Материалдар / "Өнер құдіреті - мәңгілік!" атты өнер фестивалінің сценариі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Өнер құдіреті - мәңгілік!" атты өнер фестивалінің сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп, балабақша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2019
3403
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өнер құдіреті – мәңгілік!» атты өнер фестивалінің бағдарламасы.


Өтілетін орны: № 84 жалпы орта мектебі.

Өтілетін күні:

Уақыты: 15-00сағ.


«Домбыра» биі. «Балдәурен» би ансамблі.

Фанфар беріледі.


1-жүргізуші:

Сәлем бердім, халайық, қалын елім!

Өнер сүйер қауымға сәлем бердім!

Көтер көңіл, жалықпа осы кеште,

Өнерге толы керуенді ала келдім!

2-жүргізуші:

Армысыздар , бұл кештің қонақтары!

Халқымыздың қашанда қонақ бағы.

Сәлем бердік тағы да алдарында

Мектебімнің өнерпаз саңлақтары.

1-жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар! №84 жалпы орта мектебінде өтетін «Өнер құдіреті – мәңгілік» атты өнер фестиваліне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: -Бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтары,өнерпаздарымызға әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

______________________________________

______________________________________

______________________________________


1-жүргізуші:

Шақырады ойнасаң гүл-даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Болашаққа көк туымен желбіреген

Отанымның өнерлі жастары- біз боламыз!

2-жүргізуші:

Жүр барайық, ашайық ән арнасын,

Жырау толған домбырасын қолға алсын.

Дастарқандар көзді тартып жайнасын,

Қыпша белді қыздар билеп талмасын!




2-жүргізуші:

Мереке деп баршаға жар салайық ,

Думандатып,би билеп ән салайық.

Бүгінгі қуанышқа шырай берген

Өнерлі бишілерді қарсы алайық!


1-жүргізуші:

Бишілер емес, құстар сияқты

Елестейді бір көрген түс сияқты.

Әжемнің ұршығындай үйірілгенде

Жер шарын айналдырған күш сияқты.


(«Құстар» биі. «Балдәурен» би тобы.)

2-жүргізуші:

Өлең жазу-балалықтың әсері

Сол жерден әдемі өнер өседі,- деп жас ақын Бөгенбай Қайыржанды ортаға шақырайық.

(Қайыржан шығарған «Өнер құдіреті мәңгілік» атты өлеңін оқиды)


1-жүргізуші:

Біздің ән көк майсалы белдің әні,

Кең дархан,қасиетті жердің әні.

Ата заң,елтаңбасы,көк туы бар,

Біздің ән егеменді елдің әні.


(Сопаева Саяжанның орындауында «Астана кеші» әні)



1-жүргізуші:

Халқымыз әлі-ақ талай танылады,

Өнердің биік болсын шаңырағы.

Әрқашан ұлтымыздың сөзін айту

Ақынның бола берсін жан ұраны!-дей отырып, ортаға жас ақын Әлімбекова Маржанды шақырайық.


2-жүргізуші:


«Ұйғыр» биі тегеурінді тамаша

Біздің қыздар билейді оны жаңаша.

Байқаудың қызығын бір сәт арттырар

Биші қыздар сахнада жараса.

(«Балдәурен» би тобының орындауында «Ұйғыр» биі)



2-жүргізуші:

Асыл тастан, өнер –жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды, -

Мұқағали Мақатаев «Поэзия».



1-жүргізуші:

Достарым бар қуанып,

Тамашалар кештерде.

Тал шыбықтай бұралып

Биші болам өскенде

«Қозқұйрықтар» биі.


2-жүргізуші:

Өзгеше болмаса да мол мұрасы,

Қазақтың ғажап осы домбырасы!
Айналған ұрпақтардың мақтауына

Ежелден қадір тұтқан кәрі-жасы.

Қуаттың орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйі.


1-жүргізуші:

Күлкі - жанның дәруі,

Жауратпайды жалыны.

Юмор менен Сатира,

Ол жанрдың биігі.

«Алдар-Көсе» сахналық қойылым.


2-жүргізуші:

Елімнің ақ мейірін айдын көрем.

Мен үшін жарқырай тұр, айқын әсем.

Ән-әуен тербетеді жүрегімді,

Өмір бойы жырымды айтып өтем.

Қарабай Айнұрдың орындауында «Қазақстан» әні.


1-жүргізуші:

Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз.

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Бабалардың ата жолы мұра боп

Ақ қараны тіліп тұрсын сөзіміз.

Хореографиялық қойылым «Ғасырдан ғасырға»( Би, спорттық блок).


Қойылымның соңында ортаға барлық қатысқан өнерпаздар шығады.



2-жүргізуші:

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Байлықтың да жеткен емес Отанға еш балауы.

Осылардай ар-намысты ұландарымыз тұрғанда

Ешқашан да еңкеймейді Қазақстан жалауы!


1-жүргізуші:

Осымен «Өнер құдіреті мәңгілік» атты фестивалі өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.


2-жүргізуші: Қорытынды сөз мектебіміздің директоры Әзімбаев Сахыбек Әзімбай-ұлына беріледі.


1-жүргізуші: Сіздермен қоштаса отырып, өнерлі жас таланттарымызға өнердің биік шыңына қанат қағып, самғай беріңіздер деп тілейміз!Қош сау болыңыздар!




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!