Материалдар / Отбасы - бақыт мекені тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отбасы - бақыт мекені тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сынып жетекшілерге,тәлімгерлерге арналғвн
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2020
464
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Отбасы – бақыт мекені»

Отбасы күніне арналған іс-шара жоспары

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу, оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті тудыру.

Барысы:

Жүргізуші:

Тәрбие сағатын Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастамақпын: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.»

Отбасы - осы сөздің түбінде терең мағына жатыр. Отбасы деген қасиетті ұғым. Отбасы әр адамның өміріне бастама болып табылады. Отбасын – кішігірім Отанға теңейміз. Отанның өзі отбасынан басталады дейміз. Ал отбасылық бақыт болса – ол бақыттың шыңында тұратын белгі. Бақытқа толы болған отбасы әрқашанда қоғамда ерекшелініп, өзгелері үлгі тұтатындай санатқа жетеді. Ерекшелігі деп ол отбасылардың татулығын, айналаға деген сансыз махаббаттарың, барша адамға деген риясыз сыйластығың, қоғамға тигізген қажырлы үлесің айта аламыз.

Олай болса, бүгінгі күнде, бүкіл еліміз бойынша аталып өтіп жатқан «Отбасы күніне» орай, бізде «Отбасы – бақыт мекені» деген тәрбие сағатын ұйымдастырып отырмыз. Ендеше, Сіздердің қошеметтеріңізбен, «Отбасы – бақыт мекені»- атты тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!


Ән. «Аяулы анашым»

Орындайтын Нұрасыл мен Алтынай. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – солардан.


ӘН: «Анашым» Орындайтын: Қонысбай Жұлдызай

Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын – дей отырып 5 сынып оқушыларының әдеби монтажна кезек берейік.

Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.


БИ:Қазақша би. Орындайтын: «Таңшолпан» би тобы.


ӘН:Қос бәйтерегім. Орындайтын: Бітімбай Әсем


Жүргізуші:


Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

ӘН: Әке – Ана Орындайтын: Әділ Ғазиз

Қорытынды:

Жүргізуші:

Сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сұлтанов Нұрлан ағайға беріледі.

ӘН: Аққу арман Орындайтын: Ақтас Жанерке мен Бітімбай Әсемай

Жүргізуші:

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Құрметті көрермендер келіп-қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз, қош-сау болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!