Оқыту үрдісіндегі инновациялық-интерактивті әдістер: кондитерлік және наубайханалық бағыттағы кәсіби білім беру тәжірибесінен
Алматы
Алматы экономикалық колледжі
Өндірістік оқыту шебері
Асия Тимурқызы
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек нарығына бәсекеге қабілетті маман даярлау – басты міндеттердің бірі. Әсіресе, кондитер мен наубайшы мамандығына оқытылатын студенттерге тек теориялық білім жеткіліксіз. Олар нақты тәжірибеге, өз қолымен жасап көруге, технологиялық процестерді меңгеруге мұқтаж. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық және интерактивті оқыту әдістері – кәсіби оқытудың басты құралына айналуы тиіс.
Инновациялық әдістер – білім беруді жаңаша ұйымдастыруға, оқушының қызығушылығын оятуға бағытталған педагогикалық тәсілдер. Арнайы пәндерде олар әсіресе практикалық машықтандырумен ұштастырыла отырып, келесідей нәтижелерге қол жеткізеді:
-
Жаңа рецептураны әзірлеуге үйрету (жобалық әдіс);
-
Өндірістегі нақты жағдайларды талдау (кейс-стади);
-
Цифрлық технологияларды пайдалану (AR-видео, виртуалды экскурсиялар, 3D модельдер);
-
Жеке оқу траекториясын қалыптастыру (модульдік оқыту).
Мысал:
«Қамыр илеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында – әр топқа түрлі технологиямен жұмыс істейтін қамыр түрін әзірлеуге тапсырма беріледі. Студенттер ұн сапасы, ашытқы түрі, ылғалдылық деңгейіне байланысты қорытынды жасап, тұжырым шығарады.
Интерактивті әдістерді қолдану – студентті білім алушыдан белсенді тәжірибе жасаушы деңгейіне көтереді. Олар топпен жұмыс істеуге, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге, практикалық дағдысын көрсетуге көмектеседі.
Кондитерлік пәндерге бейімделген әдістер мысалдары:
|
Әдіс атауы |
Қолдану мысалы |
|
«Миға шабуыл» |
«Бисквит неге шөгіп кетеді?» сұрағына жауаптар жинау |
|
«Кейс-стади» |
Өндірісте пайда болған ақаудың себебін анықтау (мысалы, қатты қыртыстану, нашар көтерілген қамыр) |
|
«Рөлдік ойын» |
«Маман – тапсырыс беруші – санитар дәрігер» қатысуымен өнім әзірлеу және қорғау |
|
«Галерея» әдісі |
Студенттер өздері әзірлеген мини-десерттерді көрмеге қойып, сыныптастары бағалайды |
|
«Fishbone» (балық қаңқасы) |
Шоколад глазурі дұрыс қойылмау себебін зерттеу |
Автор өзінің тәжірибесінде бірқатар біріктірілген әдістерді пайдаланады. Мысалы:
-
Жобалық оқыту + ролдік ойын – «Үйлену тойына арналған 3 қабатты торт» жобасы. Студенттер кондитер, дизайнер, есепші рөлін бөлісіп, нақты жобаны әзірлейді.
-
Кейс-стади + “Ойлан – жұптас – бөліс” – «Бөлке нан тез көгеріп кеткен жағдайды» талдау барысында себептер анықталып, шешу жолдары ұсынылады.
-
Виртуалды экскурсия + талқылау – студенттер онлайн форматта наубайханалық цехпен танысып, көргенін талдайды.
Кәсіби білім беру жүйесінде теория мен тәжірибені тиімді ұштастыру – сапалы маман даярлаудың негізі. Осы мақсатта инновациялық-интерактивті әдістерді қолдану – оқыту үдерісін жандандырып қана қоймай, білім алушының кәсіби, технологиялық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады. Кондитер мен наубайшы мамандығына оқытатын педагог әр сабағын заманауи тәсілмен ұйымдастырса – еңбек нарығына бейімделген, шебер де сапалы маман даярланады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқыту үрдісіндегі инновациялық-интерактивті әдістер: кондитерлік және наубайханалық бағыттағы кәсіби білім беру тәжірибесінен
Оқыту үрдісіндегі инновациялық-интерактивті әдістер: кондитерлік және наубайханалық бағыттағы кәсіби білім беру тәжірибесінен
Алматы
Алматы экономикалық колледжі
Өндірістік оқыту шебері
Асия Тимурқызы
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек нарығына бәсекеге қабілетті маман даярлау – басты міндеттердің бірі. Әсіресе, кондитер мен наубайшы мамандығына оқытылатын студенттерге тек теориялық білім жеткіліксіз. Олар нақты тәжірибеге, өз қолымен жасап көруге, технологиялық процестерді меңгеруге мұқтаж. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық және интерактивті оқыту әдістері – кәсіби оқытудың басты құралына айналуы тиіс.
Инновациялық әдістер – білім беруді жаңаша ұйымдастыруға, оқушының қызығушылығын оятуға бағытталған педагогикалық тәсілдер. Арнайы пәндерде олар әсіресе практикалық машықтандырумен ұштастырыла отырып, келесідей нәтижелерге қол жеткізеді:
-
Жаңа рецептураны әзірлеуге үйрету (жобалық әдіс);
-
Өндірістегі нақты жағдайларды талдау (кейс-стади);
-
Цифрлық технологияларды пайдалану (AR-видео, виртуалды экскурсиялар, 3D модельдер);
-
Жеке оқу траекториясын қалыптастыру (модульдік оқыту).
Мысал:
«Қамыр илеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында – әр топқа түрлі технологиямен жұмыс істейтін қамыр түрін әзірлеуге тапсырма беріледі. Студенттер ұн сапасы, ашытқы түрі, ылғалдылық деңгейіне байланысты қорытынды жасап, тұжырым шығарады.
Интерактивті әдістерді қолдану – студентті білім алушыдан белсенді тәжірибе жасаушы деңгейіне көтереді. Олар топпен жұмыс істеуге, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге, практикалық дағдысын көрсетуге көмектеседі.
Кондитерлік пәндерге бейімделген әдістер мысалдары:
|
Әдіс атауы |
Қолдану мысалы |
|
«Миға шабуыл» |
«Бисквит неге шөгіп кетеді?» сұрағына жауаптар жинау |
|
«Кейс-стади» |
Өндірісте пайда болған ақаудың себебін анықтау (мысалы, қатты қыртыстану, нашар көтерілген қамыр) |
|
«Рөлдік ойын» |
«Маман – тапсырыс беруші – санитар дәрігер» қатысуымен өнім әзірлеу және қорғау |
|
«Галерея» әдісі |
Студенттер өздері әзірлеген мини-десерттерді көрмеге қойып, сыныптастары бағалайды |
|
«Fishbone» (балық қаңқасы) |
Шоколад глазурі дұрыс қойылмау себебін зерттеу |
Автор өзінің тәжірибесінде бірқатар біріктірілген әдістерді пайдаланады. Мысалы:
-
Жобалық оқыту + ролдік ойын – «Үйлену тойына арналған 3 қабатты торт» жобасы. Студенттер кондитер, дизайнер, есепші рөлін бөлісіп, нақты жобаны әзірлейді.
-
Кейс-стади + “Ойлан – жұптас – бөліс” – «Бөлке нан тез көгеріп кеткен жағдайды» талдау барысында себептер анықталып, шешу жолдары ұсынылады.
-
Виртуалды экскурсия + талқылау – студенттер онлайн форматта наубайханалық цехпен танысып, көргенін талдайды.
Кәсіби білім беру жүйесінде теория мен тәжірибені тиімді ұштастыру – сапалы маман даярлаудың негізі. Осы мақсатта инновациялық-интерактивті әдістерді қолдану – оқыту үдерісін жандандырып қана қоймай, білім алушының кәсіби, технологиялық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады. Кондитер мен наубайшы мамандығына оқытатын педагог әр сабағын заманауи тәсілмен ұйымдастырса – еңбек нарығына бейімделген, шебер де сапалы маман даярланады.
шағым қалдыра аласыз


