Материалдар / Өзін-өзі тану пәнінің он күндігіне арналған "Әлемнің жарығы жүректің түкпірінде" атты 7-8 сыныптар бойынша Сыныптан тыс шара
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өзін-өзі тану пәнінің он күндігіне арналған "Әлемнің жарығы жүректің түкпірінде" атты 7-8 сыныптар бойынша Сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар үшін сертификаттар өте қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
543
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әлемнің жарығы-жүректің түкпірінде» атты өзін-өзі тану пәніне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі.Мақсаты: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу процесіне тиімді енгізіу жұмысын белсендіру мен жалпы адамзаттық құндылықтар туралы мектеп оқушыларының түсініктерін тереңдету.1-жүргізуші: Армысыздар алқалы жұрт!2-жүргізуші: Баршаңызға қайырлы түн тілейміз! Бүгінгі 8 «А» және 7 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Әлемнің жарығы-жүректің түкпірінде» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!1-жүргізуші: Кешімізді ашу үшін ортаға №1 «жалпы білім беру орта мектебінің» директоры Саркенова Сания апайды қошеметпен ортаға шақырамыз.1-жүргізуші: 3 «В» сынып оқушысы Қазақбаева Бернараның орындауындағы « Туған өлке » әнін қабыл алыңыздар.2-жүргізуші: Ал енді құрметті көрермендер дәл қазір мұнда сіздерді кімдер, не үшін жинағанын біле аласыздар.1-жүргізуші: Мінеки, біздің көптен күткен қонағымызда келіп жетті. Қарсы алайық! Көрініс.(Акт залында барлық оқушылар мен ұстаздар қауымы жиналған соң жарық өшеді және музыка әуенімен ортаға көрінісіміздің кейіпкері «Ғылым» апамыз ортаға шығады).Автор сөзі: Ғылым-барлық пәннің бастауы. Ол пайда болған кезбен қазірді салыстырғанда көп жағдай өзгерді. Өздеріңіз көріп отырғандай апамыздың балалары: биология, физика, химия.Физика: Әрине, керекті сала. Осы саланың негізінде емеспе қандай керемет техникалар шықты. Алысты жақытдатқан, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған-телефон заманымыздың ғаламаты. Бірақ......Бірақ.....«Ғылым» апа: Әй, балам!!! (-дей бергенде физика «Ғылым апаға назарын салмады)«Ғылым» апа: Балам-ау, техника түбіңе жеткені ме!?-деп басын шайқап, Биологияға назар аударды.Физика: Түбіңе жетті дейсің бе? Апау, жан-жағыңызға қарасаңызшы! Барлығының қолында бір-бір телефон. Мен олардан қаламын ба?Автор сөзі:Биология-табиғат таразысы, тіршіліктің қайнар көзі. Бұл пәннің негізінде тазалық жатыр. Дегенмен де..... Бұлар.... «Ғылым апа»: Шырағым қоқысты жерге тастағаның не?Мұның жарамайды ғой.Биология: Апа, қоқысты тастағанда тұр? Оданда анда қараңыз.Химия: 1-кейіпкер: Бастық бір айда өндірілген мұнайдың 80% экспортталды. Енді қалған қалдықтың көзін жою керек. Қандай жолды ұсынасыз?2-кейіпкер: Суға ағызып жіберіңдер......«Ғылым» апа: Балам-ау, қалдықты суға ағызғаның дұрыс емес қой. Бұлай жасаудан алдын ойландың ба?1-кейіпкер: Ойланатын несі бар? Компанияның барлығы қалдықты суға төгеді. Бұл таң қалатын жағдай емес.Автор сөзі: Рухани дағдарысқа ұшыраған бұл заман апамыздың балаларын да тілсіз етті. Балаларынан жауап ала алмаған апамыз өз үйіне қайта оралды. Апамыз үйдің алдында әлденесін жоғалтқандай абыржыды. Сөйтіп жүргенде жас өркен Өзін-өзі тану келді. Өзін-өзі тану: Апа, апа сіз сырттан не іздеп жүрсіз?«Ғылым» апа: Кілтімді жоғалтып алып едім. Автор сөзі: Апаның шаршағанын көрген бала кілтті бірге іздей бастады. Өзін-өзі тану: Апа сіз кілтті қайда жоғалтып едіңіз?«Ғылым» апа: Кілтті үйдің ішінде жоғалттым.Өзін-өзі тану: Үйде жоғалтқан кілтті неге сырттан іздеп жүрсіз?«Ғылым» апа: Себебі балам, сырт-жарық, іш-қараңғы!Өзін-өзі тану: Қараңғылық дей-ме? Кілтті үйде жоғалтқан апаның сырттан іздегені несі? Әй, халайық! Бұл іс-әрекет сіздерге күлкілі көрінер. Алайда мұның астарында бір сыр жатыр. Осы бір апамыздың түсініксіз әрекеті қазіргі уақытпен сәйкес келмей ме? Барлығымыз бір сәтке ойланайықшы. Қандай жағдайға тап болсақ та, барлығының себебін сырттан іздеп жатамыз. Қарап отырсақ біз үшін сыртқы әлем жарық та, ішкі әлем қараңғы секілді. Шындығында тумысынан мейірімді адамзат баласының дүниенің жетегінде жүріп, адасуы жүрегіміздегі нұрды көміп кеткендей...Ойлаңыздаршы әлемнің жарығы-жүректің түкпірінде емес пе? Сондықтан ағайын жүрек түкпіріндегі нұрды жағайық!Автор сөзі: Мінеки, қысқа ғана тарихпен баяндалатын өзін-өзі тану пәнінің аймағы бүгінгі ғаламды шарпып өтті. Қошемет көрсетейік.1-жүргізуші: Құрметті көрермендер! Алдарыңызға жүректер таратылады.2-жүргізуші: Құрметті жүректі сыйға алған көрермендер. Жүректеріңізге мұқият назар аударыңыздар. Тапсырма бар ма? Жоқ па? Егер бар болса, ортаға шығуларыңызды өтінеміз.....1-жүргізуші: Құрметті көрермендер, мына плакатта белгілі бір сурет белгіленген. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай кейбір элементтері жеткіліксіз. Ал енді сіздерге тапсыр ма. Жүрекшелеріңізге назар аударыңыздар. Онда жұмбақтар жасырылған. Жұмбақтың жауабын шешкен жағдайда, суретте жетіспейтін элементтердің жауабы шығады. Және ол элементтерді аудиториядан іздейсіздер. Іске сәт. 2-жүргізуші: Әрине, сіздер ойланып отырған боларсыздар, біз неліктен адамның дене мүшелерін жинадық деп. Ал, ендеше плакаттың келесі бетіне назар аударайық! Тынытық сәті.1-жүргізуші: Біздің қыздар билейді,Аяғы жерге тимейді.Оны көрген көрермен,Үйіне қайтқысы келмейді-дей келе 7 «Б» сынып қыздарының дайындаған Флешмобын тамашалайық. Қарсы алыңыздар, тамсаныңыздар, қол соғыңыздар!2-жүргізуші: Ал, енді ұстаздар мен оқушылар экраннан видеороликті тамашаларыңыздар бірге тамашалайық!

1-жүргізуші: Сонымен бұл бейнебаян баршаңызға ой салған болар.2-жүргізуші: Түсінбедім. Сонда қалай?1-жүргізуші:Өзін-өзі тану пәнінде 5 құндылық бар. Сүйіспеншілік пен ақиқатты таныған адамның әрекеті әрқашан дұрыс болмақ, сонда адам ішкі тыныштыққа кенеледі, ішкі тыныштыққа кенелген адам ешкімге қиянат жасамайды.2-жүргізуші: Қойшы Алмас, өмірде мұндай адамды табу қиын шығар. Барлығы сөз жүзінде әдемі де, ал іс жүзінде жаман. Ойында не бар екені бір өзіне аян. 1-жүргізуші: Жоқ, Ақжүніс ішкі тыныштыққа қол жеткізуге бәрі де қабілетті. Бірақ ізгілік жолына бастайтын, осы жолда өзгелерге үлгі бола алатындай керемет жан керек. Және ол адам біздің арамызда бар. 2-жүргізуші: Ол кім?1-жүргізуші: Оның кім екенін 6 «Г» сынып оқушысы Шадыбек Нұрбектің орындауындағы «Бір жұлдызың болайын» атты әнінен кейін білетін боламыз.2-жүргізуші: Нұрбек өзің тұнып тұрған әнші екенсің ғой. Жарайсың!1-жүргізуші: Ал оның кім екенін мына менің сиқырлы кітабымды ашқан адам біледі.2-жүргізуші: Қане көрейінші! Солай ма?Лаура: Мүмкін..............Нұрсая: Мұны бәрі білуі керек........1-жүргізуші: Жақсы болу өзіңненЖаман болу өзіңненӨзіңді өзің ая даӨзің үйрен өзіңнен-демекші кезекті 7 «Б» сынып оқушысы Сәрсен Мадинаның орындауын поэзия. Қабыл алыңыздар!2-жүргізуші: Жамандық көрсең біреуден Мен қандайын деп ойла,Жақсылық көрсең өзіңненМен қандаймын деп ойла.1-жүргізуші: Әрине, дұрыс айтылған! 2-жүргізуші: Сонымен құрметті көрермендер өзін-өзі тану пәніне арналған концерттік бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!