Материалдар / Оқушылар арасында инклюзия ұғымын қалыптастыру үшін мектепте іс - шара өткізу мүмкіндіктері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқушылар арасында инклюзия ұғымын қалыптастыру үшін мектепте іс - шара өткізу мүмкіндіктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті оқытуды енгізуде қажет материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2018
964
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылар арасында инклюзия ұғымын қалыптастыру үшін мектепте іс-шара өткізу мүмкіндіктері.

Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Осы міндеттердің орындалуы біртіндеп жүзеге асады. Ең алдымен инклюзия ұғымына анықтама бере кетсем, инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді. Осы инклюзияны біз оқушылар мен олардың ата-аналарына дұрыс жеткізе білуіміз керек. Ол үшін төмендегі жұмыстар өткізіледі:
  • мұғалімдермен жұмыс. Себебі ұстаздар қауымы бұл бағдарламаның түпкі мақсаты мен ерекшеліктерін түсінуі керек, барлық балалардың , ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамытуға ат салысу керек;
  • ата-аналармен жұмыс. Ата-ана инклюзивті оқытудың оқушылардың тең құқығын анықтайтынын және топтық іс – әрекетіне қатысуға мүмкіндік беретінін білуі керек. Тәрбие отбасында басталатын болғандықтан, бала осы мәселе туралы үйінде де үлкендермен талқылап, көз жеткізуі керек;
  • оқушылармен жұмыс. Этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына, дос табуына құқығы бар екенін түсіндіру. 
Осы 3 топтағы адамдармен жұмыс жасау арқылы ғана біз нәтижеге қол жеткізе аламыз. Егер де тек оқушылармен жұмыс жасасақ жұмыс нәтижесіз болады. Сондықтан осы топтағы адамдар, олардың көзқарасы, іс-әрекеті бір-бірімен тығыз байланысты.Іс-шаралар қандай бағытта болуы мүмкін?
  • Анкета алу. Барлық жұмыс бірінші сұрақ-жауаптан, яғни кері байланыстан басталып, одан ары қарай өрби береді.
  • Видеороликтер көрсету. Олардың мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, мүмкіндігі шектелген танымал тұлғалардың жай адамнан да асып түсіп жетістікке жету мүмкіндіктері, олардың қайсарлығы, қиындықтарды жеңе білуі туралы.
  • Сюжеттік-рөлдік ойындар ойнату арқылы. Сау бала өзін мүмкіндігі шектеулі бала орынына қойып шағын көріністер көрсету арқылы. Бұл да маңызды қадамдардың бірі болып саналады.
  • Көрме өткізу арқылы. Ол адамдардың жетістіктерінен. Мұнда кез келген адамның мейлі сау мейлі денсаулығы шектеулі жан болсын қолынан үлкен істер келетінін көрсетуге болады
  • Шетел тәжірибелерін мысалға келтіруге болады және тағы да басқа шаралар үздіксіз жасалынса, инклюзия ұғымы да бағдарламасы да кедергелерді артқа тастап жүзеге асады.


Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды төзімділікке тәрбиелеудің бастауы болмақ. Барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы болып саналады. Сөз соңында айтарымыз, біздің қоғамымызға инклюзивті білім беру жүйесі қажет. Сондықтан да инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқауға, ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке қол жеткізе білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білеміз!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!