді. Хан сарайында жақсы мен жайсаңдардан басқа жер-жерден келген үміткерлер де көп екен. Солардың арасымен жүріп отырып, хан отырған тақтаға жақындайды. Хан жап-жас баланың топты жарып келген батылдығына риза болы: -Иә балам, не шаруаң бар, айт! Деп бұйырады. Артықәлі өзінің шатыраш ойнайтындығын білдіреді. Хан баланың бұл ойына басын шайқап: -Балам, жас екенсің, қыршыныңнан қиыларсың, сенен бұрын да талай үміткерлер келіп, өздерінің тиісті сыбағасын алған. Тілімді алсаң, райыңнан қайт,-деп аяғандай сыңай танытады. Бірақ Артықәлі алған бағытынан қайтпай қасарысып: -Солардан менің жаным артық па, ұтылсам алар сабағым ризамын дейді. Хан амалсыз келісіп, ойынға отырды. Бірінші ойында хан жеңіске жетті. Өлім мен өмірдің таразысы беттескендей болды. Екінші ойында Артықәлі жеңіске жетіп таразы басы теңесті. Алдын ала келісілген шарт бойынша үшінші ойын басталды. Бұл ойында да бұрын болып көрмеген өрнекті ойлар, айшықты жүрістер, түрлі әдістер бір-бірімен ұштасып, шиеленіскен қызықты да тартысты тағылымды ойын Артықәлінің пайдасына шешілді. Хан шатыраштан жеңілгенін мойындап, өз жарлығын бұза алмай, өнерлі балаға астындағы тағын ұсынады. Сән салтанатпен таққа отырған Артықәлі керуеншілерге тойға жететін болсын деген бұйрықпен шабармен жібереді, бірақ одан басқа ештеңе айтпа деп әмір етеді. Желдей ескен жүйрікке мінген шабармандар керуенге келіп хабар береді. Бұл хабарға қуанған керуенбасы желдіртіп, жеделдетіп, алқына хан сарайына де жетеді. Олар хан сарайын кіріп, кешегі өздері жіберген баланың салтанатты тақта отырғанын көріп, көздері шарасына шыға қорқып кетеді. Артықәлі жиналғандарға өз басынан өткен жайды, алдында отырған керуенбасы мен оның жандайшаптарының қылықтарын түгелімен айтып береді. Халық арам ниетті керуенбасы мен оның көмекшілерін дарға асуды бір ауыздан талап етеді. Артықәлі хан қызына үйленіп, елде қалған қайырымды да ақылды қарт әкесін алдырып, өз өнерімен өмір өріне еркін шығып, мақсат-мұратына жеткен. Сұрақтар:-Артықәлі нені үйренеді? -Артықәлі екінші рет қалаға барғанда нені үйреніп келеді? -Артықәлінің бойынан қандай қасиет байқадыңдар? -Ал сендер оның орнында болсандар не істер едіңдер? 

5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 7-минутОқушылар топқа бөлініп, өнер сайысына шығады. Өнер көрсетіп жарысады. (ән, сурет, көркем сөз, би т.б.). Топтың атын, көшбасшысын, ұстанымын белгілейдіТөменде үш бөлімге бөлініп берілген шығарма үзінділеріне мән беріп оқып, түйін жазыңыздар.1-топ.Өнер туындысының пайда болуы.2-топ.Өнердің күші.3-топ.Өнер адамдарының жағымды қасиеттері.

6.Топпен ән айту.Күнге табыну Әні: С.Бәйтереков Сөзі: Б.ТәжібаевШыққаныңда шұғылаңнан жадырап,Тәжім етер, саған шексіз атырап.Ару күлім қаққандай, сәуле құшқан шақтарда,Жас жүрегім қалар ма күй ақтармай.

Төңірекке шырай, көрік таратып,Дүниені бір өзіңе қаратып.Шалқып, тасып келе берші,Нұр сәулеңді төге берші,Маған бақыт бере берші, ару Күн.

Жағасына мөлдір көлдің барғанда,Сәулетіңе назар ауып қалғандай.Осынау бір шақтарда, арман күлім қандай,Алтын айна көл түбінде жатқандай.

Құдірет күш бір өзіңнен табылған,Саған мәңгі жер-ана да табынған.Өзің келген шақтарда,Ешкім қалмас шаттанбай,Теңдесі жоқ, ерке сұлу, ақ маңдай.



7.Үй тапсырмасы. З.Серікқалиұлы, Ұ.Әбдіғапбарова. 246-бет. Мәтінді оқып келуӘлемнің жеті кереметі оқып келу, фото буклет жасау және өз еліміз Қазақстан территориясындағы керемет өнер туындысы деп атарлық тарихи ғимараттар туралы мәлімет жинақтау және буклет жасап келу.

8.Соңғы тыныштық сәтi. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!