Материалдар / ОҚУШЫЛАРҒА ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ОҚУШЫЛАРҒА ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтың ұлттылығы тек қана санмен ғана емес, адамзат баласының ой-өрісіне қосқан мәдениетімен, білімімен, рухани дүниетанымымен бірге ұлттық дәстүрлі өнерімен айқындалады. Халқымыздың қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты болған. Ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұраның ең асыл құнды қазынасы. Қолөнер - өресі биік, өрісі кең өнер. Қазақ халқы - кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші. Тарихымызға үңілсек, ұрпағын жан-жақты тәрбиелеуде, ақын-жырауларымыз, ойшылдарымыз, мәдени мұрамыз, ұлттық мәдениетіміз, өнеріміз, музыкамыз қай дәрежеде дамығанынан байқай аламыз. Оларды әлемдік денгейге көтере отырып, дүние жүзіне таныта да, таңқалдырып келе жатқандығы әрбір қазақтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
469
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУШЫЛАРҒА ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ


Шаменова Эльмира Сулейменовна

Шымкент қаласы, №35 М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінің

көркем еңбек пәні мұғалімі


Халықтың ұлттылығы тек қана санмен ғана емес, адамзат баласының ой-өрісіне қосқан мәдениетімен, білімімен, рухани дүниетанымымен бірге ұлттық дәстүрлі өнерімен айқындалады. Халқымыздың қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты болған. Ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұраның ең асыл құнды қазынасы. Қолөнер - өресі биік, өрісі кең өнер. Қазақ халқы - кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші. Тарихымызға үңілсек, ұрпағын жан-жақты тәрбиелеуде, ақын-жырауларымыз, ойшылдарымыз, мәдени мұрамыз, ұлттық мәдениетіміз, өнеріміз, музыкамыз  қай дәрежеде дамығанынан байқай аламыз. Оларды  әлемдік денгейге көтере отырып, дүние жүзіне таныта да, таңқалдырып келе жатқандығы әрбір қазақтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз.

Тұңғыш Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты жариялаған мақаласында тарихтан сыр шертетін ұлттық құндылығымызды, қолөнерімізді атап көрсетті. Қазақ даласында қолөнердің кеңінен тарағандығын және ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп қалдырғаны жайлы айтады. «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар - дей отырып, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуды жолға қоюды міндеттеді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей қазақ халқының ұлттық мәдениетін, мәдени мұрасын, дәстүрлі қол өнерін, музыкасын дүниежүзілік деңгейге көтерсек қазақ ұлты ұлы, өркенеиетті ұлттар қатарынан көрінетіні сөзсіз. Ол үшін біз ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміздің тарихи дәстүрлі бастауларын насихаттауымыз қажет. Ендігі жерде ұлттық өнерімізге, ата-бабаларымыздың діни наным-сенімі көрініс тапқан бүгінгі таңдағы ұлттық өнер туындыларын насихаттауды әр қазақтың міндеті деп санауымыз керек. Дәстүрлі өнеріміздің тарихи тамыры тереңде жатқаны бәрімізге белгілі, сондай-ақ қазақ ұлттық өнерінің негізгі бастауы болып табылатын наным-сенімдер қолөнер және ою-өрнек   негізінде қарастырылады. Дәстүрлі  өнер арқылы өскелең ұрпақтың өмір, табиғат жөніндегі дүниетанымдарын қалыптастырып, ақыл-ой, рухани эстетикалық талғам-түсініктерін, танымдық тәлім-тәрбиенің даңғыл жолын ашуға өз ұлтымыздың бүкіл болмысын қалыптастыруда өнердің берері мол.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты – алған білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өзгермелі өмір жағдайында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, адамгершілік тұрғыдан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін технология сабағында оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты енгізу және туған халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мүмкіншілігі мол. Мектепте технология сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы ерекше. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетті айналу үшін еңбек ету талабын қалыптастырудың зор маңызы бар. Бұл міндет адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігі мен мүддесіне сай келетін және моральдық қанағаттану сезімін беретін іспен шұғылданып жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу – еңбекті дұрыс таңдап алумен тығыз байланысты. Еңбекке шығармалышық тұрғысынан қарау ғана еңбекті тек жасау мен материалдық игілік алудың құралынан, ортақ рухани және ең алдымен адамның адамгершілік дамуының құралына айналдыра алады. Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбилеудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Технология сабағының мақсаты: қолөнердің барлық салаларын бағдарламаға енгізіп, ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие берудің тиімділігін көрсету тиіс. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз: еңбекқорлық, ұлтжандылық, рухани мәдениет, іскерлік, табандылық, шыдамдылық, ізденімпаздық және жаңашылдық. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Қолөнер өзіне тән әлемі, қоршаған ортасы, өзіндік күші бар, ол ешқандай өтпелі құндылықтарға бағынбайды. Өзіне деген тыныштық пен сенім бізге белгілі бір дағдылар мен икемдерге жеткізеді.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында оқушылардың жалпы білімін көтеру, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырып, бүгінгі оқушы, ертеңгі жас маман екенін ескере отырып, оларға кәсіби білім беріп, қабілетін, дарынын аша білу, шығармашылыққа бағыт-бағдар беру әр мұғалімнің мақсаты болып табылады. Қолөнердің тәрбиелік мәні арқылы оқыту кезеңінде өнерге, өзіне деген көзқарасын, білімін, біліктілігін арттырып, шығармашылыққа баулимыз. Әр оқу пәні оқушы алдында мүмкіндігінше еңбек пен мамандықтар әлемін ашады. Бұл мүмкіндік әсіресе технология пәнінде жүзеге асырылады. Технология – шеберлік, іскерлік, білгірлік мектебі десек болады. Технология сабақтарында оқушылар жан-жақты дүниетанымын қалыптастыра отырып, болашақта өмірге, өндіріске қажетті мамандық алып шығады, саналы, заман талабына сай өмірге бейімделген, еңбекті бағалайтын, үнемшіл ұрпақ тәрбиеленеді. Еңбек сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізіледі. Қолөнерге ұштастыра білім мен тәрбие берудің түрі – шығармашылыққа баулу. Ал қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ, оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Еңбек үстінде шығармашылық ізденудің нәтижесінде алуан қолөнер туындылары дүниеге келеді. Сыныптарда оқушылардың мұндай топтарының болуы - білімді қалыптасытыру кезінде шеберлікті, шығармашылықты дамыту үшін дифференциалды көзқарасты керек етеді. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, ғылым жолына жетелеудің алғашқы баспалдағы оларды ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға баулу. Сол себепті қабілетті оқушыларды іріктеу әртүрлі зерттеулер жүргізу арқылы жүзеге асады. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Итальяндық физик Галилео Галилей:- «Баланы бір нәрсеге қайталауға үйреткенше, жаңалық ашуға мүмкіндік бер!»-деген екен. Яғни, педагог баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені ақиқат.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Арғынбаев Х. «Қазақ халқының қолөнері» Алматы.

2. Әбдіғапбарова Ұ.М. «Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою-өрнек өнерін пайдалануға студенттерді даярлау» Алматы, 1998ж.

3. Жарықбаев Қ. «Қызық тәлімтәрбиесі» Алматы. «Санат баспасы».

4. Қасиманов С. «Қазақ халқының қолөнері» Алматы 1995ж.

5. Д.Шоқпарұлы., Д.Дәркембайұлы «Қазақтың қолданбалы өнері» Алматы, 2007ж.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!