Материалдар / Өңдеме . Шеберлік сыныптары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өңдеме . Шеберлік сыныптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды қазақ әдебиеті оқытушылары әдістемелік көмек ретінде қарастыруына болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2020
231
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Н. Э. Тастемирова





Шеберлік сынып жоспарларының


ЖИНАҒЫ












2020 жыл

Павлодар қаласы


Алғы сөз

Қазір XXI ғасырдың 20-жылы. Қазіргі білім беру саласындағы орта жастағы ұстаздар дүние есігін XX ғасырдың ортасында ашқандар. Біз оқыған кезең, біз білім алған мектеп, бізді білім нәріне сусындатқан ұстаздар, біз өмір сүрген қоғам, бізді қоршаған орта қандай еді? Бүгінгі күні сол кезеңге алыстан көз салсақ, жүрегімізде сағыныш атты сарғайған естеліктермен бірге, «Шірікін, неге біз осы ғасырда дүниеге келмедік» деген өкініш сезім де бас көтереді. Неліктен?

Оның көп себептерінің ең негізгісі: бүгінгі жастардың, оқушылардың иелігіндегі мүмкіндіктер, біз оқыған заманға қарағанда олардың білім алудағы артықшылықтары. Біз қалай оқыдық? Бізге мұғалімдеріміз өз материалын ауызша түсіндіріп, жаттығуларды орындатып, үйге тапсырма беретін. Келесі сабақта сен тыңдағаныңды, не оқулықтан оқығаныңды баяндап беріп, енді бірі жаттап алып «бес» алатынбыз. Келесі сабақта қайтадан сол көрініс. Бізге ойлаудың, ойланудың қажеттілігі жоқ еді. Ал дауласу, өз пікіріңді айту, күмандану, сұрақ қою құқығымыз тіпті жоқ еді. Біз бәріміз бірдей жауап беретін, бірдей ойлайтын, тіпті бірдей киінген мұғалімнің «объектісі» едік. Бұған біреуді кіналаудан аулақпыз. Талап, қоғам сол болды. Сол қоғамға сай қоғам мүшелері болды. Ал, қазір ше?

Әлем өзгерді. Бүгінгі таңда үйреткенді ғана механикалық түрде баяндау, ойланбай жаттау, зерттемей қабылдау жеткіліксіз. Ал кез келген нәрсе, құбылысқа өз ойыңның болмауы-таяздылықтың белгісі. Бүгінгі қоғамға пікірсіз, шығармашылықсыз, ойсыз, селсоқ тұлға қажет емес. Бұл заман талабы.

Осы талапқа мен сай келем бе? Иә деп жауап берер едім. Себебі мен білім саласында еңбек етемін, бүгінгі жастарға білім беріп, солармен бірге «жасаймын» және, ең негізгісі, мен өз еңбегімді бүгінгі талапқа сай өзгерте алдым.

Білім беру саласындағы жаңартылған бағдарлама 30 жыл атқарып келе жатқан жұмысыма жаңа қырынан – заман қырынан қарауға мүмкіндік берді, ізденіске жетеледі, серпіліс берді, бұрын ой тоқтатпай жүрген құбылыстарға (оқушы білімін бағалау, қабілетті және дарынды бала, оқушы пікірімен санасу, оған өктемдік көрсетпеу) сынмен, бағалаумен қарауға мүмкіндік берді. Сабақтарымды жоспарлауда жаңартылған бағдарламаның негізгі жеті модулін жүзеге асыру мақсаты тұратын болды. Осыған орай ұсынылып отырған өңдемеде соңғы жылдары өткізген шеберлік сыныптарының жоспарлары ұсынылады.







Шеберлік сыныбының жоспары


  1. Танысу. Мақсатпен таныстыру.

  2. Топқа бөліну

  3. М. Жұмабаевтың қайтыс болу жылына байланысты бейне таспа.

  4. Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер (СТО технологиясы)

    • «Автор орындығы»

    • «Негізгі идеяны табу»

    • «Дөңгелек үстел»

    • «Топтастыру»

    • «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

    • «Қабырғаға оқу»

    • «Зссе»

    • «Кубизм»

    • «Блюм таксономиясы»

  5. Қорытынды. Ой бөлісу.





















Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»


Күлдей күңгірт шашы бар,

Тоқсан бесте жасы бар,

Көз дегенің - сұп -сұр көр.

Тасбих санап бүгіліп,

Жерге қарап үңіліп,

Көрше ауыр күрсінер,

Менің бір қарт анам бар,

Неге екенін білмеймін -

Сол анамды сүйемін!



Көзінде көк нұры жоқ,

Аузында жұмақ жыры жоқ,

Жалынсыз, усыз құшағы,

Иірілмейді жыландай,

Сөзі де жоқ құрандай,

Білгені – қазан - ошағы.

Жабайы ғана жарым бар,

Неге екенін білмеймін -

Сол жарымды сүйемін!



















Ұйқы басқан қабағын,

Бастыра киген тымағын,

Жалқаулықты жар көрген.

Жүрген ескі заңымен,

Алдындағы малымен,

Бірге жусап, бірге өрген,

Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін -

Сол елімді сүйемін!



Сағымы сайран құрады,

Бораны ұлып тұрады,

Қыс - ақ кебін, жаз - сары.

Орманы жоқ, шуы жоқ,

Тауы да жоқ, суы жоқ,

Мәңгі өлік сахарасы.

Сарыарқа деген жерім бар,

Неге екенін білмеймін -

Сол Арқамды сүйемін!

Өлеңнің тілін талдау

  1. Қазақ халқын сипаттайтын сөздер

  2. Сарыарқаны сипаттайтын сөздер

  3. Ұлттық өрнек

  4. Тұрақты тіркестер

  5. Эпитеттер

  6. Теңеулер

  7. Метафоралар

  8. Синекдоха

  9. Кейіптеу

  10. Діни сөздер

Сабақ үзінділерін көрсету


Қазақ әдебиеті. М. Жұмабаев «Сүйемін». 7-сынып


Сын тұрғысынан ойлау әдістемесінің стратегияларын қолдану.

  1. «Негізгі идеяны табу» «Сұлулық» -1, 2- топ, «Сүю» -2,3 топ сөздеріне анықтама беру, топта әр оқушы өз анықтамасын береді, топта әркім өзінің ойын ортаға салады, бәрі бірігіп ортақ ойды ортаға салады.

  2. «Дөңгелек үстел» стратегиясы. Топта төрт адам. Топқа сауал қойылады: «Сұлулық» деген не? 1-оқушы өз ойын 1-2 сөйлеммен жазады, 2-оқушы оны жалғастырады, 3-оқушы сол екеуінің, 4-оқушы үшеуінің ойын жалғастырып, бәрі жазғанды оқиды.

  3. «Топтастыру» стратегиясы. «Сұлулық», «Сүю» сөздері.

  4. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы (дневник двойной записи). Дәптер екіге бөлінеді. Бірінші бағанға өлеңнен ұнаған сөз, сөз тіркестері жазылады, екінші бағанға соларға байланысты өзіні ой-пікірі, көзқарасы жазылады. Соңынан оқылады.

  5. «Қабырғаға оқу» стратегиясы.

  6. «Эссе» стратегиясы. «Мен сүйемін»

  7. «Кубизм» стратегиясы.

М. Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңі не туралы?

Өлеңдегі троп түрлерін ата

Өлеңнің мұраты не?

Сіз үшін сүю, сұлулық деген не?

Тағы қандай ақындардың махаббат туралы өлеңдерін білесің.

М. Жұмабаевтың тағы қандай өлеңдерін білесіз?

  1. «Бес жол өлең» стратегиясы.Әркім өлең жазады. Шарт:

1-жол – Сұлулық сөзі

2-жол – Екі сын есім

3-жол – Үш етістік

4-жол – Сөйлем

5-жол – «Сұлулық» сөзінің синонимдері.

  1. «Блюмнің сұрақ қою өлшемі»



«Блюм таксономиясына» сәйкес деңгейлік сұрақтар


Есте сақтау (төменгі) саты.




Түсіндіріп талдау, аударма (аралық) саты.



Қолданыс, талдау, синтез, бағалау (терең) саты.



Білу. Түсіну.


Қолдану.Талдау.


Жинақтау. Бағалау.

  1. М. Жұмабаевтың өлеңі не туралы?

  2. Мағжан үшін кім , не сүйікті?

  3. Мағжанның анасы, жұбайы қандай?

  4. Қазақ халқын, Сарыарқаны Мағжан қалай суреттейді?

  5. Өлең ұнады ма?

  6. Ұнаса, несімен ұнады?

  7. Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз.

  8. Сізге ерекше ұнаған жолдар, шумақтар. Неліктен?

  1. Не себепті жарының көзінде нұры болмаса да, құшағы жалынсыз болса да, жабайы болса да, Мағжан оны сүйеді?

  2. Не себепті мәңгі ұйқыдағы, малымен ғана әлек қараңғы халқын Мағжан сүйеді?

  3. Анасының көзі сұп-сұр көр. Неліктен? Қалай түсінесің?

  4. Өлеңнің тіліне талдау жасаңыз.

  5. Сіз үшін сұлулық, сүю не?

  6. Сүйікті адамыңызды, нәрсеңізді қалай сипаттар едіңіз?

  7. Өлеңнен Мағжанның қандай қасиеттерін байқауға болады?

  8. Шығарманың мұраты не?


  1. Сұлулық жоқ жерде сүю болуы мүмкін бе? Дәлелдеңіз.

  2. Сіз сүйікті адамыңыздың, нәрсеңіздің кемшілігін көре аласыз ба?

  3. Кемшілік көп бола тұра сүйе аласыз ба?

  4. Сүйіктіңізге төрт жол өлең шығарып көріңіз.

  5. Сіздің өмір тәжірибеңізде сұлулық пен ұсқынсыздық, жақсылық пен жамандық қатар кездескен кездер болды ма? Әңгімелеңіз.

  6. Мағжанмен сұхбаттасар жағдай болса, оған қандай сауал қояр едіңіз?

  7. Өлеңде көр, кебін, өлік, жұмақ, Құран сөздері бар. Неліктен?

  8. Өлеңдегі Мағжанның ойымен сарындас басқа ақындардың өлеңдері бар ма?



«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»


Өлеңнен ұнаған сөздер, тіркестер, жолдар

Ұнаған сөздер, тіркес, жолдарға байланысты өз пікіріңіз, дәлеліңіз, көзқарасыңыз

1





2





3

















Шеберлік сыныбының жоспары

  1. Теориялық бөлім

  • Бастауыш білім беру мазмұны;

  • «Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны;

  • «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсат-міндеттері;

  • Бастауыш сыныпта әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар.

Бастауыш білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында елдеэкономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі баса айтылған.  Білім менеджметі 12 жылдық оқыту моделіне көшуді мемлекеттің  білім беру сапасын арттыруды  дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу стратегиясын іске асыру тетігі ретінде  қарастырады. 

Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында «Экономика мен қоғамның ілгерілеу қажеттілігіне сәйкес, бізге заманға сай білім беру жүйесі қажет», «Біз барлық елдер бойынша әлемдік стандарт деңгейінде білім берудің сапалы қызметін ұсынуға қол жеткізуіміз қажет» деп теңдестірілген білім беру жүйесінің маңыздылығын атап өтеді. 

Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің мазмұны оқушылардың белсенді, креативті, сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіруді; өздігінен білім алу және оны практикалық әрекетінде пайдалану, өз ойын ашық, еркін жеткізу және дәлелдеу білігін дамытуды; әлеуметтік, оқу-танымдық, коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыруды; адамгершілік, патриоттық, еңбексүйгіштік, эстетикалық, экологиялық тәрбие беруді, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа, салауатты өмір салтын, денсаулық пен жеке бас гигиенасын және өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетіне баулуды қамтамасыз етуі тиіс.

«Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің мазмұны қамтамасыз етуі тиіс:

1) білім алушылардың өз ана тіліне және мемлекеттік тілді меңгеруге ынта-ықыласын оятуды; 

2) ана тілінде ауызекі және жазба тілде сауатты сөйлеу дағдыларын жетілдіруді, коммуникативтік кұзыреттілігін қалыптастыруды, оқудағы және жазудағы функционалдық сауаттылығын дамытуды; 

3) мемлекеттік тілде қарым-қатынас деңгейінде сөйлеу, ағылшын тілінде қарапайым қарым-қатынас жасау біліктерін қалыптастыруды; 

4) алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгертуді, тілін дамытуды, тілдік материалдар негізінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқуға және сауатты, көркем жазуға деген ептілігін, икемділігін, бейімділігін қалыптастыруды; 

5) тілдің фонетика, лексика, сөз құрамы, грамматика салаларынан білім негіздерін меңгертуді және талдау, салыстыру, топтау, ажырату дағдыларын қалыптастыруды; 

6) тілдік білімдерін, сөздік қорын және байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды; 

7) көркем шығармалар негізінде оқушының ұлтжандылық, рухани- адамгершілік, мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, байқампаздық қасиеттерін тәрбиелеуді; 

8) көркем және ғылыми-көпшілік мәтіндерді саналы, мәнерлеп оқу, мазмұнын түсініп, талдау біліктерін қалыптастыруды; 

9) оқылған шығарманың логикалық жүйесінсебеп-салдарлық байланысын сақтай отырып әңгімелеу және оған жоспар құру біліктерін дамытуды; 

10) оқушылардың оқырмандық мәдениетін, көркем шығарманы эстетикалық тұрғыда қабылдауын, сөз өнеріне сүйіспеншілік сезімін дамытуды, өзіндік іс-әрекеті арқылы белсенді, креативті, сыни ойлауын, талғампаздығын жетілдіруді; 

11) тілдесуге қажетті шығармашылық, әлеуметтік, танымдық, тілдік қабілеттерін және ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу, өздігінен білім алу, өзін-өзі жетілдіру, өз ойын ашық, еркін жеткізе және дәлелдей алу біліктерін дамытуды.

«12 жылдық білім беру жағдайында бастауыш сыныптардағы «Әдебиеттік оқу» пәнінің  жаңа мазмұны қандай болмақ?» деген сұраққа жауап беру арқылы халықаралық стандарт деңгейінде дайындалған аталған курстың бағдарламасына нақты талдаулар жасай отырып, мемлекеттік тапсырыстың нақты орындалу барысын көрсетуді мақсат етеміз. Әдебиеттік оқудың «Тіл мен әдебиет» білім беру саласының маңызды компоненті ретіндегі негізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жалпы дамуында алатын орны ерекше. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікті-сезімді түйсінуіне, тілін, қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздік образдылығында екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне жетектеуге көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының методологиялық негізі. 

«Әдебиеттік оқу» курсының пәні - бастауыш білім деңгейі оқушысы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!