Материалдар / Оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал колледжде оқитын студенттерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Шілде 2018
679
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану а) Білім салалары Рефлексиялаушы кәсіпқойды даярлау жеке тұлғалық, жалпы мәдени білімділікті, кәсіби-педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу тәжірибесін және әлеуметтік, мінез-құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді білуді қажет етеді.Оқу мен оқыту туралы ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген.Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады. Келесі тарауда аталған салалардың әрқайсысына түсініктеме беріліп, олардың өзараәрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын оқыту түрі анықталады. ә) Пәндік білім (ПБ)Пәндік білім дегеніміз – оқытылатын пән бойынша өзекті білім. Айталық, химия пәнініңбілікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті түрдебіліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. б) Педагогикалық білім (ПедБ)Педагогикалық білім – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерінбілуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді,белгілі бір жастағы балалардың ерекшеліктерін, оқушылардың оқу материалын түсінуін бағалау стратегияларын білуді көздейді. Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің мұғалімге арналған нұсқаулық және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. 6-суретте педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқыту мен оқудың тоғызтүйінді ұстанымы сипатталған.





6-сурет. Оқыту мен оқудың түйінді тоғыз қағидатыЖаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеялар-ды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердіңпедагогикалық аспектісі болып табылады. в) Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларғаайналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалықбілімдердің біртұтастығы болып табылады.Жаратылыстану ғылымдарын оқыту тұрғысынан алғанда аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамалардыбілікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас байланыста болуын көздейді.Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.БПА нәтижелілікті қамтамасыз ететін аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және көрсету әдістерін қолдана отырып, оқытуда ғылыми идеяларды қолданудың тиімді, оңтайлы формалары болып табылады. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалық аспектісі мұғалімге оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл себептер кей жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі мұғалімге арналған нұсқаулық | оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігіментүсіндіріледі. г) Технологиялық білім (ТБ)Технологиялық білімоқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар,сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!