Материалдар / өзгелерге қызмет ету-өзіңе қызмет ету
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

өзгелерге қызмет ету-өзіңе қызмет ету

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне,ашық сабақ өткізуге көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2020
2787
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: «О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ

Мерзімі : 11.02.2020 № 21 сабақ

Сабақтың тақырыбы: ӨЗГЕЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ-ӨЗІҢЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, командада (топпен) жұмыс істеу, бірлік . Пән мұғалімі: Сейлханова Л.Е

Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың мақсаты: Ұжымда дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат жасамау өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінік беру.

Міндеттері: Білімділік: - командада жұмыс істеуді үйрету;

Дамытушылық: - ешкімді ренжітпеуге, үнемі көмекке келе білуге ықпал жасау; Тәрбиелік: - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2. Үй тапсырмасын тексеру.

1 . «Менің сыныптасым» тақырыбында эссе жазып оқиды..

Музыка қойыла ды




3. Дәйексөз

Шынайы сүйіспеншілік басқа адамның тағдыры

үшін алаңдаған жүректе ғана туындайды.

Василий Сухомлинский

Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңыздар.


4.Әңгімелеу: Серік Әдбірайымұлы

Дінмұхамед Қонаев: «Өзге елдің оты өз

еліңнің түтініне де татымайды» (Үзінді)

1. Димаш Ахметұлының игілікті іс атқаруының мәні неде деп ойлайсыздар?

2. Биліктің шыңына көтеріліп, бірақ кісілігін жоғалтпауы қандай құндылықтардың көрінісі? Нақты мысал келтіріңіздер.

3. «Қанағатшыл адам» дегенді қалай түсінесіздер?

4. Дінмұхамед Ахметұлының бойынан өзіңіз үлгі тұтарлық қандай ізгі қасиеттерді байқадыңыздар?

5. Өзіңіздің риясыз қайырымдылық жасаған кездеріңіз болды ма? Мысал келтіріңіздер.

Сұрақ –жауап

(пікірталас)


Мәтінді талдау.

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі берілген қанатты сөздерден негізгі ойды анықтап, өз ойларыңызды түйіндеңіздер.

Ы. Алтынсарин: «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе».

Ж. Де Лабрюйер: «Жақсылық жасау–әрекет жасау деген сөз».

Р. Роллан: «Қайырымдылық – ғылым емес, әрекет».

Ж. Ж. Руссо: «Қайырымдылықтан басқаның бәріне қарсы тұруға болады».

М. Монтень: «Қайырымдылық ғылымын игермеген адамға басқа кез келген ғылым тек зиянын тигізеді».

Н. Чернышевский: «Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім».


2-тапсырм: «Кеңпейілділік»,«қайырымдылық»,«жанашырлық» сөздеріне қатысты сөздерді топтастырып жазыңыздар.


3-тапсырма: «Жақсылық – жан шуағы» тақырыбына қайырымдылық іс-шара жоспарын жасаңыздар. – Жоспарлардың ішінен ең шыншыл және тиімдісін таңдаңыздар. – Іс-шараны іске асырыңыздар.


6. Топпен

Асыл арман Бәкір Тәжібаев

Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,

Әлде бір алаулаған гүлімбісің,

Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,

Арманым айтарым көп саған менің.

Қ-СЫ: Асыл арман, асыл арман,

Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?

Асыл арман, аспанымда жарқылдаған құсым ба еді,

Мен сенің құдіретіңе, Мен сенің құдіретіңе түсінбедім

Арманым, құздан құлар бұлақпысың,

Әлдебір күлімдеген шырақпысың.

Әлдебір албыраған ай ма екенсің,

Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

Арманым жүрегімнің жыры ма едің,

Жас ару жанарының нұры ма едің.

Әлдебір сазы ма едің домбырамның,

Қиялды асқар шыңға қондыратын.


7.Үй тапсырмасы

1. «Жомарт адам бергенін айтпас» атты тақырыпқа ойтолғау жазыңыздар.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!