Материалдар / Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шараның жабылуы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шараның жабылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шараларына үлесін қосып қатысқан білім алушыларды марапаттау, концерттік бағдарлама ұйымдастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Шілде 2018
760
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шараның жабылуы

Уақыты: 12.02.2018жӨтетін орны: Акт залыМақсаты: Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шараларына үлесін қосып қатысқан білім алушыларды марапаттау, концерттік бағдарлама ұйымдастыру.Іс-шараның жүру барысы:
  • 01.02.2018ж Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік іс-шарасының ашылуын баяндаған, тренинг сабақ өткізген өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі жетекші Жалғасбаева Жанар іс-шараның барысын білім алушалыларға таныстырып өтті.
  • 02.02.2018ж Өзін-өзі тану адамгершілік рухани білім беру бағдарламасы авторының шығармашылығы туралы апта бойы кітапханашы Карамурзина Торшын «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
  • 05.02.2018ж 5-8 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу байқауын өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бүркіталина Аксындар ұйымдастырды.
  • 06.02.2018ж Патриот адамгершілік, қайырымдылық туралы жоғары сынып арасында дөңгелек үстел, дебат ұйымдастырған өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Азанов Кенжебек.
  • 07.02.2018ж Қолдан жасалған бұйымдарарқылы «Балалардың достық, ана, әлем, мейірбандылық» тақырыбында көрме ұйымдастырғандар Жанбыршиева Рысты, Нұрбатырова Түзел, Жалбирова Насиба.
  • 07.02.2018ж «Мейірімділік асыл-қасиет» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Айтжанова Жарқын 2 «қ» сыныбына , Азанов Кенжебек 8 «ғ» ашық сабағын өткізді.
  • 08.02.2018ж 4 сынып білім алушылары арасында «Ән көңілдің ажары» тақырыбында ән байқауы фестивальін өзін-өзі тану мұғалімі Айтжанова Жарқын ұйымдастырды.
  • 08.02.2018ж 6 сынып оқушылары арасында Спорттық ойын-жарыстарын дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Айтжанова Гульмира, Дабысов Ғалымжан ұйымдастырды.
  • 09.0.2018ж Мұқтаж отбасыларын, мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп тарапынан ақшалай көмек бере отырып, «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын ұйымдастырылды, өткізгендер әлеуметтік педагог Абдуллаева Нургуль, өзін-өзі тану мұғалімдері Айтжанова Жарқын, Бүркіталина Аксындар.
  • Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің жабылуы шарасын ұйымдастырғандар өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Жалғасбаева Жанар, Бүркіталина Аксындар, Айтжанова Жарқын.
Жыл сайынғы өтілетін Өзін-өзі тану: «Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шарамызда өз мәресіне жетті. Іс-шараға өз үлесін қосып, демеу көрсеткен ұстаздарға, шәкірттерімізге алғысымыз шексіз. Атап өтсек әлеуметтік педагог Абдуллаева Нургульдің ұйымдастыруымен мұқтаж отбасыларына,мүмкіндігі шектеулі оқушыларға «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді, оған үлесін қосқан 11 сынып оқушыларына және сынып жетекшілеріне алғыс айтамыз. Өзін-өзі тану пәнінің бастауыш сынып мұғалімі Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен 2сынып оқушыларына ашық сабақты шебер өткізе білді. 4сыныптар арасында «Ән көңілдің ажары» атты ән фестиваль байқауын жоғары деңгейде ұйымдастыра алды. «Ән көңілдің ажары» атты ән фестиваль байқауының «Үздік жүргізуші» номинациясының иегерлері 4 «а» сыныбының білім алушысы Жумагулова Айганым марапатталады. Дәл осы номинациясы бойынша 4 «е» сыныбының білім алушысы Асқар Алмаз марапатталады. «Шебер жүргізуші» номинациясы бойынша 4 «ғ» сыныбының оқушысы Төрәлі Нұрай марапатталады.



1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен білім алушылар, бүгінгі Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шараның жабылуына қош келіпсіздер.2-жүргізуші: Салеметсіздерме құрметті де аяулы біздің ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз. Бүгінгі біздің дәстүрлі онкүндік іс-шарамыздың жабылу концерттік бағдарламамен және онкүндік іс-шараларға үлесін қосып, байқауларға, жарыстарға қатысқан білім алушыларды мараппатаумен аяқталады.1-жүргізуші: Бүгін сіздермен жүргізушілер _________________________________және_________________________________.2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,Әсем әнмен тәтті күй.Жүрекке түрлі ой салар.Әнді сүйсең менше сүй –деп Абай атамыз жырлағандай бүгінгі дәстүрлі онкүндік іс-шарамызды концерттік бағдарламамен бастағалы тұрмыз.1-жүргізуші: Алдарыңызда «Ән көңілдің ажары» байқауының қатысушысы «Үздік әнші» номинациясының иегері өз бойында ержігітке лайықты мінезі бар, сегіз қырлы бір сырлы жігітіміз 4 «д» сыныбының білім алушысы Джанаев Арнатты «Гүлдерайым» әнімен қарсы алыңыздар.2-жүргізуші: Алдарыңызда «Ән көңілдің ажары» байқауының қатысушысы ІІ орын иегері бұлбұл сайрайтын, кішкентайынан ән десе жанын беретін өзі көріктіде сүйкімді 4 «г» сыныбының ару қызы Амангелді Бақытгүлдің орындауындағы «Әке-ана» әні.1-жүргізуші: Алдарыңызда «Ән көңілдің ажары» байқауының қатысушысы І орын иегері өзі салмақты, сыныптың ең көрікті, бір бойында мың өнер табылатын 4 «б» сыныбының сымбатты қызы Марат Жаннаттың орындауындағы «Ана тілім-тұғырым» әнімен қарсы алыңыздар.2-жүргізуші: Алдарыңызда «Ән көңілдің ажары» байқауының қатысушысы ІІІ орын иегері сыныптың мақтанышы, өзі ерке, сөйлеген сөзі өтімді, әнге құмар сұлу қызымыз 4 «д» сыныбының білім алушысы Түркменбай Мадинаның орындауындағы «Балапан қаз» әнін қарсы алыңыздар.1-жүргізуші: Алдарыңызда «Ән көңілдің ажары» байқауының қатысушысы ІІ орын иегері өзі сұлу, инабатты, сөзіне көркі сай, білімді де өнерлі бетке тұтар мақтанышымыз 4 «ә» сыныбының оқушысы Умирзагова Сабинаның орындауында «Ризамын» әнін қарсы алыңыздар.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!