Материалдар / ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БИЛИНГВАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БИЛИНГВАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал мектеп оқытушыларына, сонымен қатар колледж оқытушыларына да сабақ өту барысында шет тілдерімен байланыстыру мақсатында қолданылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
681
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БИЛИНГВАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ 
Нұрбаева Әсемгүл Жанұзаққызы

Информатика пәнінің І санатты оқытушысы

Арал индустриалды-техникалық колледжі

















































Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесінің алдына қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, әлеуметтік тұрғыда белсенді, ұтқыр, өзгерістерден қорықпайтын, халық үмітін ақтауға даяр болашақ қазақстандықты тәрбиелеу міндетін қойды. Елбасы атап көрсеткен бұл басымдықтар білім беру саласындағы барлық қызмет көрсетулер сапасын арттырудың негізгі бағыттарын айқындайды. 

2017 жылы 31 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жарияланған жолдауында «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.

Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін. Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сонымен қатар кейбір пәндерді білім беру ұйымдарында оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, орыс тілінде де, жүргізілуі туралы ойласу керектігін және бұл біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет екендігін айрықша атап өтеді.

Елбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыру ұсынылған. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабылетін кеңейтіп отырған. Яғни, бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның көшбасшысына айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Түптеп келгенде, Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Бұл Жолдауында Елбасы «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» екендігін жеткізген.

Адамзат баласының тарихында ұрпақ тәрбиесінің білім берудің маңызы қашанда ерекше. Сондықтан халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп ұстазға үлкен талап артып, жауапты міндет жүктейді. Сол жауапты міндетті арқалаған ұстаз шәкірт жүрегіне жол тауып биік белестерге жетелеудің жолын қарастырады. Өз ісінің шебері болу үшін көп ізденіп, қайта оқып, мол тәжірибе жинайды, әдіс алмастырады. Сондай жаңа бір әдістің түрі «Билингвалды оқыту жүйесі» жаңаша оқыту арқылы біз оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, өз - өзін еркін ұстауға, тілін, ойын еркін жеткізуге, қысылмай сөйлеуге, топпен жұмыс істеуге, бірін-бірі білуге, қазақ тілін өз ана тіліндей меңгеруге үйретеміз. 
Қазіргі кезде Республикамыздың өзге ұлт мектептерінде оқытудың жаңа әдістерінің бірі «Билингвалды оқыту жүйесі» болып табылады. Билингвалды оқытуда -қазақ тілі тек қана пән ретінде емес кейбір пәндерді қазақ тілінде оқыту кұралы ретінде қолданылады, яғни осы әдіс бойынша оқытуда әрі оқу мазмұнын меңгеруде 2 тілді қатар қолдану болып табылады.

Билингвалды оқыту дегеніміз не? 
- билингвалды оқытуда - қазақ тілі тек қана пән ретінде емес, кейбір пәндерді қазақ тілінде оқыту құралы ретінде қолданылады; 
- билингвизм, немесе екі тілділік - екі тілді меңгеру және қолдану; 
- билингвал оқыту - екі тілде оқыту қолданатын мақсатқа бағытталған жүйе; 
- билингвалды оқыту - оқу мазмұнын меңгеруде екі тілді қолдана оқыту; 
- билингвалды оқыту - аудармасыз оқыту; 
-билингвалды оқыту - бір мақсатқа бағытталған процесс. 
Билингвалды оқытудың мұғалімге қоятын талаптары: 
1. Тұлғаның қасиеттері: 
- өздігінше іздену, сенімділік, әріптестердің жұмысын бағалай білу; 
- өзге ұлт мәдениетіне қызығушылықпен қарап, қарым –қатынас жасау қабілетінің артуы; 
- этникалық дүниетанымы кеңейіп, өзіне сенімділік пайда болу. 
2. Мұғалімнің білімі: 
- өз пәні бойынша академиялық білім алу; 
- әдістемелік технологияларды білу; 
- екі тілді білу (ана тілі мен қазақ тілінде ); 
- әлемдік билингвал оқытудың тарихын, тәжірибесін білу; 
3. Дағды және біліктілік: 
- білімді интеграциялау; 
- ұйымдастырушылық; 
- зерттеушілік; 
- топ болып жұмыс істеу; 
4. Педагогикалық технология: 
- дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту әдістерін біріктіру; 
- шығармашылық жүмыс жасау; 
- көрнекі құралдарды пайдалану; 
- интернет ресурсын тиімді пайдалану.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңін екі тілде немесе ана тілінде бастайды да, үй тапсырмасын екі тілде сұрап пысықтайды. Сонда қандай пән болсын ондағы термин сөздердің қазақша баламасын кез келген оқушы түсініп ұғып отырады. Болашақта ешқандай қиындық тумайды. Күнделікті тамған бір тамшы су сияқты бірнеше сөздерден оқушының сөздік қоры молайып бара береді. Тест тапсырмасын орындауда жаттығу жұмысын жазуда еш нәрсе бөгет бола алмайды. Сөздік кітаптарын іздестіріп ондағы сөздің баламасын табуға уақыт кетпейді, міне осының бәрі оқушы үшін тиімді әрі қолайлы. 

Жаңа тақырып міндетті түрде ана тілінде түсіндіріледі. Бала ана тілінде білім нәрімен сусындауы тиіс. Ал, жаңа тақырып мемлекеттік тілде пысықталуы тиіс. Сонда жаңа тақырыптағы сөздердің мағынасы кең ашылып, оқушының тез ұғынуына қолайлы болады. Қорытынды екі тілде немесе ана тілінде болады. 

Билингвалды оқыту жүйесін мектеп жасынан бастап оқытуға болады. Бастысы бір жүйеде мақсатты түрде болса болғаны. Осы жүйеде оқыған балдардың айтар ерекшелігі қазақ тілін тез үйреніп, тіпті қазақ тілде оқытылатын өз замандастарымен оза шабуға бәсекелестікке де дайын болады. 

Билингвалды және көптілді білім - жан-жақты мәдениетті, креативтік, толеранттық, дүниетанымдық құзіреттілігі қалыптасқан, дамыған түлғаны қалыптастырудың негізі. 
Ана тілін сақтай отырып, мемлекеттік тіл - қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі - орыс тілін білу және шет тілдерінен бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтіп, коммуникативтік құзіреттілігі дамыған, ұлтаралық қатынас мәдениеті қалыптасқан тұлға болып дамуына жол ашады.

Оқу-тәрбие процесіне билингвалды және көптілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі: 
- бүгінгі қоғамда көптілді және жан-жақты мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы; 
- ұлттық мектеп бітірушілерін жалпы қазақстандық және әлемдік білім мен ақпарат кеңістігіне интеграциялануындағы проблемаларды шешу қажеттілігі; 
-болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы; 
-ұлттық мектеп бітірушілерінің коммуникативті, толеранттық және ақпараттық құзіреттілігінің жеткілікті деңгейіне қол жеткізу.

Көптілді білім беруде пәндерді билингвальді оқытудағы ерекшеліктермен таныстыру;

  • көптілді және билингвальді білім беру қолданылатын терминдер тұралы түсінік беру;

  • көптілді және билингвальді білім беру қағидалары мен таныстыру;

  • көптілді және билингвальді білім беруде пән мен тілді кіріктіру арқылы пән мазмұнын игеру жолдары мен таныстыру;

  • көптілді және билингвальді білім беруде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдары тұралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:

  • Көптілді білім беруде пәндерді билингвальді оқытудағы ерекшеліктер мен танысады;

  • Көптілді және билингвальді білім беруде оқушылар тілдік дағдылары дамиды.

  • Көптілді және билингвальді білім беру қолданылатын терминдер туралы түсінік алады

  • Көптілді және билингвальді білім беруде пән мен тілді кіріктіру арқылы пән мазмұнын игеру жолдарын үйренеді

  • Көптілді және билингвальді білім беру қағидалары мен танысады

  • Билингвизм - қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін жеке тұлға.

  • Полилингвизм – екі немесе одан көп тілді үйрену.

  • Монолингвизм – бір тілді қолдану

  • Стереотип – тәртіп, ой, мәлім бір ұлттың келбеті, мәдениет, әлуметтік категориясына қатысты қалыптасып қалған жеңілдетілген ой, болжамдар

  • Көптілділік – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.

  • Билингвтің сипаттамасы (лат. bi-екеу, лат. lingua-тіл) - екі немесе оданда көп тілде сөйлей алатын тұлға.

  • Құзыреттілік - білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуде қолдана алу қабілеттілігі аталады.

  • Полимәдениетті тұлға деген - көпұлтты , көпмәдениетті ортада өмір сүруді білетін, өз ұлтының мәдениетін, әдет – ғұрпын білетін, басқа ұлттардың мәдениетін құрметтейтін тұлға.

  • Анығырақ айтсақ көп ұлтты және көпмәдениетті ортада өзін нәтижесі және белсенді сезіне отырып қызмет атқара алатын өзге мәдениетке, бейбітшілік пен келісімді өмір сүре алатын бәсеке қабілетті маман қалыптастыру үшін көптілді білім өте қажет.

  • Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Ана тілінен басқа шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді. Сондықтан, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілдіңді құрметте» демекші жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылығы мен талпынысын арттыруымыз керек және де сол арқылы Отанға деген патриоттық сезімі жұдырықтай жүректерінде оттай лаулап тұратын тұлға тәрбиелеуді – басты міндетіміз деп білуіміз керек.

Билингвалды оқыту жүйесін қолдану аясында айтарлықтай нәтижелер болып, көптеген жетістіктерге жете аламыз: 
- балалар мемлекеттік тілді толық меңгере біледі; 
- екі тілде еркін ойлау, сөйлеу дәрежесі дамиды; 
- білім алушылар кез келген оқу орындарында, сайыстарда білімдерімен қоғамдық бәсекелестікке сай бола алатындығын керсетеді; 
- білім алушы өз кемшілігін байқайды, өз қатарынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады; 
- өз зейінін тәрбиелейді; 
- білім жүйелілігі мен тізбекті байқайды; 
- ойланып оқуға дағдыланады; 
- ойлау мен іс-әрекетіндегі еркіндік пайда болады; 
-тапсырмаларды орындағанда алған бетінен қайтпауға дағдыланады. 

Мен «1304022 Байланыс құрастырушысы – кабельші» мамандығы бойынша оқитын І курс білім алушыларына өткен өз сабағымда билингвалды оқытуды қолданған жоспарымды ұсынып отырмын.

Бұл сабақта мен, өтілген тақырыпты қайталау, яғни үй тапсырмасын сұрау кезеңдерінде және жаңа сабақты түсіндіру барысында билингвалды оқытуды қолдандым.

Алдыңғы сабақта үйге берілген тапсырма өтілген тарау бойынша қорытындылап келу. Яғни MS Excel кестелік процессорының терезе элементтерін орыс тілінде және ағылшын тілдерінде айтып оның қызметін түсіндіру керек.

Ал жаңа тақырып «MS Power Point бағдарламасын» түсіндіру барысында глоссарий қолдандым. Техникалық терминдерді 3 тілде айта отырып, оның функциялық міндеттері мен қызметі, қолданылу барысы қазақ тілінде түсіндірдім.


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

1

Көрме

выставка

exhibition

2

Презентация

Презентация

presentation

3

Слайд

Слайд

slide

4

Жан бітіру

Анимация

animation

5

Мультимедия

Мультимедия

multimedia

6

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!