Материалдар / Отбасы - өмір айнасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отбасы - өмір айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
қамқоршылармен өткізілген тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
287
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Отбасы – өмір айнасы» тренингтік сағаты

Мақсаты: қамқорлықтағы, патронаттық тәрбиедегі балалардың қамқоршыларымен қарым-қатынастарын нығайту, қамқоршыларға қолдау көрсету, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Көрнекілігі: маркер, шар, ақ парақ, нақыл сөздер

«Менің қолымды таны»

Ата-аналар мен балалар ақ параққа өз қолдарын басады. Мұғалім парақтарды нөмірлеп, тақтаға іледі. Бала ата-анасының қолын табу қажет, ал ана баласының қолын табу қажет.

«Бұл кім?»

Барлығы ақ параққа сурет салады, ата-ана баласын неге теңейді, бала ата-анасынын неге теңейді, соның суретін салу, түсіндіріп айту.

«Аяқталмаған сөйлем»

Отбасы бұл ... (жайлылық, жылылық қуанышы, сүйікті адамдар т.б.)

Менің ата-анам бұл ... (менің достарым, сенімді серігім, мені сүйетін адамдар, өзара түсіністік т.б.)

Менің отбасымдағы қуаныш – бұл .. (көтеріңкі көңіл-күй, болашаққа жоспар, бақыт т.б.)

Үйімнен жыраққа кетсем ... (үйімді сағынамын, ата-анамды бауырларымды сағынамын т.б.)

Ата-анамның басты тілегі – бұл (балалардың денсаулығы, менің болашағым, балаларының бақыты т.б.)

«Біріккен сурет» тренингі

 Ата- анасы баласымен үстелге отырады. Оларға бір ақ қағаз және бір щеткасымен акварель бояуы беріледі. Олар әрқайссысы қандай сурет салатындарын бір- бірімен келіспейді. Бірінші біреуі қолын щетканың үстінен, ал екіншісі астынан қойып суретті салады. Одан кейін ол парақ алынып, басқа парақ беріледі де екеуі қолдарын ауыстырады. Аяқтағаннан кейін екеуі суреттерін көрсетіп әрқайссысы қандай сурет салғылары келгенін және қандай қиыншылықтар болғаны талқыланады

«Рөлдермен ауысу» аналар мен балалар өз рөлдерін ауыстырады: бала – ана, анасы – бала болады

  • балаңыз үйге кеш келді;

  • компьютер ойнап, сабағын жасамай отыр;

  • мұғалімнен ескерту берілді, сабағын орындамағаны үшін;

  • ата-аналар жиналысы болады;

  • өз бөлмесін жинамайды;

  • бір сыныпта оқитын баламен сөзге келіп қалды

«Қуаныш шары» ата-аналар мен балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Шарды бір-біріне лақтыру отырып, мақтау сөздер, жақсы қасиеттерін айтасыздар.

«Жылулық шеңбері». Барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық. Өздеріңізді үлкен тұтас дененің бір бөлшегі ретінде сезініңіздер, әр қайсымыздың өз орнымыз, өз есебіміз бар ...

Көздеріңізді жұмыңыздар, ал енді ойша осы шеңберде тұрған адамдарға жақсы, жылы, қайырымды тілек тілеңіздер. Біздің оларға бергіміз келетіндігін барлығы сезетіндей етіп жасау біздің күш –жігерімізде. Біз қаншалыө көп берсек, соншалықты өзіңізге қайтады, себебі біздің әрқайсымыз – тұтас үлкеннің жартысымыз, сіздің өз отбасыңыздың бір бөлшегіміз ... (сезіну мен жанасу коммуникациясы).

Енді көздеріңізді ашуларыңызға болады.

Біз отбасында көптеген нәрселерді үйренеміз: қуануды, бір-бірімізге қамқор болуды, мейірімді, жанашыр болу білуді, дос бола білуді т.б. Отбасында сүйіспеншілікке бөленеміз. Сондықтан да «отбасы – өмір айнасы» деп бекер айтылмаған. Сонымен бүгінгі шарамыз өз мәресінде жетті. Отбасыларыңызда әрқашан сенім, түсіністік, татулық болуын тілеймін.

Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!