Материалдар / Оқушылардың жазылым дағдыларын игерудегі СТО стратегияларын қолданудың маңызы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқушылардың жазылым дағдыларын игерудегі СТО стратегияларын қолданудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушылардың жазылым дағдыларын қалыртастыру үшін маңызы зор. Бұл мақаламда жазылым дағдыларын қалыптастыруға пайдасы бар әдіс-тәсілдермен бөлісіп отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2018
1262
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың жазылым дағдыларын игерудегі СТО стратегияларын қолданудың маңызыУмарова Айнұр ҚамиқызыАтырау қаласыЖамбыл орта мектебіҚазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңаша білім беру өте – мөте қажет». Н.Ә.Назарбаев. Бүгінгі күннің басты талабы - болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігінен көріну, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда әлемдік озық үлгілерді тиімді пайдаланып, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологияларын меңгеріп, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыруда, мемлекеттік тілді меңгеріп, сауатты жазып, сөйлеуіне жағдай тудыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпаққа жаңа серпіліс беретін бағдарлама деп білемін. Бұл бағдарлама бойынша түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби қызметім бойынша білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сыры туралы небір сұрақтар мазалап жүрген сәтімде мамыр айында арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы мазалаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік екеніне көзім жетті. Иә, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Оқытудың жүйесі өзгерді. Осыған байланысты алдымызда оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұрғандығы баршамызға аян. Яғни, қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, оларды еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырамыз. Бұл төрт дағды бір сабақтың үстінде өзара байланысты бірізділікпен жалғасын тауып жатады. Мен оқыту тәжірибемде оқушылардың сапалы білім алып, ойларын еркін айтатын, пікірлерін дәлелдей алатын, оны өмірде пайдалана алатын тұлға қалыптастыра алсам біліктілігім мен шеберлігімнің ұштасқаны деп ойлаймын. Оқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіме мынандай сұрақ қойдым: «Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады?» Осы сұрақты шешудің бір жолы, яғни жазылым дағдысын меңгеруде – СТО технологиясының ұтымды жақтары мол деп ойладым. Сондықтан, оқыту мен оқуға өзгеріс енгізіп, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың жазылым дағдыларын игеруде, тaнымы терең, тaлғамы жоғары дaра тұлға қалыптасуына ықпал етуде СТО стратегияларын қолданамын. Жазылым - төрт дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы. Сын тұрғысынан ойлау, қысқаша, өзін-өзі бағыттаушы, өзін- өзі қадағалаушы, және де өзін-өзі түзетуші болып табылады. Ол тиімді коммуникацияны және проблемаларды шешу  қабілетін  көздейді.  Оқу үшін және оқыту үшін еніп отырған жаңа бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.  Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Әр сабақты бастамас бұрын оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып аламын. Жалпы жаңартылған бағдарлама бойынша тілдік дағдыларды, соның ішінде оқылым мен жазылымда оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуін басты назарда ұстаймын. «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша «Жақсы сөз – жарым ырыс» тақырыбындағы сабағымда оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыру тапсырмасында «ПОПС» формуласын қолдану өте тиімді болды. Оқушылар тақырып бойынша «Сөз тазалығы» ұғымы туралы өз пікірлерін дәлелдеп, көзқарастарын білдіріп, шешім шығарды. Бұл әдіс оқушылардың өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуіне септігін тигізді және өз ойларын еркін жеткізуде тіл байлықтары дамып, жазу сауаттылықтары артты. Осы бөлім бойынша «Ана да тілінің қызметі» тақырыбындағы сабағыма қосымшалардың жазылу сипатына түсініктеме жазуда «Қос жазба»күнделігі әдісін пайдалану оқушылардың мәтін бойынша өзіне әсер еткен тұстарын бір жағына, сол үзінді туралы өз ойын, себеп-салдарын екінші жағына көркемдеп жазып, кейін жұпта, топта талқылауда жазбаша сөйлеу тілінің одан әрі дамуына тиімді әдіс болды. Оқушылар өз жауаптарын дәлелдеп отырды. Жазылым – графикалық үлгіде ойды жарыққа шығаруды қамтамасыз ететін тілдік әрекеттің өнімді түрі десек, сабақта қолданылған бұл әдіс-тәсілдер осының бір айғағы деп білемін. «Киім, сән, талғам» бөлімі бойынша «Дұрыс киіне білеміз бе?» тақырыбындағы сабағымда тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді тауып жазу тапсырмасын орындауда «Егіздер» әдісін пайдаландым. Мұнда екі оқушы тақтаға шығып, тақырып бойынша жаңа сөздерді жазып, үшінші оқушы сол екі сөзден тіркес құрайды. Қалған оқушылар тіркестерден сөйлем құрап дәптерлеріне жазады.Бұл әдіс оқушының жазылым дағдысымен бірге ойлау қабілетін арттырып, грамматикалық дағдыларын дамыта түскендігін байқадым. Яғни, бұл жерде бірлескен жазылым жұмысы көрінді. Осы әдіс бойынша тапсырма орындауда өте жақсы ахуал қалыптасқанын, ұжымдық түсіну сияқты табысқа қол жеткізгенімді байқадым. Оқушылар берген жауаптарын дәлелдеп отырды. Жалпы жаңартылған бағдарлама әсіресе оқылым мен жазылымда оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуін басты назарда ұстайды. Бірлескен оқылым мен жазылым сабақтарын ұйымдастыруда мұғалімге үлкен шеберлік керек. «Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша «Отбасым-бақытым» тақырыбындағы сабағымның ойтолғаныс кезеңінде «Үйрен жақсы әдеттен, жирен жаман әдептен» деген тақырыптағы әңгіме жазу тапсырмасын орындауда «Еркін жазу» стратегиясын қолдандым. Бұл әдіс оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттырып, әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз ойларын нақты, көркем тілмен жазбаша жеткізуіне мүмкіндік болды. Өз жұмыстарын оқу арқылы оқушылар өз пайымының қандай дәрежеде екендігін басқа оқушылардың пікірін тыңдау арқылы білді. Нәтижесінде оқушылар бір-бірінің жазба жұмысын мұқият тыңдай білді. Бұл әдісті қолданғанда жазылым мен тыңдалым қатар жүрді. Жұмыс аяқталған соң «Үш шапалақ» арқылы бірін-бірі бағалады. Бұл сабақ барысында оқушылар еркін жұмыс істеп, өздерінің жұмысын орындауда бірін-бірі мұқият тыңдап, алған білімдерін бекіте түсті. Осы бөлімдегі «Салт-дәстүр – халық мәдениеті» тақырыбындағы сабағымдағы топтық жұмыста «Сұрақтар жаңбыры» әдісін пайдаландым. Бұл әдіс тыңдалым дағдысымен қатар жүрді, яғни оқушылар тыңдалған мәтін бойынша қағазға бір сұрақтан жазып, келесі топқа лақтырып, қағып алған оқушы сол сұраққа жауап жазып, мәтін бойынша тағы да сұрақ жазып, келесі оқушыға лақтырады. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау, сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды және сұрақты жазбаша беруде тіл нормаларын сақтауда маңызы зор болды. Жай ғана көшіру немесе шығармашылықты талап ететін жазбаша тапсырмалар берілгенде, оны есте сақтауға белгілі бір жағдай тудырады. Жазба жұмыстарынсыз лексика-грамматикалық материалды есте сақтау оқушыларға қиындық туғызады. Сондықтан да басқа икемдерді дамытудағы жазылымның рөлін ескере отырып, жазылым мен жазба тіліне үйрету мақсатын дұрыс көрсеткенде, мақсатқа сай жаттығу орындатудағы тиімді әдіс-тәсілдерді толық қолданғанда, оқытудың белгілі бір кезеңінде орындағанда жазылым дағдысымен қоса ауызша сөйлеу тілі біртіндеп қалыптасады. .Жазылым әрекетінде жоғарыда аталған әдістерден басқа жазылым дағдысын дамытатын әртүрлі жазба жұмыстарын жүргізуге болады. Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін жоғарыда атап өткен болатынмын. Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы мақаланы қайта өңдеп жазуға көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамын. Мақаланың ішінен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерін пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады. Ой толғаныс кезеңінде Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат, стратегияларын қолданып жүрмін. Әр сабақта ұйымдастырылған жазылым дағдысын қалыптастырудағы жұмыстар арқылы оқушылар төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
  • оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің дамуы сөйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым,) бірлікте қалыптасты;
  • шағын әңгіме, мәтін, ертегі, әңгімені өз бетімен аяқтай алды;
  • оқушылар құттықтау хат, жарнама, шақыру хаттарын жаза алды;
  • оқушылар жеке жұмыс істеуге үйренді;
  • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінді;
  • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыды;
  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты;
  • өз ойын еркін жазбаша түрде бере алды;
Сабақтың қай құрылымында болмасын жазылым дағдысы бойынша осындай стратегияларды қолданғанда өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыра аламыз. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне  жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағытбағдар бере алады. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те әдіс жоқ, ұстаздың өз сабағына қажетті, тиімді, балаларға ұғынымды тәсілді таңдап алу-мұғалімнің өз қолында» деп айтқандай, оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдін сабақтың әр кезеңінде дұрыс пайдалану бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болу керек. Осылайша өз тәжірибемде педагогикалық шеберлікті жетілдіре отырып, мен үнемі шығармашылық ізденіс үстіндемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.
  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы 2014 ж.
  • «Білім технологиялары» № 3, 2014 ж.
  • Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012ж










Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіАтырау қалалық білім бөлімі













Облыстық семинарда қорғалған баяндама Оқушылардың жазылым дағдыларын игерудегі СТО стратегияларын қолданудың маңызы







Умарова Айнұр ҚамиқызыАтырауқаласыЖамбыл орта мектебіҚазақ тілі мен әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі























Атырау 31-қазан, 2017жыл

























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!