Материалдар / Онлайн оқу кезінде оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімді жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Онлайн оқу кезінде оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Онлайн сабақтарды өту кезінде оқушы мен мұғалім арсындағы байланыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
209
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОНЛАЙН ОҚУ КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


Рахменова Ақмарал Ақбердіқызы, №156 ЖББ мектептің химия және биология пәніні мұғалімі, a.rakhmenova@mail.ru


Мақалада білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы педагогтердің білім деңгейін арттыруда қашықтықтан оқыту технологиясы қарастырылған.

Қашықтықтан оқыту, Онлайн, Оффлайн, Вебинар сабақтар.


[Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейілінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жалғастыруды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс». Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт.] [2]

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етіледі. Қашықтықтан оқытуға байланысты қазіргі кезде көптеген түрлі әдіс тәсілдер мен технологиялар жаңартылып шығарылып жатыр. Білім алушы ұрпақ та заман талабына сай сандық жүйеде сауаттанып, білім алуға өте қабілетті, себебі олар қарапайым өмірде жаңа технологияның барлық мұмкіндіктерін пайдаланып жүр. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі-қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?

[Қашықтықтан оқыту дегеніміз-мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз-интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз-интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз-интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға бірнеше талаптар қойылады:

  • Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

  • Оқытушы ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

  • Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үдерісінде үйлестіруші болуы қажет.] [1]

Қашықтықтан оқыту кезінде көптеген сұрақтар болды:

1) Мұғалімнің әр түрлі платформаларды таңдауы, игеруі, берілген 30 минутта сабақты тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткізуі қажет болды;

2) Оқушылардың онлайн режимде сабақ оқуға үйренуі;

3)Үнемі интернет желісімен үздіксіз қамтылуы секілді тағы көптеген сұрақтардың шешімі табылды.

Дәл қазіргі уақытта балада оқу дағдысы қалыптасып, өз бетінше жұмыс жасауға біршама үйреніп қалды. Дегенмен сынып ішінде қадағалауды қажет ететін оқушылар да кездеседі. Осындай оқушылармен қалай жұмыс жасаған жөн?

Арнайы платформада құрылған конференция сабақтарды өту кезінде(сферада) сабақ тақырыбына қарай оқушыларды топқа бөліп дебат өткізуге, сөз шеберлігін дамытып пікірталас ұйымдастыруға тамаша мүмкіндік бар. Сонымен қатар ерекше оқушымен қосымша жеке жұмыс жүргізуге де таптырмас мүмкіндік деп санаймын. Қарсы алдыңызда отырған оқушыға түсіндірсеңіз де, сұрасаңыз да болады.

«Онлайн мектеп» платформасында сабақ өту жеңіл. Онда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Конференсия ашып сабақ өткіңіз келеді ме немесе өз сабағыңызды салғыңыз келеді ме, әлде оқушыларға жеке хабарлама жазғыңыз келеді ме, бәрі бар. ББЖ, ТЖБ тексеріп үлгермейсіз бе? Онлайн мектепке салыңыз да, күнделікті ашып барлық оқушының бағасын қарасаңыз болады. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

Мен де біраз ізденіп, көптеген білікті ұстаздардың еңбектерімен таныстым. Атап айтар болсам, тарих пәнінің мұғалімі Айзада Амангелдіқызының «Қашықтықтан оқыту технологиясы білім алудың болашағы бар тәсілі» еңбегінде:

[-қашықтықтан оқытуды алдын ала ойластырыңыз;

-қашықтықтан оқытудың ең қарапайым бір-екі құралын таңдап алып, солармен жұмыс жасауды бастаңыз. Бірден көп құралдарды пайдалануға тырыспаңыз,-деген кеңестерін көкейіме түйдім....] [3]

Осындай кеңестерді ой елегінен өткізіп түсінгенім:

-оқушылармен де, ата-аналарымен де қашықтықтан жұмыс жасау барысында өзара жағымды және оңтайлы қарым-қатынас маңызды.

-балаға «Уақытылы неге тапсырмадың?» деудің орнына тағы бір мүмкіндік беріп көру жолдарын қарастырған жөн.

-оқушының әрбір орындаған тапсырмасын бағалап, өткен сабақпен салыстыра отырып комментари жасасаңыз бала одан әрі талпынады. Еленусіз қалмасын, ортаға тартыңыз, сұрақ қойыңыз, сұраңыз.

-кіші сыныптарда құрылған сабақ барысында суреттерді көбірек пайдаланып, жоғарғы сыныптарда таблица мен схемаларды, барынша қарапайым бейнежазбаларды пайдаланған жөн.

-оқушылармен кері байланыс жасаған дұрыс. Telegram немесе Вотсап желісі болмаса почта арқылы.

Мұғалімнің сабақ өтуі барысында кездесетін жайт. Берілген бір тақырып барлық параллель сыныптарда бірдей өткізілетін болса, берілетін тапсырмалар да бірдей болса, онда оқушылардан алатын жауабыңыздың да бірдей болатыны анық. Неге? Себебі, оқушыларға хат алмасу қиын емес, дайын жауапты кошіреді де жібере салады. Сондықтан өткізілген әрбір сабақ бір-біріне ұқсамауы тиіс, қайталанбауы қажет. Тым болмаса тапсырманы әр түрлі берген жөн.

Кейде нашар оқушы, тапсырмаларды үлгермейді деп жатамыз. Осы жерде деңгейлеп оқыту әдісін пайдаланып тапсырма берсек өткен сабағымыз нәтижелі болмақ. Басында 5-сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындатқызып, келесіде 10-сұраққа өзгертуге болады немесе тақырыптағы суреттерді салғызудан бастап кейіндеу күрделендіруге де болады. Оқушымен жеке жұмыс жасау барысында жаңа қырларымен танысасыз, дамытасыз, балада қызығушылық пайда болады, жаңа нәтижеге қол жеткізесіз.

Қашықтықтан оқыту бойынша білім берудегі болып жатқан жаңалықтарды жүзеге асыру үшін жетекші мектептердің жұмыстары да өз көрінісін тапты. Жетекші мектептің қызметі мұғалімдерді даярлау емес, дайын білімді тереңдетуге және жетілдіруге бағытталады.

Ендігі кезекте оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын және жалықтырып алмау мақсатында әр түрлі вебинарлар өткізілуде және де жасалып жатқан жұмыстардың барлығы оң әсерін береді деп сенемін.


Әдебиеттер тізімі:

1.Алматы облыстық білім беруді дамыту оқыту әдістемелік орталығының инновация және эксперимент бойынша әдіскері- Дастан Есіркесінұлы Ешкеновтың мақаласынан.

2.«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Самеков Мейірбек, Избасаров Ербол.

3.Интернет ресурстары:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!