Материалдар / «Оқушылардың тілін дамытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен ойын элементтері арқылы қызығушылықтарын арттырудың жолдары».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Оқушылардың тілін дамытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен ойын элементтері арқылы қызығушылықтарын арттырудың жолдары».

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқушылардың тілін дамытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен ойын элементтері арқылы қызығушылықтарын арттырудың жолдары»туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2021
282
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









































«Бітік мектеп-бөбекжай» кешені» КММ Т.Бокин көшесі №2

Байланыс телефоны: 93-1-49

Электрондық почта: bitik_1@mail.ru





















































Ақжайық ауданы

«Бітік мектеп-бөбекжай» кешені» КММ






\Шеберлік сынып\

«Оқушылардың тілін дамытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен ойын элементтері арқылы қызығушылықтарын арттырудың жолдары».



Рисунок 2



Ағылшын тілі мұғалімі

А.С.Жаубатырова



2021-2022 оқу жылы.



Мақсаты:

Ағылшын тілін дамытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен ойын элементтері арқылы қызығушылығын арттырудың жолдарын көрсетіп, сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиямен таныстырып, ой бөлісіп, тәжірибе алмасу.


1) Кіріспе, топқа бөлу

2) Әдіс-тәсілдермен таныстыру

a) «Clean the blackboard!»

b) «Balloon»

c) «Complete the picture»

d) «Detective»

3) Рефлексия

4) Қорытынды



a) «Clean the blackboard!» жаттығуының мақсаты – өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру. Мысалы, сабақтың басында тақтаға үй тапсырмасына байланысты сұрақтар ілінеді. Осы тақтаны сұрақтарға жауап бере отырып, тазарту керек. Жоғарғы топта “My school” тақырыбында шағын эссе жазып келу керек. Осы тапсырманы тексермес бұрын, сұрақтарға жауап берсе, оқушылар эсселерінде қателері болса түзеп, дұрыс айтуға тырысады. Бұл жерде жазбаша орындамай келген оқушылар да өз үлестерін қосатыны сөзсіз.

Қалай ойлайсыздар, бұл әдістің жағымды және жағымсыз жақтары қандай?



b) «Balloon» жаттығуының мақсаты – оқушылардың лексикалық білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Әр топқа бір шардан беріледі. Топтарға тақырыптар беріліп, сол тақырыпқа байланысты сөздер табу керек. Бір минут ойларын жинақтап болғаннан кейін,

әр топтан бір оқушы шығып, сөздерді айта отырып, шарды үрлейді. Қай топтың шары

үлкен болса, сол топтың сөздік қоры көп деген сөз. Мысалы, бүгін сіздерге үш топқа

үш тақырып беріледі:

1) Fruits

2) Vegetables

3) Drinks

Қалай ойлайсыздар, бұл әдістің жағымды және жағымсыз жақтары қандай?

c) «Complete the picture» жаттығуының мақсаты – оқушылардың тақырыпқа байланысты сөздік қорларын байыту, қызығушылықтарын арттыру. Жаттығудың атын тақырыптарға байланысты өзгертіп отыруға болады. Бір сурет беріледі сол суретті толықтыру керек. Астында жазылған сөздердің суреттерін тауып алып, толықтырады. Мысалы, бүгінгі төрт топқа келесідей тақырыптар беріледі.

1) “Designer” – адамды киіндіру керек

2) “In the farm” – үй жануарларын табу керек

3) “My room” – үй жиһаздарын табу керек

Қалай ойлайсыздар, бұл әдістің жағымды және жағымсыз жақтары қандай?



d) «Detective» жаттығуының мақсаты – оқушыларды еркін сөйлеуге баулу. Бір мәтін беріледі, оқып шығып, ішінен негізгі деген 10 сөзді теріп алу керек. Келесі кезекте сол сөздермен мәтіннің түсінігін айтады.

Қалай ойлайсыздар, бұл әдістің жағымды және жағымсыз жақтары қандай?


Рисунок 13



Blob tree” әдісі кері байланыс



Рефлексия «Вагондар». Суреттегі вагондардың қайсысына мінер едіңіз? Яғни, әр вагонда бүгінгі айтылған жаттығулардың аттары жазылған. Сізге қайсысы ұнады, сол вагонга смайликті жапсырыңыз. Біз бұл жерде сіздерге қай әдіс жаңа немесе қызықты болды соны анықтаймыз.






Олай болса, бүгінгі сіздерге әкелген жаттығуларым осы. Сабақтарыңыз әрқашан қызықты әрі жемісті болсын деп тілеймін. Олай болса, барлығымыз ортаға шығып, бір-бірімізге рахмет айтсақ. Бірінші сол қолыңызды алдыға созып, алақаныңызды ашып, осы семинарға дейінгі өзіңіздің көңіл-күйіңізді еске түсіріңіз. Енді оң қолыңызды алдыға созып, алақаныңызды ашып, семинардан кейінгі көңіл-күйіңізді ойлаңыз. Енді екі қолымызды соғып, барлығымыз бірге «Рахмет» деп айтайық. Тыңдап, қатысқандарыңызға рахмет























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!