Материалдар / «Осы менің туған өлкем»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Осы менің туған өлкем»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Отан, туған жеріміз жайлы түсінік бере отырып, бала бойындағы ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, туған елін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру ортасын құру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2022
285
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Осы менің туған өлкем»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Отан, туған жеріміз жайлы түсінік бере отырып, бала бойындағы ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, туған елін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру ортасын құру.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: флеш-карталар, таратпа қағаздар, қима қағаздар.

Тәрбие сағатының түрі: Квест

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, сипаттау, сәйкестендіру, топтастыру.

Тәрбие сағатының жабдықталуы: Интерактивті тақта, интерактивті тапсырмалар.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: \15 мин\


I. Кіріспе бөлім.

- Ұйымдастыру кезеңі:

«Мақтанайық елімізбен» жаттығуы. 1 мин

-Тақырыпалды жұмыс: «Ғажайыпстанға саяхат» 1 мин

ІІ. Негізгі бөлім.

  • «Мемлекеттік рәміздер» 1 мин

1-тапсырма. «Сәйкестендіру» 1 мин

  • «Үш бақытым-тұғырым» 1 мин

2-тапсырма. «Мақалдарды топтастыр» 2 мин

  • «Мен-патриотпын» 1 мин

3-тапсырма. «Триггерлік суреттер» 5 мин

ІІІ. Қорытынды.

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі :


  • «Мақтанайық елімізбен» жаттығуы.

  • Тақырыпалды жұмыс: «Ғажайыпстанға саяхат»

Тақырыпалды жұмыс: «Ассоциация құру»

Шарты: «Тәуелсіздік» сөзіне ассоциация құру.


ІІ. Негізгі бөлім.

  • «Мемлекеттік рәміздер»

Шарты: Оқушыларға мемлекеттік рәміздер туралы бейнематериал көрсету арқылы рәміздердің мәнін түсіну ортасын құру.

  • Балалар, сендер білесіңдер ме? 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 2007 жылдан бастап қазақстандықтар бұл күнді мерекелей бастады. Мемлекеттік ту, елтаңба және гимн мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Ал енді ұлт мақтаныштары рәміздердің мән-мағынасын түсініп алайық. Ол үшін мына сілтемеге өтіп, экранға назар аударыңдар. https://youtu.be/AYzgqRdn19E

3-тапсырма. «Сәйкестендіру»

Шарты: Wordwal.net IT бағдарламасы арқылы оқушылар рәміздер атауы мен оған сәйкес суретті сәйкестендіру.

Сілтеме: https://wordwall.net/ru/resource/27602585



  • «Үш бақытым-тұғырым»

Шарты: М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқи отырып, ондағы бақыт себептерінің тақырыбына сай мақалмен жұмыс. Мақалды жалғастыру.


Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.


Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.


2- тапсырма. «Мақалдарды топтастыр»

https://learningapps.org/watch?v=pbb8ac62a22

«Ел, халық» тақырыбындағы мақал-мәтелдер:

  • Ел боламын десең — бесігіңді түзе.

  • Өзге елде ұлтан болғанша,

Өз еліңде сұлтан бол.


Тіл тақырыбындағы мақал-мәтелдер:

  • Тіл - достықтың алтын көпірі.

  • Тіл-тас жарады.

Тас жармаса, бас жарады.


Отан туралы мақал-мәтелдер:

  • Отансыз адам —
    Ормансыз бұлбұл.

  • Отан-отбасыдан басталады.

  • Отан-оттан да ыстық.


  • «Мен-патриотпын!»

Шарты: Оқушыларға «Патриот» ұғымының мәнін түсіндіру.

  • Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға.

1-тапсырма. «Триггерлік суреттер»

Шарты: Оқушылардың «Патриот» ұғымын түсінгендіктерін анықтау мақсатында суреттер мен сызбаларды ұштастыра отырып, жұмыс жасау.

  1. Оқушыларға «Патриот деген кім?, Патриот атану үшін не істеу керек?» сұрағын қою;

  2. Оқушыларға патриот ұғымын ашатын флеш – карталар тарату;

  3. Флеш-карталарды сызбамен байланыстыра отырып, «Мен – патриотпын» тақырыбында әңгімелеу ортасын құру.


Link: https://wordwall.net/ru/resource/27602585


ІІІ. Қорытынды .

«Ripples in the water»

The task: It is written a word in a column. You should choose a word with every letter of the word “L-A-N-D”.

L-любовь-жақсы көру

А- Amazing- изумительный-керемет

N-Native-родной-туған

D-Defend-защищать-қорғау


Рефлексия «Бейбітшілік аспаны»

Шарты: Оқушыларға көгершіндер суреті таратылып, тәрбие сағатының барысы бойынша ой бөлісуіне бағыт беру. Плакаттағы көк аспан суретіне жабыстыру.





Тәрбие сағатының тақырыбы: «Таза болса табиғат, аман олар адамзат»

Тәрбие сағатының мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу. Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдырып, мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.

Тәрбие сағатының міндеттері:

1.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.

2.Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға,қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу ортасын құру.

3.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру .

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Флеш карталар, күннің суреті, қима қағаздар.

Тәрбие сағатының түрі: Квест

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, толықтыру, сипаттау.

Тәрбие сағатының жабдықталуы: Интерактивті тақта, интерактивті тапсырмалар.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: \15 мин\


I. Кіріспе бөлім.

- Ұйымдастыру кезеңі:

«Алтын күн» жаттығуы. 1 мин

-Тақырыпалды жұмыс:

«Жер-ананың видеохаты» 1 мин

ІІ. Негізгі бөлім.

  • «Ауа-өмір тынысы» 1 мин

1-тапсырма.

«Триггерлік суреттер» 5 мин

  • «Cу-тіршілік көзі» 1 мин

2-тапсырма.

«Мақалдарды жалғастыр» 2 мин

  • «Жылу шашқан күнмін мен» 1 мин

3-тапсырма. «Дыбыс режиссерлер тобы» 1 мин

ІІІ. Қорытынды.

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі :

  • «Алтын күн» жаттығуы.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, көк аспан,

Амансың ба, Жер –ана.

Амансың ба, достарым,

Қол бұлғасып, қане біз!

Қуанайық, бәріміз!

  • Тақырыпалды жұмыс: «Жер-ананың хаты»

Табиғат-ананың Ауа, су, күн деген қыз-ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат ана бір күні ұлдарын шақырып алып: 
--Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,--деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары: 
--Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?--дегенде Табиғат-ана: 
--Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, деп жауап береді. Содан бері Күн, ауа, су аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.

Шарты: Оқушыларға «Экология» тақырыбында анимациондық видео көрсетіледі.

Сілтеме: https://yandex.kz/video/preview

ІІ. Негізгі бөлім.

  • «Ауа – өмір тынысы»

Шарты: Сыныпта «Ауа» туралы әңгіме ортасын құру.

  • Балалар, «Өмірде одан мол ештеңе болмайды, құшақтасаң, құшағыңа толмайды» Ол не?

  • Ол-Ауа.

  • Иә, балалар, ол ауа. Ауа деніміз не? Кім біледі? Ауа біз үшін маңызды ма? Иә, тамаша, балалар! Ауа – ол тіршіліктің тынысы. Ауасыз барлық тіршілік иелері бір минутқа да өмір сүре алмайды. Ал балалар қазігі кезде экологиялық проблемалардың біі осы ауамен байланысты. Ол қандай проблема?

  • Ауаның ластануы.

  • Дұрыс, айтасыңдар. Ал ауаның ластануы ненің есебінен болады екен кім айтады.

  • Зауыт-фабрика түтінінен, машиналардың түтінінен.

  • Жарайсың! Ал енді сендермен осы проблемалардың шығу жолдарын талдап көрейікші.

1-тапсырма. «Триггерлік суреттер»

Шарты: Ауаның ластануына байланысты флеш-карталар таратылады. Оқушыларға суреттерді байланыстыра проблеманы шешу жолдарын көрсету ұсынылады.

  • «Cу-тіршілік көзі»

  • Балалар, «Жылт-жылт еткен, жырадан өткен» бұл не?

  • Иә, бұл- су. Су жер шарында көгілдір түспен боялған, су сұйық, қатты, газ түрінде болады.Су-тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеп, "Сулы жер-нулы жер", Судың да сұрауы бар" деп суды ерекше бағалай білген. Су-адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат. Сонымен бірге су барлық адамға, тірі жанға, табиғатқа тазалық сыйлайды. Су гүлдер мен ағаштардың жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береді. Сондықтан судың қадірін бағалай білу керек. 

2- тапсырма. «Мақалды жалғастыр»

Шарты: «Су» тақырыбындағы мақалдарды жалғастыру.

https://learningapps.org/watch?v=p1bpy5jpj22

https://wordwall.net/ru/resource/25711094

  • «Жылу шашқан күнмін мен»

  • Балалар, мына жұмбақты шешіп көріңдерші:

Ақ сандығым ашылды,
Қызарып жалын шашылды.

  • Иә, бұл күн. Күн туралы сендер не білесіңдер?

3-тапсырма. «Дыбыс режиссерлер тобы»

Шарты: Оқушыларға күн туралы анимациондық дыбыссыз видео көрсетіп, осы видеода күннің рөлін ойнау арқылы дыбыстауын ұсыну.


ІІІ. Қорытынды .

«Ripples in the water»

The task: It is written the word “W-A-T-E-R” in a left column. Y

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!