Материалдар / Оқу үдерісіндегі инновациялық технологиялардың маңызы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқу үдерісіндегі инновациялық технологиялардың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
“білім беру технологиясы – орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет жүйесі”.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2022
278
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу үдерісіндегі инновациялық технологиялардың маңызы


Жүсіпова Гүлназ Рысқалиқызы М.Құрманғалиева атындағы

32 гимназия психологы

Тәуелсіздік қол жеткізген игіліктердің бірі – оқу үдерісінің жаңарып отыруы. Қоғамның оқу үдерісін қанағаттандыру талабы инновациялық технологиялардың маңыздылығымен байланысты.

Инновацияға тоқталмас бұрын педагогикалық технологияға тоқталамыз.

Д.Г.Левитестің пікірінше “білім беру технологиясы – орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет жүйесі”. Бірақ бұл – өте ауқымды анықтама.

Оған тәрбиелеу технологиясы да, қарым-қатынас технологиясы да, оқыту технологиясы да кіреді.

Педагогикалық технология ұғымына шетелдік және отандық әдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл педагогикалық технология ұғымының қалыптасу мен дамуының тарихында оның оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар. Олар педагогикалық технология мәселесіне арналған Б.Блум, Ф.Фрадкин, П.Я.Гальперин, М.Кларин, Л.В.Занков т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Технология” термині алғаш рет 1904-50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология – өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы.

Педагогикалық сөздікте “педагогикалық технология – социо-мәдени өлшемді тұлғалық көрініс еркіндігін үйлестіруші әлемге қатынасын қалыптастыру мақсатында қоршаған ортамен дара қарым-қатынас мағынасында балаға, педагогтық әсер етуінің ғылыми негізделген кәсіби шешімін білдіретін педагогикалық шеберліктің компоненті”, -делінген.

В.П.Беспалько бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технологияның мынадай төрт басты шарттары орындалуы тиіс: а)педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы керек; ә) оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет; б)оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді; в)практикада оқу-тәрбие процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс деп атап көрсетеді және педагогикалық технология – практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деген көзқарас білдірген .

Б.Т.Лихачев: “Педагогикалық технология – түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым. Педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілеттердің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу”, -деп түсіндіреді.

Педагогикалық технологияны білімдік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, обьективті, көпнұсқалы әрекеті деп біледі. Педагогикалық технология белгілі бір әрекеттің ретке келтірілуі, оны орындауға бағытталған жоспарлы нәтиженің анықталуы деген баға береді. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша: “педагогикалық технология – бүкіл оқыту процесі мен білімді техникалық және адам ресурстарын, олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі”-дейді.

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық - педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны  таңдай алуы қажет.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жүктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан);

Инновациялық үдеріс дегеніміз – жаңалықтарды жасау, оқу-тәрбие үдерісінде қолдану. Педагогикалық қызметте енгізілген жаңалықтың қандай жағымды жақтары бар, ол қандай табысқа жеткізу мүмкін, кемшіліктері жоқ па, оның салдары қандай болуы мүмкін деген сияқты сұрақтар туындайды. Білім беру үдерісінде педагогикалық инновация басқаша түрде қарастырылады.

Ғылыми инновациялар, алға ұмтылған үдерістер адам білімінің барлық салаларын қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық,ұйымдастыру-басқарушылық,техника-технологиялық инновациялар болып ажыратылады. Әлеуметтік инновация түрлерінің бірі педагогикалық инновациялар болып табылады. Педагогикалық инновациялар – бұл педагогика саласында жаңа енгізілімдер, оның жеке компоненттерін, сондай-ақ жалпы білім беру жүйесінің, білім беру ортасына қалыпты элементтер (жаңашылдықтар) енгізетін, сипаттамаларын жақсартатын мақсатты бағытталған прогрессивті өзгерістер. Педагогикалық инновациялар білім беру жүйесінің жеке қоры есебінен (дамудың интенсивті жолы), сондай-ақ қосымша күштердің (инвестициялық) – жаңа құралдардың, жабдықтардың, технологиялардың, капитал тартылудың және т.б. есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күні бұрын жоспарлап, ұйымдастырып, бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесе белгісіз болады. Ғылым-техникалық жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып, күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса техникалық жаңалықты әлеуметтендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғы шарт әзірлейді. 

«Инновация»  деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөздерінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңарту, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Зерттеулер бойынша «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық, яғни жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

     Технология – амал-тәсілдердің жиыны, іс-қимыл, адамның шеберлігі, өнері. Педагогикалық технология – оқу үрдісін жүзеге асырудың техникасы.

       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.

Заман талабына сай инновациялық технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады.Дегенмен де, ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.




Әдебиеттер:

  1. Левитес Д.Г. Качество образования и безопасность страны//Мир образования.-2002.-№1.-С.24.

  2. Педагогический энциклопедический словарь/ Гл.ред. Б.М.Бим-Бад.-М., 2007.

  3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. – М.: «Педагогика»,1989ж. 21-38 бет.

  4. Лихачев В.Т. Педагогика: Курс лекций / Учебн. Пособие.- 4-изд.-М.:Юрайт.-607с.

  5. Нурахметов Н.Н.Оқытудың инновациялық технологияларының ерекшеліктері /«Қазақстан мектебі» – 2000. -№5.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!