Материалдар / Өрттен қорғану жүйелері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өрттен қорғану жүйелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек қорғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2021
228
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Өрттен қорғану жүйелері
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың
технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының
ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы,
әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.
Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа
қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда
болуына кедергі жасау керек.
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда
болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің
қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды
қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт
қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау
немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады.
Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен
белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
құрылыстық-жобалау;
техникалық;,
ұйымдастырушылық;
Құрылыстық-жобалау
шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа
төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын
жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл
оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға
дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа
төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік
деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге
дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шаралары:
өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан
кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер
парамертлерін сақтау;
әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу
өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
ыстық жанғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан
төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын
газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:





қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест
жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық
көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті
отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар;
автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру
жүйелері).
Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген
кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер
болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі
келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан
басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын
сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті
қолдануға болмайды.
Өрттерді болдырмау. Өрт тууына негіз болған себептер мен көздер.
Өндірісте және өмірде өрттің пайда болуына себеп болғандар:

ашық отпен жұмыс істегенде өрт сөндіру қауіпсіздік ережелерінің
бұзылуы (электргаздық жұмыстар, жылуға арналған лампалар мен
факелдердің қолданылуы);

тыйым салынатын жерлерде шылым шегу (цехтар жанғыш заттар
сақталынатын жерлерде,т.б.);

электрапараттардың,
электржүйелердің
және
электржабдықтардың бұзылуы;

технологиялық процестер мен жабдықтардың эксплуатация
ережелерінің бұзылуы;

жанғыш заттар мен өздік жанғыш материалдардың сақталу
ережелерінің бұзылуы;

статикалық электрінде кернеудің пайда болуы;

найзағайдан қорғағыш қондырғылардың болмауы;

апаттар;

табиғат күштерінің әсері.
Өртке қарсы технологиялық және ұйымдастырушылық шаралар
жүйесі.
Өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамассыз ету РБ «Өрт сөндіру қауіпсіздігі
туралы» заңымен орындалады.
Өрт сөндіру қауіпсіздік жүйесіне экономикалық, әлеуметтік,
ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралар комплексі
кіреді. Олардың өрттің алдын алуға және жоюға бағытталған.
Кәсіпорындардағы өрт сөндіру қауіпсіздігіне кәсіпорын жетекшісі
жауапты. Әрбір обьектіде бұйрықпен өрт сөндіру қауіпсіздігіне жауапты
адамдар тағайындалады. Олардың аты-жөндері ілініп тұруы керек.
Кәсіпорындардың жетекшілері мен басқа лауазымды адамдар:


кәсіпорындарда өрт сөндіру қауіпсіздігін және өртке қарсы
тәртіпті қамтамассыз етеді;

өртке қарсы шаралардың уақытша орындалуын қамтамассыз етеді;

обьектілердің өртке қарсы қорғауға ғылыми-техникалық
жетістіктерін енгізеді;

жобалауда, құрылыста, реконструкцияларда өртке қарсы
нормалар
мен стандартизация жүйелерінің
нормативтік-құқықтық
ережелерінің орындалуын қамтамассыз етеді;

штаттан тыс өрт сөндіру қауіпсіздігін қалыптастырады және
олардың жұмысын ұйымджастырады;

өрттік инвентарлардың мен құрал жабдықтардың және
технологиялық жұмысқа жарамды қалыпын сақтайды;

өртке қарсы ережелерін жұмысшыларға үйретеді және
орындалуын бақылайды;

өртке қарсы ережелерді бұзушыларға қажетті шараларды
қабылдайды.
Өрттік – техникалық комиссия.
Өрттік-техникалық комиссиялар кәсіпорын жетекшінің бұйрығымен
қалыптасады. Өрттік-теъхникалық комиссия басшысы обьект жетекшінің
орынбасары немесе басты инженер бола алады. Комиссия мүшесіне өрт
сөндіру қызметінің бастығы, инженерлік-техникалық жұмысшылар
(энергетик, технолог, механик, техника қауіпсіздік инженері, құрылыс,
өндірістік және өрттік автоматика мамандары) кіреді.
Комиссия міндеттері:

обьектілерді өртке қарсы қорғауға арналған шығындарды
оңтайландыру;

өрт сөндіру қауіпсіздік ережелерін, нормалардың, стандарттардың
бұзушылығын уақытында жою;

өндірістік техникалық процестердің өрт сөндіру қауіпсіздігін
жоғарлату;

өрт сөндіру қызметінің кәсіпорындардың инженер-техникалық
қызметтер құрамымен байланысын қамтамассыз ету;

қызметшілер мен жұмысшылардың өрт сөндіру қауіпсіздігі
туралы білімдерін жоғарлату.
Өрт сөндіру сигнализациясы мен өрт жөнінде хабарландыру
құралдары.
Өрт туралы хабарландыру қалалық және аудандық телефон желілерімен,
арнайы өрт сөндіру теленфондық желілерімен (маңызды обьектілер үшін)
және электрлік сигнализациясыымен жүзеге асырылады.
Өрт хабарлағыштар қолды және автоматты болады.
Автоматты хабарлағыштар жылулық, түтіндік, жарықтық және біріккен
болады.

Қолды өрт хабарлағыштар батырмалы және кодты болады.
Өрт сөндіру сигнализацияясының қабылдау станциялары сигналдарды
қолды және автоматты хабарлағыштардан алады.
Кәсіпорынның өртке қарсы тәртібі.
Кәсіпорынның өртке қарсы тәртіп бұйрық нұқаумен ГШБРБ 1.01.94
бойынша орнатылады. Бұл бойынша ғимараттағы шикізат, жартылай
дайындалған немесе дайын өнімдер мөлшері және сақталу орындары
анықталады. Жанғыш қалдықтар мен шаңнан тазарту тәртібі майлы арнайы
киімдердің сақталу орындры орнатылады.
Кәсіпорын қызметкерлерінің міндетті:

өрт сөндіру қауіпсіздігін білу және оны орындау;

өртке қарсы тәртіпті ұстану;

жанғын және тез жанғыш заттрмен жұмыс кезінде қауіпсіздік
ережелерін орындау;

өндірістегі өндірілетін және қолданылатын заттар мен
материалдардың өрт сөндіру қауіпсіздікміндеттерін білу;

өрт туған жағдайда өрт сөндіру қызметіне хабарлау және адамдар
мен мүдделерді құтқару шараларын қолдану;

өртті жою.
Өндірістік, административтік бөлімшелерде телефондар жанында өрт
сөндіру қызметтерінің нөмірлері жазылуы керек.
Бақылау сұрақтары.
1. Биік ғимараттардың өртке қауіпсіздігін жоғарылатудың іс-шаралары?
2. Өрттен сақтану шаралары?
3. Өрт қауіпсіздігі мен өртті сөндіру ережелері қандай?
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!