Материалдар / Оң сандар. Теріс сандар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оң сандар. Теріс сандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған әдістемелік нұсқау. сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. Сабақта қолданылған әдіс тәсілдермен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2022
330
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Мектеп директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары

А.Исабекова_______________


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: А.Назарбеков атындағы №87 ЖОББМ

Күні: 03.10.22ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сұлтанқызы Г.

Сынып: 6 «Б,Ж»

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Оң сандар. Теріс сандар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.1.4 координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;

6.1.1.7 қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуді белгілеу;

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар координаталық түзудің анықтамасын біледі, координаталық түзуді салады, қарама-қарсы сандар ұғымын меңгереді, оларды координаталық түзуді белгілей алады. Берілген тапсырмаларды орындайды. Бағытталған сұрақтар қою арқылы өмір бойы білім алуға үйренеді, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті, ойын ашық жеткізе мүмкіндік беріледі, бір-бірімен ой бөлісуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, ынтымақтастыққа, өзара қарым-қатынасқа тәрбиелейді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Ынтымақтастық атмосферасын бір – бірімен жылы сәлемдесу

арқылы қалыптастыру.


Сабақтағы ұстаным: «Адамның  алдында  ақылға  апаратын 

үш  жол  бар: ойлау  жолы,  бұл  ең  жақсысы;  ұқсау  жолы, 

бұл – ең  жеңілі;  жеке  тәжірибе  жолы,  бұл – өте  жауаптысы» (Конфуций).

 Олай  болса  сабақ  барысында  әр  оқушы  жақсы  жолмен

 жұмыс  жасайды.

Үйге тапсырмасын тексеру: №188, №199

«Көршіңді тексер» әдісі бойынша екеу ара жұпталып көршісінің дәптерлерін алмасу арқылы, тақтадан жауаптарын тексереді.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында

«Миға шабуыл» әдісі арқылы шолу сұрақтары қойылады.

а) Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.









Оқушылар тақтадан дұрыс жауаптарын тексереді.


Оқушылар тез жауап беріп өткен білімді еске түсіреді.

Рахмет айту

Смайликтер








Бір-бірін бағалау (+/-)


«Жарайсың!»

деп ынталандыру

kundelik.kz

суреттер бейнелен-ген қима қағаздар

Негізгі бөлім

15 минут


Жаңа білімді қалыптастыру

Кейбір шамалардың мәндері қарама-қарсы екі бағытта өзгереді.

Мысалы, жылы және суық, ұзын және қысқа.

Мұндай өзгерістер үшін шамалардың

«нөлдік мәндері»: мұздың еру температурасы (0 градус),

Дүниежүзілік мұхит суының деңгейі және т.с.с. белгіленеді.

Егер шаманың мәні «нөлдік мәннен» жоғары болса, онда «+» таңбасы бар санмен,

ал «нөлдік мәннен» төмен болса, онда «–» таңбасы бар санмен жазылады.

«+» таңбасымен жазылатын сандар оң сандар,

«–» таңбасымен жазылатын сандар теріс сандар деп аталады.

Оң сандардың жазылуы: +5; +21; +7,3; оқылуы: «плюс бес», «плюс жиырма бір», «плюс жеті бүтін оннан үш».

Теріс сандардың жазылуы: –1; –27; –10,3; оқылуы: «минус бір», «минус жиырма жеті», «минус он бүтін оннан үш».

0 саны оң немесе теріс санға жатпайды.

Көп жағдайда оң санның алдына «+» таңбасы қойылмайды.

Мысалы, +25 саны  25 түрінде жазылады.


Білім алушылар ережелерді тыңдайды.

Есептерді шығарады.

Математикалық тілде сөйлейді.

Тапсырма:

1. Берілген шамаларды оң және теріс сандар арқылы жазыңдар.

1. Бүгін таңертең 20 градус аяз болды.

2. Күндіз 5 градус жылы болды

3. Чогори тауының биіктігі – 8611 м

4. Тынық мұхиттың тереңдігі – 11022 м

5. Анам 50000 теңге сыйақы алды

6. Автобус аялдамаға 50 м жетпей тоқтады.

7. Өзендегі мұз қалыңдығы 15 см-ге еріді

8. Б.з.д. 5 ғасыр.


Дескриптор:

  • Оң сандарды анықтайды.

  • Теріс сандарды анықтайды.


Ынталандыра-тын сөздерді жиі айтамын.

Жарайсың!

Өте керемет!

Керемет!

Жақсы!

Өткендегіден жақсы!

Оқулық,

дәптер, қалам суреттері бейне-ленген қима қағаздар топтамасы

Жеке жұмыс

  1. минут

Оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды қолдану

А деңгейінің есептері № 229, №230, №232

В деңгейінің есептері № 233, №236, №238



Әрбір жауапқа 1 балл қойылады.

Үлестір-мелі қағаздар

Соңы

5 минут

Сабақты бекіту:

Сабақ қортындылау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын:


Үйге тапсырма: №235, №237, №240


Кері байланыс

Рефлексия: «Жұлдыздар шеруі»

Мұғалім ең соңында оқушыларда ненің сәтті шыққандығы және де әлі де нені жетілдіру керектігі жөнінде сындарлы кері байланыс береді.

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.

Рефлексия:

Оқушылар бәрі тұрып түстерді көрсету арқылы түсінгенін, түсінбегенін көрсетеді.

Белсенді оқушыларды бағалау


Kundelik.kz – ке бағаларын қою

6 сынып математика

1бөлім

Т.А.Алдамұратова

Алматы

«Атамұра»

2018ж


Kundelik.kz



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді

жоспарлайсыз?

Жарайсың, керемет, жақсы деп ынталандырып отырамын.

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы


Қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырмалар беру.

Тапсырмалар алгоритмін көрсету жеңілдетілген тапсырмалар беру,жеке көңіл бөлу

Дарынды оқушыларға жеке тапсырмалар беру.

Логикалық, функциональдық тапсырмалармен баланың ой өрісін дамыту.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау.

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөліп, қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!