Материалдар / Оқушының құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқушының құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының құқықтық мәдениетін қалыптастыру онкүндігіне арналған есеп тәрбие жұмысына көмек болады. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілері мен түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2018
490
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.Таенов атындағы орта мектеп»КММ2017-2018 оқу жылыҚұқық онкүндігінің өткізілгені туралы есеп«М.Таенов атындағы орта мектеп» КММ-де «Ұлан аудандық білім бөлімі» ММ бұйрығы негізінде құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарына сәйкес сәуір айының 02-12 аралығында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілері мен түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында онкүндік іс-шара жоспары жасалынып өткізілді.            Сәуірдің 02 күні мектебімізде оқушыларға декаданың ашылуы туралы лездеме өткізілді. Мақсаты мен міндеттері туралы мәліметтер беріліп, өткізілетін іс-шара тақырыптарымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.Онкүндік аясында 1-11 сынып оқушылары арасында ҚР заңдарын білу және сақтау туралы видеролик көрсетілді. Мектеп тәлімгері Бозанбай орта мектебінде өткен семинар –практикумге қатысып, қоғамдық тәрбиешінің жұмысы туралы ақпарат бойынша мектеп мұғалімдеріне таныстырып өтті. 06.04.18ж әрбір сыныпта “Бала құқығы - асыл қазынаатауымен тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға өздерінің құқықтары жайлы кеңінен мәлімет берілді.12.04.18ж ауданда өткізілетін әкелер арасындағы құқықтық сайысқа дайындығымыз жақсы болды. Бірақ, мектепте ОЖСБ өткендіктен сайысқа қатыса алмадық. Себебі, жетекші әке - мектеп психологы Айтказинов Асхат Муратович 4-9-11 сынып оқушыларымен жұмыс жасады. 12.04.18ж құқық бұзушылықтың себептерін оқып білу мақсатында 7-11 сынып оқушылары арасында «Мені мазасыздандырады...», 4-6 сынып оқушылары арасында «Мен өз құқықтарымды білемін бе?» тақырыбымен сауалнамалар жүргізілді. Сауалнаманы мектеп психологы Айтказинов А. М. пен сынып жетекшілер жүргізді. Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған акция барысында 6- сынып жетекшісі М.Мукият пен 9 сынып жетекшісі Садыбекова А.К.  ұйымдастыруымен оқушыларға  жоғарыда айтылған мәселелер кеңінен түсіндіру мақсатында   мектеп дәлізінде стенд дайындалды, директордың тәрбие жөніндегі  орынбасары А.К. Сагиеваның қатысуымен әр сыныпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жалпы мектебімізде оқушының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салты, өмір қауіпсіздігі және қауіпсіздік негіздері туралы сынып сағаттары ай сайын жоспарға сай өткізіліп тұрады.  Кейбір сынып жетекшілер аталған онкүндікте белсенділік танытпады. Ол кісілермен түсінік жұмысы жүргізіліп, келешекте қайталанбауға уәде етті. Өткізілген ақпарат БАҚ-да жарияланған жоқ. Бұл біздің басты кемшілігіміз. Алдағы уақытта өткізілген іс-шараларды аудан әкімінің сайтына жариялап отыруға тырысамыз.



Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Сагиева А.К.  





































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!