Материалдар / Өрлеу менің кәсіби дамуым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өрлеу менің кәсіби дамуым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық иесі болу үшін, ең алдымен , білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуына өз үлесін тигізеді. Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болу үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, еңбектену қажет. Ұстаз болу жүректің батылдығы деп жатамыз ғой. Шынында да , ұстаз болып өмір бойы ізденіп , жаңалыққа ұмтылып, дамып отыру керек. Елімізде білім беру саласы жылдан-жылға жаңарып, бәсекеге қабілеттілігі артуда. Сондықтан күнделікті жаңалықтан құр қалмау үшін мұғалімдер де үнемі біліктілігін арттырып отырады. Менің кәсіби дамуым «Өрлеумен» тікелей байланысты. Қазіргі кездегі «Өрлеу «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2022
310
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің кәсіби дамуым өрлеумен бірге

Мамандық иесі болу үшін, ең алдымен , білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуына өз үлесін тигізеді. Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болу үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, еңбектену қажет. Ұстаз болу жүректің батылдығы деп жатамыз ғой. Шынында да , ұстаз болып өмір бойы ізденіп , жаңалыққа ұмтылып, дамып отыру керек. Елімізде білім беру саласы жылдан-жылға жаңарып, бәсекеге қабілеттілігі артуда. Сондықтан күнделікті жаңалықтан құр қалмау үшін мұғалімдер де үнемі біліктілігін арттырып отырады. Менің кәсіби дамуым «Өрлеумен» тікелей байланысты. Қазіргі кездегі «Өрлеу «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мен оның филиалдары тарапынан жүргізіліп отырған жұмыс мұғалім мен оқушының тек танымдық мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен бірге эмоционалдық, психомоторлық қабілеттерінің де іске қосылып, оқушыдағы проблеманы шеше білу, ақпаратты талдай білу, коммуникативтік, әлеуметтік құзырлылық негізінің де пайда болып, тұрақты қажеттілікке айналуын қадағалау талап етіледі.

Біз «Өрлеу» орталығында көптеген курстар өтіп, байқауларына қатысып, біліктілігімізді дамытып отырамыз. Жаңа заманның кәсіби мұғалімін қалыптастыру үшін, заманның ағымына сай жүріп, жаңа оқулықтарды қолданыста игеру, жаңа технологияны үйрену, оқушылардың психолоиялық жағдайларын түсіну, педогогикалық қабілеттілікті арттыру барысында бізге үлкен жол көрсететін бірден –бір орталық «Өрлеу» деп білемін. Жыл сайын біз мектеп ұжымымен бірге Өрлеу орталығынан курстар оқып сертификат алып, білімімізді шыңдап отырамыз. Соның бірі 2021 жылы 29 қаңтарда өткен «Бастауыш білім беру жағдайындағы 4К моделін жүзеге асырудың психологиялық-педогогикалық аспектілері -40 сағат» атты курстан өттім. Осы курс барысында оқушылардың психолоиялық жағдайын талқылап, педагог ретінде қалай шешімін тауып, сабақ барысында оны қалай қолдануды түрлі әдістерді үйретті. Қанша жылғы ұстаздық тәжірибем болса да, әр курс өткен сайын мен жаңа ақпараттар алып, білімімді шыңдай түстім. Әсіресе, жаңартылған білім мазмұны бойынша әдіс-тәсілдердің көптеген түрін үйретті. Мен сол алаған білімді оқушыларға қолданып, тәжірибе жүзінде сабақта пайдаланып, ашық сабақтарды өткіздім. Тағы да бір Өрлеу орталығының ерекшелігі онлайн түрде де бізге курстар өткізеді. Онлайн және офлайн форматта курс өту еш қиындық соқтырмады. Тренерлердің бізге деген сабақ өткізу тәсілдері өте қатты ұнады. Біз әрқашан олармен тығыз байланыста болып, сабақтарға қорытынды жасап, талқылылаймыз. Және де байқаулармен жарыстарына қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеміз.

Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Бұл бағытта қазіргі таңда мұғалімдер жылына бір курстан өтіп отыруы қажет. Бұл үлкен жақсы нәтижие. Мен жыл сайын осы Өрлеу орталығымен тығыз байланыста болып, курстарды өтемін. Ұстаздар үшін барлық жағдай жасалған. Мықты мамандардан дәріс алып, біліктілікті шыңдай түсеміз. Қорыта келе, білім мен ғылымның қайнар мекеніне айналған «Өрлеу» орталығында білімді мамандар дағдылынып, педагогтың мәртебесі асқақтай берсін!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!