+7 (771) 234-55-99

Жұмыс күндері: Дс-Жм, 09:00 - 18:00

Басты бет / Материалдар / Балабақша / Ашық сабақ / Мектепке дейінгі балалар / Ортанғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы л


Ортанғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы л

Материал туралы қысқаша түсінік

Балабақша сабағы

Камаржанова Камшат

16 Қырқүйек 2020

25

0

Материалдың толық нұсқасы

7 ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Камаржанова Камшат

Мерзімі: 08.09. 2020ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімдері: Драма

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі бойынша драматизация ойыны

Мақсаты: Балаларды таныс ертегіні сахналауға атсалысуға ұмтылдыру, ондағы кейіпкерлер бейнесін еркін түрде көркем шеберлікпен сомдай білуге жаттықтыру.

Міндеттері:

1.Ертегі желісін өз сөзімен жеткізу біліктілігін жетілдіру.

2. Ертегіні сахналау арқылы, тіл байлығын, ойын, зейінін, сөздік қорын дамыту.

3. Достыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Фланелеграф, ертегі атрибуттары, ертегіге арналған әуен, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ жасыру, әңгімелеу, сахналау, қортындылау, мадақтау.

Сөздік жұмыс: Шалқан

Қос тілдік компонент: Ертегі-сказка, шалқан-репка

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі



мотивациялық-қозғаушылық

- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ерекше болғалы тұр.
Бүгін біз «Ертегілер еліне» саяхатқа барамыз. Саяхатқа шықпас бұрын менің сұрағыма жауап беріңдер:

-Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?

- Қандай ертегілерді білесіңдер?

Көздерін жұмғызып «Ертегілер еліне» саяхатқа шығады.







Сұрақтарға жауап береді.


Таныс ертегілерді айтады.

Көздерін жұмып «Ертегілер еліне» саяхатқа шығады.


Ұйымдасты- рушылық - іздеушілік

Дидактикалық ойын:

«Қай ертегіден үзінді?»

Жұмбақ жасырады:

  1. Ақ сақалды, ақ шашты

Әкемнің ол әкесі

Кім болады ол саған

  1. Аймалайды күнім деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп

Тәтті-ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп.

  1. Түнде жортады

Мысықтан қорқады.

  1. Өзі жап-жас, мұрты бар

Ет пен сүтке ұмтылар

Тастамайды жылы үйде

Түкті тонын шұп-шұбар.

-Осы ертегі кейіпкерлері қай ертегіден деп ойлайсындар?

Дұрыс балалар, енді осы кейіпкерлердің бәрі қатысатын «Шалқан» деген ертегіні айтып беремін. (Әуенмен шалқан ертегісі басталады).

Сөздік жұмыс жүргізеді.

-Балалар сендерге ертегі ұнадыма?

Біраз тынығып алып сахналап көрейік.

Сергіту сәті:

Алма баққа барайық
Алма теріп алайық
 Ен үлкенің, жақсысын 
Әжемізге сыйлайық.

«Шалқан» ертегісін сахналау.

Көздерін жұмғызып топқа қайта оралады.

«Қай ертегіден үзінді?» дидактикалық ойынын қызыға ойнайды.

Жұмбақтың жауабын шешеді.


- ата





- әже



- тышқан




- мысық


-«Шалқан» ертегісі



«Шалқан» ертегісін тыңдай отырып қойылған сұрақтарға жауап береді.




Жаңа сөздердің мағанасын түсінеді. Орыс тілінде айтады.



Сергіту сәтін жасайды. Тәрбиешінің айтуы бойынша қимыл-қозғалыстар жасайды




Балалар рөлдерге бөлініп, ертегі желісімен ойнайды.

Көздерін жұмып топқа қайта оралады.

Рефлексивтік- түзеушілік

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылап,

Бекіту сұрақтарын қояды.

Дидактикалық ойын:

«Кім тапқыр» Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін арттыру.

Шарты: көздерін жұмғызып, бір кейіпкерді алып тығып қояды. Қай кейіпкердің жоқ екенін табу керек.

Балаларға алғыс айтып, сыйлыққа шалқан боямағын береді.

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

«Кім тапқыр» ойынын қызыға ойнайды.

Күтілетін нәтиже

Нені біледі:

Кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын келтіруді.

Қандай түсініктерді игереді:

Ертегілердің сан түрлі екені жайлы, ертегілерді сахналап қоюға да болатыны туралы түсініктерді игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері

Кейіпкерлердің бейнесін еркін түрде сомдап, дауыс ырғағын дұрыс келтіруді.






Сертификатты жүктеу

Сертификатты “Менің материалдарым” бөлімінде де жүктей аласыз

http://ust.kz/word/ortangy_tobynda_uiymdastyrylgan_oqy_qyzmetining_tehnologiyalyq_kartasy_l-218384.html

Ұқсас сабақ жоспарлары


Сабақ жоспары 7 сынып Ағылшын қмж ктп бжб тжб

Ағылшын пәнінен 7 сынып бойынша ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары қамтылған. Файлды сатып алу арқылы сіз Ағылшын пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын және сыйлыққа дидактикалық материалдарды аласыз.

Ағылшын

7-сынып

158

Бағасы:

1000 тг

Сатып алу

Үлгіні көру
Сабақ жоспары 10 сынып Геометрия қмж

Геометрия пәнінен 10 сынып бойынша ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары қамтылған. Файлды сатып алу арқылы сіз Геометрия пәнінен қысқа мерзімді, күнтізбелік тақырыптық жоспар, ұзақ мерзімді сабақ жоспарларын және сыйлыққа дидактикалық материалдарды аласыз.

Геометрия

10-сынып

154

-10% жеңілдік

Бағасы: 1000 тг

900 тг

Сатып алу

Үлгіні көру
Сабақ жоспары 7 сынып Биология қмж ктп бжб тжб

Биология пәнінен 7 сынып бойынша ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары қамтылған. Файлды сатып алу арқылы сіз Биология пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын және сыйлыққа дидактикалық материалдарды аласыз

Биология

7-сынып

182

Бағасы:

1000 тг

Сатып алу

Үлгіні көру