Материалдар / Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмыста, әлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті барынша күшейте түскендігі және педагогты толғандырған «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру» жайлы айтылады. Осы мәселені шешуде, Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының маңызды ролі көрсетіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2018
1282
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан  облысы Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Әлімқұлов атындағы № 14 мектеп интернат- лицейі











Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру



Секциясы: бастауыш Сыныбы: 3 «б» Абдужанова Эльмира Әбдіғалымқызы



















Шолаққорған ауылы 2017-2018 оқу жылы

АңдатпаПЕРЕЙТИ НА САЙТ Бұл жұмыста, әлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті барынша күшейте түскендігі және педагогты толғандырған «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру» жайлы айтылады. Осы мәселені шешуде, Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының маңызды ролі көрсетіледі.

АннотацияВ данной статье говорится о проблемах обновления содержания образования, что волнует учителей, когда в современном мире с огромной скоростью развивается тенденция глобализации и мировое соперничество. В решении этой проблемы важную роль, как говорится в представленной работе, сыграли курсы повышения квалификации учителей РК, составленные по программе Кембриджского Университета.AnnotationIn this article refers to the problems of updating the content of education, that teachers care when in modern world with great speed a growing tend of globalization and international competition. In solving this problem an important role, as they say in the present study, played a refresher course for teachers Republic of Kazakhstan, compiled by program of the Cambridge University.



























Жоспар I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 1.Білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі. 2.Сындарлы оқытуда жаңа әдістерді қолданудың ерекшеліктері. III.Қорытынды











































«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» Стронг, 2011 жылы



Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт «жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Ал XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс-тәсілдер қолдануда. Казіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап,білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.Қазақстан Республикасының «2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» біздің Республиканың білім жүйесі әлемдік деңгейімен үндеспей отырғандығына көңіл бөліп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді,оқушыға білім, білік, дағдыларын беріп қана қоймай,ол жиі өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол денгейде болады деген еді. Қазіргі уақыт талабы болып отырған жаңа технологияның өзі жаңадан пайда болған дүние емес, оның негізі ерте кезде-ақ қалыптасқан, бірақ уақыт ағымына қарай түрлі өзгерістерге ұшырап, зерттеліп, жетілдірілді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің барлық жақтарынан дер кезінде және толық мәлімет алып отыруға, білім беру мазмұнын ізгелендіруге мүмкіндік беретін ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленеді.  Елбасының тапсырмасы бойынша,оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асыруда маңызды механизмдердің бірі.Оның негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.Функционалдық сауаттылықты дамытуда:1) Оқушы мен мұғалімнің ролін дамытуға бағытталған жаңа педогогикалық технологияны енгізу.2) Білім жүйесіне «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін тарату.3) Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген оқу бағдарламалары, жоспарлар мен әдістемелер. 4) Мұғалімнің біліктілігін көтеру, қайта даярлау курстарын ұйымдастыру. Жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты бөліктерінің бірі-жаңа технологияны пайдалану арқылы жеке тұлғаны дамыту. Осы талаптарды орындау үшін, біріншіден,оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет ету.Екіншіден,оқытудың дербес және топтық түрлері арқылы оқытушыға сенім арту, мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші. Үшіншіден,жаңа технологияның мақсаты- оқытуды ізгілендіру. Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістерінің арасында сындарлы оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Оқушылардың ойлауын дамыту-олардың бұрынғы алған білімдермен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық еске сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасын терең меңгермейді, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы өмірінде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты –оқушының пәнге деген түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.  Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым –түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады.  Осы мақсатта Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудағы Кембридждік білім беру бағытында «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» қолдануымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акцонерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша үшінші деңгей 3 айлық бағдарламасын тәмамдадым.  Осы Бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибе және кәсіби мән-мәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Осы бағдарламада оқыту мен оқытудағы 7 модульдер қарастырылған. Алайда,осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. «Сабақ – оқытушының  педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе, әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Оқыту мен үйретудің тәсілі мынау болып табылады:1. Қызығушылығын ояту-жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян- қолтық қарым -қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Өзімізге сыни тұрғыдан ойлауымыз керек. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда  оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларында диалог арқылы көрсете білді.2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша  жұмыс жасайды,тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды жәнебасқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.3.  Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды.  Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам, ой – пікірін ашық, еркін айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ-білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады.Бұл модулдің тағы бір ерекшелігі оқушыларды топтап оқытуы болып тұр. Топтап оқытудың пайдасы туралы Ибн  Сина Әбу Әли Хусейн Ибн Абдолла (Авиценна 980-1037) былай деген болатын:«Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы –  балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру» Балаларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар.1.  Оқушылар оқу және тәрбие үрдісінде ғылымға сусап тұрады.Өз білімдерін мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.2. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігін дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту журеді.3. Ұжымдық оқытудың келесі қоғамдық пайдасы оқушылар өзара достасады, бірін-бірі сыйлауға үйренеді, өзара дауласады, жарысады және құқықтар мен міндеттер туралы пікір айтысады.Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады.Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.  «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. «Өмірмен бірге, замандас, өзгеру керек қалайда» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. 





















































Қысқа мерзімді жоспарСыныбы : 3 «б» Пәні : Математика
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты :Тақырыпты түсініп оқып, талдай білуге жағдай жасайды, бір-біріне ортақ шешім қабылдауға үйренеді

Күтілетін нәтиже :Тақырыпты меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, талқылайды, күрделі есептерді шығаруға дағдыланады.
Көрнекілігі :Интербелсенді тақта, стикер, маркер, ватмандар, слайдтар.
Әдіс тәсілдерЖигсо әдісі, топтастыру, миға шабуыл, топтық жұмыс, жеке жұмыс, сәйкестендіру
Түйінді идея

Нақты ойлау арқылы қорытады, шығармашылық әлеуеті артады, өзіндік пікірін қорғай біледі.
7модульдің енгізілуіОқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,бағалау, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық
Негізгі дерек көздеріОқулық, суреттер, интернет материалдары


КезеңдерУақытМұғалімнің іс –әрекетіОқушының іс- әрекетіДереккөздер
Ұйымдастыру кезеңіКіріспе5 минутСергіту сәтіСыныпта ынтымақтастық атмосферасын қаыптастыру. Сергіту сәтіТопқа бөлу«Жүректен- жүрекке » атты психологиялық дайындықтан бастау. Бұл бөлімде балалар бір - біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнады.Топты мақал- мәтелдер арқылы бөліп отырғызу







Білу5 минут«Миға шабуыл әдісі» сөзжұмбақҮй тапсырмасын қайталау сұрақтардан бастау1. Көбейту амалының қасиеттері қандай2. Бөлу дегеніміз не3. Көбейтудің тиімді жолы қандай

Сұрақтарға жауап береді. БағалайдыСұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады
сөзжұмбақ
Түсіну10 минут
  • Слайд арқылы мәтіннің есеептерді таныстыру.
  • Есепті топппенн шығарту


  • Топта мәтінді бөліктер бойынша оқиды, бір топ, екінші топқа сұрақ қояды
    слайд
    Қолдану5 минутСұрақтар қою Ыстық орындық пайдалану
  • Көбейту мен бөлудің ерекшеліктері
  • Оқушылар сұрақтарға жауап бередіӨз ойын ортаға шығып оқушы баяндайды
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!