Материалдар / «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» 8- «А» сынып жетекшісі Қ.Б.Шуленованың тәрбие жұмысы бойынша жылдық талдамасы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» 8- «А» сынып жетекшісі Қ.Б.Шуленованың тәрбие жұмысы бойынша жылдық талдамасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмысының мақсаты- оқушылардың бойына ұлттық құндалақтарды құя отырып, оларды өмірді сүюге, бірін- бірі сыйлауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете отырып, жеке тұлға қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2022
521
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» 8- «А» сынып жетекшісі Қ.Б.Шуленованың тәрбие жұмысы бойынша жылдық талдамасы.

Тәрбие жұмысының мақсаты- оқушылардың бойына ұлттық құндалақтарды құя отырып, оларды өмірді сүюге, бірін- бірі сыйлауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете отырып, жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында жыл көлемінде 8- «А»сынып оқушылармен тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырды. Сыныпта барлығы 29оқушы. Оның 11-і ұл, 18-і қыз бала. Сыныптың зерттеу мониторингісі оқу жылының басында жүргізіліп, сыныптың өз ерекшеліктері бірнеше параметрлер бойынша анықтадық. Қорытынды бойынша оқушылардың ішінде аса қиындық туғызатын балалар жоқ. Сынып жетекшінің сыныпқа арналған тәрбие жоспары зерттеу мониторингісінің қорытындысы бойынша жасалынды. Жоспарда сынып оқушыларын аса қажетті деген тақырыптар таңдап алынып, сыныптың тәрбиелік жоспары мектеп директорымен бекітілді. Жыл көлемінде сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары жүргізіліп, төмендегі бекітілген мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстар жүргізілді.

№ 1 Қазақстандық патриотизм және   азаматтық, құқықтық тәрбие

Мақсаты: «Мәңгілік ел»патриоттық тәрбие аясында Қазақстан Республикасы Конституциясын мойындайтын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін қастерлейтін, Отанын , тілін, туған өлкесін, халқын сүйетін, өз ұлтының дәстүрін сақтайтыгн, құқықтық сауатты, бойында патриоттық, азаматтық рух қалыптасқан, мәдениетті азаматты тәрбиелеу

05.09.2021 күні «Адалдық-ардың ісі»тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: оқушыларға Отанын , тілін, туған өлкесін, халқын сүйетін, өз ұлтының дәстүрін сақтайтыын, құқықтық сауатты, бойында патриоттық, азаматтық рух қалыптасқан, мәдениетті азаматты тәрбиелеу.

2 Рухани -адамгершіліктәрбиесі

Мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жасөспірім – дердің рухани – адамгершілік және этникалық дамуын қалыптастыру, қазіргі қоғам нормаларын түсіну, жеке басының әдебіне, моральдық оң қасиеттерге тәрбиелеу.

06.09.20 күні Оралхан Бөкейдің туылған күніне байланысты «Сөз зергері» тақырыбында тәрбие саңаты өткізілді. Бұл сабақ қазақтың біртуар жазушысы Оралхан Бөкейдің өмңрң мен шығармашылығына арналды.

3 Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыазамттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.

18.02.21 күні ашық тәрбие сағаты өткізілді тақырып «Тәуелсіз елім,кең байтақ жерім». Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Қазақстан  халқы қандай жетістіктерге жеткеніне көз жүгірту, еліміздің тарихына тоқталу, Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, өз ана тілін, әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін сақтауды бойына дарыту.

18.03.21 күні «Наурызым- қасиетім, қастерлім»тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету.

4 Отбасы тәрбиесі.

Мақсаты: Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік психологиясы мен тұрмыс – салт ерекшеліктерінен бастау алған отбасы тәрбиесі негізінде баланы рухани жан – жақты дамуға, адами қасиеттерді бойына сіңіруге, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды түйсінуге тәрбиелеу. Ата – аналардың бала тәрбиесіндепсихологиялыққұзіреттіліктерінжәнежауапкершіліктерінарттыру.

02.10.20 күні «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Ұлкенге құрмет көрсетіп, сыйлаудың жоғары деңгей мәдениеттің, тәрбиенің белгісі екені түсіндірілді.

5 Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

Мақсаты: Жасөспірімдерді еңбекке дайындау, еңбек әрекетінде өзін белсенді ұйымдастыруға үйрету. Еңбекке, табиғатқа деген жауапкершілігін дамыту және экономикалық және экологиялық тәрбие негіздерін беру.

12.03.2021 күні «Таза болса табиғат-аман болар адамзат»тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: оқушыларға табиғаттың тазалығын сақтау, қорғау, оны абаттандыру, т.б.саналы түрде ұғындыру

6 Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие

Мақсаты: Әлемдік өркениет және қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасы, көркем мәдениеті, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды зерделеу, жасөспірімдердің эстетикалық талғамы мен мәдениетін қалыптастыру. Ұлттық идеология дамуының маңызды бағыттары болып саналатын өнер құралдары арқылы эстетиалық сана – сезім, көркемдік ойлау қабілетін дамыту.

28.01.21 күні «Қазақ тілі-ар намысым»тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыратынт түрлі тапсырмалар берілді. «Өзге тілдің бәрін біл ,өз тіліңді құрметте»тақырыбында оқушылар эссе жазды.

7 Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты: Жасөспірімнің тұлғалық зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін, дарындылығын және ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету, адамгершілік – рухани өзіндік санасының дамуын қалыптастыру.

13.11.21 күні «Денсаулық-зор байлық»атты тәрбие сағаты өтті.Сабақ мақсаты: оқушыларға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

8 Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты: Дене тәрбиесінің, спорттық ағартушылық жұмыстардың маңызын түсіндіру, жасөспірімдердің физиологиялық күш – қуатта қалыптасуын, психикалық тұрақтылығын, салауатты өмір салтын ұстануына тәрбиелеу.

05.09.20 күні «ЖОЛ-ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ және Короновирустен сақтану жолдары» такырыбында жол ережелеріне және ковид-19 ға байланысты сынып сағаты өтті. Бұл сағатта барлық жол ережелері мен Ковидтің алдын-алу мен сақтану жолдары талқыланып, таныстым+ белгісі қойылды.

04.02.21 күні «COVID – 19 вирусы және алдын алу жолдары» атты тәрбие сағаты өтті.Сабақта Коронавирус туралы,оның алдын алу жолы туралы айтылды. Коронавирустың белгілері қандай? Коронавирустың алдын алу жолдары қандай? Коронавирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері не істеуі керек? Аурудың алдын алу үшін қандай дәрумендерді ішкен дұрыс? деген сұрақтар қарастырылды.

20.03.21 күні «Короновирустан сақтану жолдары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сабақтың мақсаты: Жұқпалы індеттен сақтану шараларын түсіндіру.

11.04.21 күні «Электр жарақаты кезіндегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақта электр жарақаты қайдан пайда болады, адам денсаулыына қандай зиян келтіреді,белгілері қандай,электр жарақатының жіктелуі,электр жарақаты кезінде алғашқы медициналық көмекті қалай көрсетеміз деген тақырыптар қамтылды. Сынып оқуышларына қауіпсіздік ережесі туралы нұсқаулықтары оқылды.Оқушылар қауіпсіздік ережесі туралы білгендерін ортаға салып,өз пікірлерін айта білді.

14.05.21 күні «Жаздағы қауіпсіздік пен суға шомылу қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып саңаты өткізілді. Бұл сабақта барлық қауіпсіздік ережелері таныстырылып, таныстым+ белгісі қойылды.

Осы жұмыстар оқушының бойына патриоттық сезім қалыптастыра отырып, сынып арасында бірін- бірі құрметтеуге , өзара сыйластыққа, үлкенге құрмет көрсете білуге жетеледі. Сонымен қатар сынып белсенділерінің жұмысы бір жолға қойылды. Әр белсенді арнайы дәптер бастап, сынып тәртібі мен үлгерімі басты назарға алынды. Жыл көлемінде сыныппен облыстық драма театрына екі рет қойылым көруге бардық. «Чехов әңгімелері», «Жусан иісі»сияқты қойылымдар көрдік.

Сыныптағы өтіліп отырған әрбір шара оқушының бойына ізгілік нұры мен өз пайдасын тигізе білді деп ойлаймын. Жыл басында қойылған мақсат міндеттер толығымен жүзеге асты деп ойлаймын.













ФОТО ЕСЕП










































































Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі










8- «А» сынып жетекшісі

Қ.Б.Шуленованың тәрбие жұмысы бойынша жылдық талдамасы.

2020-2021 оқу жылы









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!