Материалдар / Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі- оқушылардың дағдылары мен білімін өз бетінше үйлестіре білуін дамыту жолы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі- оқушылардың дағдылары мен білімін өз бетінше үйлестіре білуін дамыту жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп оқушыларын ғылыми зерттеу жұмысына бейімдеу, өз бетінше үйлестіруге үйретеді, дағдыларын қалыптастырадырыбында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2020
428
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-фараби атындағы арнаулы гимназиясы













БАЯНДАМА









Тақырыбы: Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі оқушылардың дағдылары мен білімін өз бетінше үйлестіре білуін дамыту жолы

Дайындаған: ағылшын тілі пәні мұғалімі Сұлтанқұл Раушан





























Алмалыбақ, 2019жыл

Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі- оқушылардың дағдылары мен білімін өз бетінше үйлестіре білуін дамыту жолы

«Оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға» Осы үшеуі бірдей тең болса, оқу қисаймай, ауытқымай түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағанда оқу жұмысы аумалы жүк сияқты орнықсыз» - деген екен. Үлкен ағартушы, ірі ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы.

Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Белсенділікке оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады. Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Соңғы жалдары зерттеу қызметі мәселесіне “зерттеу тәртібі” деген жаңа термин енді. Бұл термин ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде бұрыннан қолданылады (мінез-құлық мәдениеті, адамгершілік мінез, оқушының жүріс-тұрысы, тәртібі, т.б.). Бұл сөздің түпкі мәні біреудің әрекеті немесе әрекеттер жиынтығын білдіреді. Шығармашылық – зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан - жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан – ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті. Зерттеу тәртібі мен зерттеу әрекетінің әдіснамалық негізі әрекетте жатыр. Сондықтан оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібі күрделі кіріктілірген білім болып табылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалдық қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптасрыу зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын білеміз. Ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады. Соңғы жалдары зерттеу қызметі мәселесіне “зерттеу тәртібі” деген жаңа термин енді. Бұл термин ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде бұрыннан қолданылады (мінез-құлық мәдениеті, адамгершілік мінез, оқушының жүріс-тұрысы, тәртібі, т.б.). Бұл сөздің түпкі мәні біреудің әрекеті немесе әрекеттер жиынтығын білдіреді. Шығармашылық – зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан - жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан – ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті. Зерттеу тәртібі мен зерттеу әрекетінің әдіснамалық негізі әрекетте жатыр. Сондықтан оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібі күрделі кіріктілірген білім болып табылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалдық қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптасрыу зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын білеміз.

І. Оқушылардың ғылыми қоғамы туралы

1.Оқушылардың ғылыми қоғамы (одан әрі ОҒҚ) - өзінің интеллектісін дамытуға, ғылыми-зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі.

2.ОҒҚ білім беру ұйымдарының жанынан құрылады, атауы, эмблемасы, девизі, дәстүрі бар.

3. ОҒҚ өзіне ғылыми үйірмелерді, түрлі ғылым саласына бағытталған клубтар мен қоғамдарды, жеке секцияларды ала алады.

4. Оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы заң актілерімен, “Қазақстан Республикасы Білім туралы” заңымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық актілерімен сәйкес жүзеге асырылады.

ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері. ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері төмендегіше: - оқушыларда ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру; - бБілім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, адамзаттық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына қарқынды ықпал ету; - оқушыларға кәсібін таңдауда кәсіби бағдар беру. ОҒҚ осы қоғамда болуға тілек білдірген, мұғалімдер, пән бірлестігі жетекшілері ұсынған кез келген оқушы мүше бола алады. Қоғамның мүшелері сессиясы ОҒҚ жоғарғы органы болып табылады және ол жылына бір рет өткізіледі. Сессияда оқу жылының міндеттері анықталады, жеке секциялардың немесе қоғам мүшелерінің жұмысы туралы есеп тыңдалады, жұмыс жоспары бекітіледі және түрлі құжаттар мен шешімдер қабылданады. ОҒҚ сессия аралық жұмысына ондағы сайлаған, педагогикалық, ғылыми-қоғамдық және ОҒҚ қатысушы түрлі ұйымдар өкілдері мен оқушылар кіретін үйлестіруші кеңес басшылық жасайды. ОҒҚ мамандар, ғалымдар мен мұғалімдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келісім-шарт немесе қосымша жұмыс тәртібі бойынша істейді. Олар оқушылардың секциялары мен ғылыми бірлестіктерді, сондай-ақ оқушылардың жеке таңдаған, тақырыптары бойынша жұмысына басшылық жасайды. ОҒҚ бөлімшелер жетекшілері үйлестіруші кеңеспен келісілген және ОҒҚ жанынан құрылған ұйым басшысының бекітуімен арнайы бағдарламалар жасауы мүмкін .ОҒҚ мүшелерінің сабақтары жеке немесе ұжыммен ғылыми жетекшілердің басшылығымен және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының тақырыптары мен бекітілген бағдарламасы негізінде аптасына бір рет өткізіледі. Қорытынды сабақ оқушылардың ғылыми конференциясы түрінде оқушылар мен ғалымдардың қатысуымен, арнайы ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлерінен құрылған әділқазылар көмегімен ұйымдастырылады. Онда ең үздік деген ғылыми жобалар анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, марапаттау, сыйақы, демеушілер тарапынан сыйлықтар беріледі. Қоғам мүшелері үшін қысқы және жазғы каникул кезінде оқу-нұсқаулық жиыны, лагерьлер, экспедициялар мен серуендер ұйымдастырылады.

4. ОҒҚ мүшелерінің құқықтары мен міндеттері ОҒҚ кез келген мүшесі: ОҒҚ өткізілетін барлық іс-шаралар мен секция жұмыстарына қатыса алады. Түркі секция жұмысына, бір секциядан екіншісіне өтуге құқылы. ОҒҚ мен оның бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Оқушылардың ғылыми жарыстарына, ғылыми конференцияларға қатысуға өзінің жұмысын ұсына алады. ОҒҚ секциялары мен бөлімшелері базаларында құрылған зертхана приборлары мен құрал-жабдығын қолдана алады. Қазақстан Республикасы кітапхана қорынан ғылыми әдебиеттерді қолдана алады. ОҒҚ үйлестіруші кеңесіне мүше бола алады. Мектептердің, оқу-әдістемелік жиындардың жұмыстарына, шығармашылық экспедицияларға, ғылыми конферецияларға, ғылыми жарыстарға қатыса алады. ОҒҚ жұмысына белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен, дипломдармен, стипендиялармен марапаттауға ұсыныла алады. Ғылыми жетекшінің басшылығымен таңдаған тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізуге міндетті. Өзінің ғылыми деңгейін көтеруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдылары мен білімін игеруге міндетті. ОҒҚ тұрақты қатысып отыруға міндетті. Отырыстарда баяндама жасауға міндетті. ОҒҚ органдары басшыларының тапсырмасын жауапкершілікпен орындауға міндетті. Базасында ОҒҚ жұмыс істейтін ғылыми мекемелердің зертханасының, кабинеттерінің құрал-жабдщықтарына жауапкершілікпен қарауға міндетті. Бір және бірнеше шығармашылық топтарда белсенді жұмыс істеуге, ғылыми секция жұмыстарына, жарыстарға, конференцияларға, экспедицияларға, серуендерге қатысуға, оқушылар мен тұрғындар арасында ғылымды насихаттауға міндетті. Өзінің жұмысы туралы есеп беруге міндетті.. ОҒҚ кез келген мүшесі өз нәтижесі жөнінде оқу жылының аяғындағы секцияның жалпы жиналысында баяндайды. Секцияның озат жұмыстары мектеп жарыстарына ұсынылады. Жарыстарға ұсынылған жұмыстар бақылаудың ізденіс-тәжірибелік талдауымен және қорытындысымен жинақталған зерттеуу-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін. Жұмыс авторлар тобының орындауында болуы мүмкін. Конкурсқа ұсынылған ғылыми-зерттеу жобасы ғылыми-зерттеу журналымен және жетекшілердің пікірімен бірге ұсынылуы тиіс. Үйлестіруші кеңес өзінің жұмысы туралы сессияда есеп береді. Қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету көзі түрлі ұйымдар мен мекемелердің, әкімияттың, олардың ішінде шығармашылық өнімдерін тапсырушылардың, сондай-ақ азаматтардың бюджет басқармасының қаражаты болып табылады. Бұл қаражат ОҒҚ материалдық-техникалық базасын дамытуға, оқытудың сапасын арттыруға, жұмыс орындаушылардың – оқушылар мен мамандардың ынтасын арттыруға жұмсалады. Оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысы қызметінің тиімділігі оқушылардың қызметіне байланысты, өйткені оқушылардың қызметіне басшылық олардың жұмыстарын жоспарлауына қарай жүзеге асырылады. ОҒҚ жоспары мынадай бөлімдерден тұрады: .ОҒҚ мүшелерінің қызығушылық-танымдық және коммуникативті жұмысы.. Бұл бөлімге оқушылардың ғыылыми қоғамын ұйымдастыру мәселесін енгізу қажет. Бұл – кеңес мүшелерінің сыныпта және ғылыми секцияларда жүргізілген диагностика нәтижесімен танысу, пәндік ғылыми секциялардың жұмыс мазмұны, пәндік олимпиадаларға талдау, ғылыми конференцияларды дайындау. ОҒҚ кеңесінің отырысын жоспарлау мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға болжауға, бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!