Материалдар / Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюін сипаттап, түсініп, дәлелдей алады. 7-сынып. Биология
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2022
553
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4.С Көбею

Мектеп: Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназия

Күні: 02.04.27 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Иманова Мархабат Нурлыбаевна

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.1 - өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: өсімдіктердің көбею жолдарын біледі; жынысты және жыныссыз көбею жолдарын айыра алады;

Оқушылардың көпшілігі: жынысты көбеюге екі жасуша қатысатындығын біледі, берілген мәтіндерден қажет мәліметтерді ала отырып, талдайды

Кейбір оқушылар: жынысты және жыныссыз көбеюге қажетті жағдайларды талдайды; мысал келтіре отырып көбеюдің тіршілік үшін маңызын сипаттайды; гүл өсіруді және оларды тозандандыратын бұнақденелілерді қорғау керектігін дәлелдейді

Бағалау критерийі

  • Көбею түрлерін ажыратады, маңызын біледі

  • Жынысты көбеюге қатысатын жасушаларды атайды, тозандану түрлерін біледі

  • Аралардың гүлдің көбеюіне тура қатысы бар екендігін талдайды, дәлелдейді

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: тақырып бойынша негізгі терминдерді пайдалану арқылы ауызша жауап беру дағдысын дамытады.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

  • көбею

  • жынысты көбею

  • жыныссыз көбею

  • спорангий

  • спорофит

  • гаметофит

  • гамета

  • спермии (сперматозоидтар)

  • жұмыртқажасуша

  • ұрықтану

  • өсімді көбею

  • споратүзу

  • конъюгация

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жынысты көбею тәсілінде х бар, ал жыныссыз көбею тәсілінде у бар жоқ

Құндылықтарға баулу


Топтық жұмыс жасай отырып, төзімділікке, әр түрлі пікірлерді қабылдай алуға, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін сыйлауға, ынтымақтастыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Оқушылар тақырыпты игере отырып, гүл өсіруді және оларды тозандандыратын бұнақденелілерді қорғау керектігін біле отырып, табиғатты және тіршілікті құрметтеуге баулиды.



Пәнаралық байланыс

Экология – Биоалуантүрлілік.

География пәнімен байланыс экологиялық қорғау шараларын түсіндіру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығымен байланысты болғандықтан, агронмиямен байланыстыруға болады.

Алдыңғы білім


Ботаника 6,7. Тірі ағзалардың көбеюі : 6,7.

Оқушылар көбеюдің барлық тірі ағзаларға тән қасиет екендігін және жыныс жасушаларының бар екендігін біледі. «Жасушалық цикл» бөлімінен түрлі ағзаларда хромосомалар санының әртүрлі екендігі белгілі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлықты тексеру.

(Т) 2. Ой қозғау. Мұғалім оқушылардың ойын тірі ағзалардың негізгі қасиеті көбеюге әкеледі.

(Т) 3. Оқушылармен бірге тірі ағзалардың қасиеттерін талқылау.

  • Осыдан 3,5 млрд. Жыл бұрын тіршілік еткен тірі ағзалар біздің заманымызға жетті ме?

  • Тіршіліктің үздіксіздігін, ұрпақ жалғасын қамтамасыз ететін тіршіліктің қай қасиеті деп ойлайсыздар?

Ары қарай мұғалім өсімдіктердің көбеюінің бірнеше тәсілдерін көрсетіп, сабақта өтілетін тірі ағзалардың қандай тобы екеніне әкеледі.

Содан кейін оқушыларға суреттер беріліп, оларды екі топқа жіктеу тапсырылады және олардың арасында қандай айырмашылық бар екенін сұрайды.

(Т) 4. Оқушылармен сабақтың тақырыбын, мақсатын және жетістік критерийін тұжырымдау.




1 слайд Презентация MS PowerPoint





Таратпа материал 1


2-4 слайд Презентация MS PowerPoint



Сабақтың ортасы

(30 минут)

(Т) 1. Мұғалім оқушыларға «көбею» ұғымына анықтама беруді ұсынады. Содан кейін презентациядан өзінің нұсқасын шығарып, жазып алуды сұрайды.

(Ж) 2. Мұғалім оқушыларға өсімдіктердің көбею тәсілдері жөнінде бейнероликтер көрсетіп, оқушыларға көру барысында толтыру қажет тірек сызбаларды ұсынады.

(Ж немесе Т) 3. Жасалған жұмысты қорытындылау үшін жұптық және мұғаліммен талқылаулар жүргізіледі. Оқушылардың назарлары бейнероликте аталған терминдерге аудартады (жынысты көбею, жыныссыз көбею, гаметалар, спермиилер, гаметофит, жұмыртқажасуша, ұрықтану). Әрбір терминнің ұғымын түсіндірмес бұрын мұғалім жаңа тақырыпты бекіту үшін әңгіме өткізеді. Ұрықтану процесімен оқушылар келесі сабақтарда тереңірек қарастыратынын айтады. Сыныптағы оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне қарай мұғалім оқушыларға термин мен анықтамасы жазылған кеспе қағаздарды таратуына болады. Тағы бір дифференциация ретінде қабілетті оқушыларға кеспе қағаздармен сәйкестендіру жұмысын ұсынып, ал қалған оқушыларға дайын кеспе қағаздарды беруге болады.

(Т) 4. Мұғалім оқушыларға тірек сызбаны толықтыру үшін жынысты көбеюдің түрлерін түсіндіреду. Оқушыларға сызбаның жалпы түрі көрсетіледі.

(П) 5. Жұптарға өсімдіктердің көбеюінің негізгі түрлері жазылған ақпарат қағазы беріледі. Ақпарат қағаздың екі жағында және әр түрлі болғаны дұрыс. Әр оқушы өзінің бөлігін ғана оқып, белгілеулер жасайды. Содан кейін жасалған жұмыстың қорытындысы ретінде сұрақтар қойып, талқылаулар жүргізеді.

(И не П) 6. Оқушыларға жынысты және жыныссыз көбею тәсілдері туралы кестені толтыру беріледі. Оқушыларға кестенің үлгісі беріледі. Олар кестені толтырғаннан кейін дайын жауап экраннан көрсетіледі. Егер оқушылар бұл тапсырманы жеке орындаса өзара бағалауды жасауға болады.

(П) 7. Мұғалім оқушыларға өсімдіктердің әр түрлі көбею тәсіледері берілген суреттерді алдымен екі топқа, кейін өз ішінде тағы бірнеше топтарға жіктеуді тапсырады. Тапсырманы орындау кезінде әрбір оқушы өсімдікті неге осы топқа жатқызатынын түсіндіруі қажет. Қабілеті жоғары оқушыларға сыныпта тұрған өсімдіктерді жіктеуге тапсыруға болады.

Сұрақ 1.


Оң жақтағы "Аралар колониясының кенеттен құлауы" бөліміне қараңыз.


Сұраққа өз жауабыңызды теріп жазыңыз.


Колонияның кенеттен құлауы түсінігінің араларды ұстайтын және зерттейтін адамдар үшін зор маңызға ие, бірақ колонияның кенеттен құлауы тек араларға ғана әсер етпейді. Құстарды


зерттейтін адамдар әсерін анықтады. Күнбағыс аралар үшін де, кейбір құстар үшін де қорек көзі болып табылады. Аралар


күнбағыстың шірнесімен, ал құстар дәнімен қоректенеді.


Бұл байланысты ескере келе, неге аралардың жоғалуы құстар популяциясының төмендеуіне әкеле алады?





АРАЛАР КОЛОНИЯСЫНЫҢ КЕНЕТТЕН ҚҰЛАУЫ


Бүкіл әлемдегі аралар колониясына қауіпті құбылыс төніп тұр. Бұл құбылыс аралар колониясының кенеттен құлауы деп аталады. Колонияның құлауы аралар омартасын тастап кеткен кезде орын алады. Омартасынан ажырап қалған аралар өледі, сөйтіп колонияның кенеттен құлауы он миллиардтаған араның өліміне әкелді. Зерттеушілер колония құлауының бірқатар себептері бар деп болжайды.


Дұрыс жауап: Бұл сұраққа дұрыс жауап беру үшін, оқушылар гүлдің тозаңданусыз дәнді жасай алмайтынын растайтын немесе тұспалдайтын түсіндірме беруі тиіс. Бұл элемент үшін құзырет "Құбылысты ғылыми тұрғыда түсіндіру" тиісті.



Дecкpиптopлар:

1. Мәтін ақпаратын пайдаланып дұрыс жауап нұсқасын белгілейді.

2. Мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, өз жауабын негіздейді.




5-8 слайд Презентация MS PowerPoint

https://www.youtube.com/watch?v=zo_BksxNY4s (өсімдіктердің көбеюі.

0.47 – 5.03)

Таратпа материал 2-3







9-10 слайд Презентация MS PowerPoint

Таратпа материал 4









11-12 слайд Презентация MS PowerPoint

Таратпа материал 5

Кеспе қағаздар «өсімдіктер әлемі» http://www.liveinternet.ru/users/maknika/post253008302/









PISA тапсырмасы





PISA-2018 халықаралық зерттеуінің ашық тапсырмалары



































Үлестірме (Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.)

Оқулықтар, АКТ

Сабақтың соңы

(5 минут)

Рефлексия

«Плюс, минус, қызықты»

Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты





Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Сократ шеңбері» әдісі арқылы шеңбер іші мен сыртында орналасқан оқушылар жаңа тақырыпқа алдыңғы білімдерін байланыстыра отырып, сұрақ қойып, алдыңғы сабақтан алған білімдерін естеріне түсіреді. Бұл тапсырмада кейбір оқушыларға белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы көмек қажетсінеді. Яғни, оқушы қолдауды басқа оқушыдан,мұғалімнен көмек көрсетіледі.

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы жаңа тақырыпты игеруде нәтиже бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Бұл саралауда оқушылардың көпшілігі тақырыптың мазмұнын түсініп, мәлімет алады.

Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралауда сабақ барысында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмалар қабілетті оқушылар қалыптастырушы бағалаудың аталған түрлерінің мәнін жылдам түсініп, тапсырманы нәтижелі орындайды.

Қалыптастыушы бағалау тапсырмасын орындау барысында кейбір оқушылар басқа сыныптарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырма бойынша саралауда

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!