Материалдар / Оқытуды жақсартудағы менің ойым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқытуды жақсартудағы менің ойым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытуды жақсартуға байланысты менің ойым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
225
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭССЕ

Оқытуды жақсатрудағы менің ойым

Әрбір ұстаздың алдындағы мұраты,ең қасиетті міндеті-рухани бай,дарынды тұлға қалыптастыру және білім беріп қана қоймай,әр баланың мүмкіндігін ашу,оны шығармашыл тұлғаға жетелеу.

Тәрбие мен білім егіз ұғым. «Еліміздің болашағы-бүгінгі жас ұрпақтың қолында,жас ұрпақтың болашығы-ұстаздардың қолында»-деп,Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру,қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-білімді,жан-жақты тәрбиешінің қолында деп ойлаймын.Әрбір ұстаз үнемі ізденіспен,шығармашылықпен жүрсе,жаңашылдыққа жақын болғаны.Осы орайда балалардың танымдық қабілетін дамыту білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділігін жетілдіру үшін тиімді әдіс-тәсілдер іздестіру керек.Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп,толығып жатқаны белгілі.Жаңа технологияны,әдіс-тәсілдерді тмімді қолдану білім сапасын арттырады. орайда балабақшада оқытуды жақсартудағы өз ойымды айтқым келеді.Заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді пайдалану баланың қызығушылығын оятады.Атап айтар болсам миға шабуыл,диолог,топтық шығармашылық жұмыс,пазл,синквейн әдістері баланың ойын дамытып,жан-жақты білім алуына,ойының дамуына,топпен жұмыс жасай алуына,бір-біріне сұрақтар койып,жауап берулеріне септігін тигізеді.Және де балабақшадағы баланың белсенділігін ынталандыратын,оқыту мен тәрбиелеудің ең тиімді түрі-ойын.Баланы дамытуда ойынның маңызы ерекше деп білемін.Өйткені ойын балалар үшін айналаны танып-білу тәсілі.Дидактикалық ойындар арқылы бала қоршаған ортадағы заттарды танып,қасиеті мен сапасын ажырата біледі.Л.С.Выготский: «Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы деген болатын.

Балабақшада жұмысында легко-конструктор жаңа бағыт болып табылады.Конструктордың көмегімен балалар кез-келген қиялды іске асырады және өз әлемдерін құрады,физикалық,геометриялық заңдарды меңгереді,маториканы,қимылдарды үйлестіруді меңгереді.

Баланың шығармашылық қабәлетін дамуына сурет салудың да маңыздылығы зор деп білемін.Мысалы:құммен сурет салу,бастырма,бір бастырма,бір нүкте арқылы сурет салу,сия тамшысы арқылы сурет салу.Осылардың ішінде ең қызықтысы-құммен сурет салу.Қүммен сурет салу қазіргі инновациялық әдістерінің бірі.Бала құмды алақанымен ұстағанда белгілі бір шексіздікті сезінеді.Және де тағы бір жаңа әдістің бірі-арт- терапея әдісі.Арт-терапия жаттығулары балаға өз шығармашылығын ашуға мүмкіндік береді деп ойламын.Өйткені арт-терапия бейнелеу,мүсіндеу,музыка өнерінің элементтерін қолдану арқылы ұйымдастырылады.Және де балаларды көрнекілікке баулуымыз керек деп ойламын.Балаларды оқу кезінде ақыл-ой бейнелерін,ми фильмі немесе ақыл-ой фильмдері деп үйретуіміз керекСонда балалар кейіпкерлерің не ойлап,не сезіне алатынын болжап,елестете алады.

Балабақшадағы оқытуды жақсатртуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясың маңызы зор деп ойлаймын.Осы технологияны мен әр сабақтың ерекшелігіне қарай қолданамын.Вен Диаграммасы,бес жолды өлең,миға шабуыл,еркін жазу.Вен Диаграммасы тәсілі арқылы салыстыруды,миға шабуыл әдісі арқылы баланың ойын қрзғап,сұрақтар коямын.Сұрақ қою баланың ойын дамытып кана коймай,оқуды жақсартады.

Жаңа технология элементтерін сабақтарымда тиімді пайдалану арқылы мен нені өзгерттім?Баланың дамуын,сөйлеу тілін,шығармашылығын дамыта алдым.

Қорыта айтқанда,бала-болашағымыз,бала-қуанышымыз.Ендеше мектепке дейінгі балаларды үздіксіз тәрбие мен біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!