Материалдар / Педагогика пәні бойынша КУРСТЫҚ ЖҰМЫС тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Педагогика пәні бойынша КУРСТЫҚ ЖҰМЫС тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ педагогтарға, жоғарғы оқу орындарының ұстаздарына қажет мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
372
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогика пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына
қалыптастыру жолдары»

1

ЖОСПАР
Кіріспе

3

1. Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына 7
қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына 7
қалыптастырудың теориялық негіздерінің тарихи дамуы
1.2 Халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің тарихи- 9
педагогикалық ерекшеліктері
2. Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына халықтық
педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің ерекшеліктері
сабақтастықпен қолданудың ғылыми-әдістемелік жүйесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына
қалыптастыруды ң мазм ұны мен негізгі жолдары
2.2 Салауатты өмір салтына қалыптастыруды ң әдістемесі
2.3 Салауатты өмір салтына қалыптастыру бойынша ж үргізілген
эксперименттік ж ұмыс мазм ұны мен н әтижелері

11

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

23
25

2

11
13
18

Кіріспе
Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем
үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір сүру мен
денсаулық мәдениетін игермей тұрып өзін білімді адам деп санай алмайды.
Өйткені, әр қайсымыздың денсаулығымыз- бұл жеке байлық қана емес, ол
сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт.
Адамдардың денсаулығы да сол елдің елдігін танытатын маңызды
факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізігі шарты – мәдени орта, салауатты
өмір салты.
Сондықтан да Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық
бағдарламасында: «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты
мемілекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық
және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының
қадір-қасиеті мен әл ауқатын арттыра алмаймыз», -деген болатын.
Қазақ елігің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, Қазақстан
Республикасының
Конституциясының,
Қазақстан
Републикасының
азаматтарының денсаулығын сақтау туралы, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының білім беру туралы заңының, Қазақстан Республикасы
әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасының, Мемлекеттің білім беру
саласындағы саясатының тұжырымдамасының, мәдени-этникалық білім беру
тұжырымдамсының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны
жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Аталған құжаттарда басты
назарда болған мәселенің бірі – жастар тәрбиесі, оның ішінде қоғамда
салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы.
Салауатты өмір сүре алмауда, оған жастайынан дағдыланып,
үйренбегендіктен, рухани деңгейіміздің төмендеуінен, экологиялық апаттан
адам өмірінде небір жағымсыз көріністер етек алып, ол денсаулы қты ң
нашарлауына, адамның азып-тозуына, қала берді өмірінің өте қысқа болуына
әкеліп соғуда. Қоғамдағы жағымсыз жағдайлар мен аурулардың көптеп
таралуына көпшілік жағдайда адамдардың өздері кінәлі. Соның ішінде негізігі
факторлардың бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыра алмау (режимнің
сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз
жағдайлардың көп болуы, темекі тарту, арақ ішу, есірткілер пайдалану т.б.).
Өкінішке орай, салауатты өмір сүру дегенді көпшілік жастар жағымсыз
әрекеттерден: ішкіліктен, темекіден, есірткіден бойды аулақ салу, сақтану деп
ғана түсінеді.Ал шын мәнінде салауаттылықтың мән-мағынасы өте кең,
ауқымды. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік т.б. сияқты жат қылықтардан
салаутсыз өмір сүрудің зардаптары екенінде сөз жоқ, онымен күресу керек.
Бірақ ол күрес салауатты өмір салты емес, салауаттылық дәстүрге айналу керек.
Салауатты дәстүрді салауатгы өмір салты ғана туғызады. Міне, осыдан-ақ
оқушыларды салауатnылыққа тәрбиелсу көкейкесті мәселе екендігі түсінікті.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің
міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
3

негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интеллектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне
баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарыны ң тарихын, әдетғүрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажетгілігі атап көрсетілген.
Негізінен кейінгі жылдары халы қ педагогикасына, қаза қ хал қы ның
ұлттық кұндылықтарына ерекше көңіл аударылып, оның сан-салалы тәрбиелеу
мүмкіндіктері жан-жақты зерттелуі кездейсоқ емес. Халықтық дәстүрлердің
тәлім-тәрбиелік мәні зор, мағынасы кең. Олардың ішінде адам баласы қанша
өмір сүрсе де ешбір ескірмейтін, қадір-қасиетін, қажеттілігін жоғалтпайтын,
тозбайтындары
бар,
олар
бүкіл
адамзаттық
мәнге
ие
болып
қалыптасқан.Сондай бүкіл адамзаттық мәнге ие болғаны салауатты өмір
салтына байланысты құндьлықтар. Олар келешек қоғамда да өз мәнін
жоймайды.
Сонда да қазақ халық педагогикасы мүраларының құндылықтары арқылы
жастарға тәрбие беру мәселелеріне арналған ғылыми зерттеу жұмыстары мен
ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау негізінде және олардың
педагогикалық шарттарын қарастыру барысында жастарды салауатты өмір
салтына қалыптастыруда халықтық педагогика құндылықтары негізінде
тәрбиелеу проблемасы ғалымдар назарынан әзірге шет қалып отырғанына
көзіміз жетті. Шын мәнісінде бұл проблеманың көкейкестілігі күмән
тудырмайды, кайта кең көлсмде зерттеуді қажет ететін өмірдің өзекті мәселесі.
Оның үстіне мектеп практикасын зерттеп, талдау да салауатты өмір салтын
қалыптастыруда тәрбие жұмысын халықтық педагогика құнды-лықтары
негізінде жүргізудің қажетгілігін айғақтай түседі. Көптеген мұгалімдер мектеп
окушыларын салауаттылыққа тәрбиелеуде халық дәстүрлерінің сарқылмас
мүмкіндіктерін жете бағалай бермейді. Ол бір жағынан мүғалім білімінің осы
проблемаға байланысты жеткіліксіздігі болса, екінші жағынан, тұтас алғанда
оқушыларды
салауаттылыққа
тәрбиелеуде
халықтық
псдагогика
құндылықтарын сабақтастықпен пайдалану жөніндегі теориялық жағынан
негізделген ғьшыми-әдістемелік үсыныстардың аздығымен түсіндіруге болады.
Осы қайшылықтарды негізге ала отырып, жастарды салауаттылыққа
тәрбиелеуде халықтық педагогика құндылықтарының тәлім-тәрбиелік
мүмкіндіктерін ой елегінен өткізу, тәрбиені ұлттық құндылықтарға ұлттық
мәдениетке бағдарлауды күшейту және осының негізінде оқу-тәрбие процесіне
салауатты өмір салтын енгізу жөніндсгі идеялар зерттеу проблемамызды
айқындап «Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына
қалыптастыру жолдары» деген тақырыпты зерттеу жұмысымыздың арқауы
етіп алуымызға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: халықтық педагогика құндылықтарының бастауыш
сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыруда ғы т әрбиелік
мүмкіншіліктерін анықтау және олардың педагогикалы қ шарттарын, ісәрекеттілік нысанасын теориялық түрғьда негіздеп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде
пайдалану жолдарын айқындау.

4

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика
құндылықтары негізінде тәрбиелей отырып салауатты өмір салтына
қалыптастыру процесі.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып
оқушыларына салауатты өмір салтына қалыптастыру мақсатында жүргізілетін
оқу-тәрбие жұмыстары.
Зерттеу міндеттері:
- халықтық
педагогика
құндылықтарының
бастауыш
сынып
оқушыларын салауатты өмірге қалыптастырудағы тәрбиелік мүмкіндіктерін
айқындау;
- зерттеу жұмысының нәтижесінде халықтық педагогика құндылықтары
негізінде жеке тұлғаның салауатты өмір салты жүйесінің іс-әрекеттік үлгісін
жасау;
- салауатты өмір салты мазмұны мен шартын жеке салауатты өмір
салтының іс-әрекеттік нысанын айқындау;
- бастауыш
сынып
оқушыларын
салауатты
өмір
салтына
қалыптастыруда халықтық педагогика құндылықтары арқылы тәрбиелеудің
тиімді жолдарын анықтап ұсыну;
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша, оқушыларды салауатты
өмір салтына қалыптастырудың тұжырымдамалық-әдіснамалық негізін
анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының ресми материалдарына,
тұжырымдамалар мен бағдарламаларына талдау жасау, ұлттық халықтық
педагогика
құндылықтарын
жастарды
салауаттылыққа
тәрбиелеу
мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, республикалық,
облыстық «Салауатты өмір салтының» бағдарламаларын талдау, оқушылар,
ата-аналар арасында сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау, әңгімелесі
(мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен), эксперимент өткізіп, оның
нәтижелеріне баға беру, жиналған материалдарды өңдеу.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі
мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зертеудің көкейкестілігі, яғни ақпараттары, мақсаты,
объектісі, пәні, міндеттері, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері
беріліп, баяндалады.
«Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына
қалыптастырудың тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші
тарауда бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің
теориялық негіздері қарастырылған үкімет құжаттарына, тұжырымдамаларға
сипаттама берілді. Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына
қалыптастыру проблемасы педагогикалық тұрғыдан теориялық жағынан
негізделіп, халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің тарихипедагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама беріліп, қазіргі кездегі оқушыларды
халықтық педпгогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің ғылымипедагогикалық зерттеулеріне талдау жасалынды. Осыны негізге ала отырып,
5

оқушыларды халықтық педагогика құндылықтары арқылы салауатты өмір
салтына қалыптастыру мүмкіншіліктері анықталды.
«Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына халықтық
педагогика
құндылықтары
негізінде тәрбиелеудің ерекшеліктері
сабақтастықпен қолдануды ғылыми-әдістемелік жүйесі» атты екінші
тарауда оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің бүгінгі жай-күйі
сипатталады, зерттеліп отырған проблеманың өлшемдері мен деңгейлері негізгі
компоненттері
анықталып,
жастарды
салауатты
өмір
салтына
қалыптастыруды ң мазм ұны мен негізгі жолдары көрсетілді. Сыныптан тыс
тәрбие ж ұмысында бастауыш сынып оқушыларын салауаттылыққа
тәрбиелеудің
жолдары
қарастырылып,
тәжірибелік-эксперимент
жұмыстарының нәтижелері қорытылып әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қорытындыда зерттеу тақырыбыны ң к өкейкестілігімен байла нысты
зерттеудің нәтижелері көрсетіліп, жалпы тұжырымдар мен ғылымипрактикалық ұсыныстар берілді, бұл салада келешекте жүргізуге болатын
зерттеулердің мүмкін боларлық бағыттары анықталды.
Қосымшада зерттеу жұмысына қолданылған анкеталық сауалнамалар,
кейбір түпнұсқалық деректер, әдіснамалылық нұсқаулар, сондай-ақ салауатты
өмір салтына арналған ережелер берілген.

6

1. Оқушыларды салауатты өмір
теориялық негіздері
1.1 Оқушыларды салауатты өмір
теориялық негіздерінің тарихи дамуы

салтына

қалыптастырудың

салтына

қалыптастырудың

Тәуелсіз Қазақстан даму өркениетінің сара жолына түсіп, биігіне көтерілуі
үшін оның қуатты экономикасымен қатар, тәрбиелі,өнегелі, білімді ақылды да
зерек, денсаулығы мықты, парасатты да салауатты азаматы болуы керск.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық даму
бағдарламасында ұлттың денсаулығы мен салауатты өмір салтына ұзақ
мсрзімді басым бағыттардың бірі ретінде анықтама берген. "Салауатты өмір
салтын ынталандыру әр-қайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға,
дұрыс тамақтануымызға, есірткі темекі мен алкогольді тұтынуды қойып,
тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға ж әне т.с.с. ба ғыттал ған"делінген бағдарламада. Салауатты өмір салты бұл алдын-ала жасалған жоспар
бойынша, берілген нұсқау арқылы емес, өмір қажеттілігінен туған әлеуметтік
құбылыс.
Салауаттылық адам бойына туа бітпейді, ол қоғамдық ортаның, игі
дәстүрлердің, білім мен біліктіліктің негізінде қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа
сабақтастықпен жалғасуға тиіс. Біз біршама уақыт ұрпақгар бірлігі мен
сабақтастығы байланысын үзіп алдық. Ұзақ жылдар тілінен де, дінінен де
айырылып, жан дүниесі жұтаңдаған жастарымыздың мәңгүрттікке айналуының
басты себебі де осы ұрпақ сабақтастығы сақталмай, ұлттық тәрбиеден қол үзіп,
халыктық дәстүрден шет қалуында жатыр.
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы дегеніміз - салт-дәстүрлерді келер
ұрпаққа жеткізудің әдісі, өзінің ұлттық жаны мен мінезін сақтап қалу тәсілі.
Уақыт пен ұрпақ байланысы үзілсе, ұлт мәдениеті мен адамның ұлттық
ерекшелігі де өзінің мәнін жояды.
Сабақтастық адамдардың өздерінен бұрынғылардың ісін одан гөрі ілгері
бастыруға, олардың жетістіктерін дамытып жетілдіре түсуге, бұл жетістіктерді
жаңа, неғүрлым жоғары саты ға к өтеруге м үмкіндік береді.
Зерттеу жұмысымызда «салауатты өмір салты» ұғымы негізгі категория
болғандықтан оған біз толық тоқталамыз. "Өмір салты деген сөздің
мағынасына келетін болсақ, ол - жеке адамдардың өмір тіршілігінен бастап,
бүкіл бір қоғамның өмір сүру тәсілін зерттеп айқындайтын әлеуметтік ұғым.
Өмір салты туралы философтар мен социологтарды қ пікіріне сүйенетін
болсақ, олар (Л.Н. Арутюнян, Ю.Б. Бромлей, И.Т.Левыкина, Р.В. Рьюкина ж әне
т.б.) өмір салты негізіне - адамдардың іс-әрекеті жатады; дәлірек айтқанда
қоғамдық өмірдің әртүрлі жағдайларындағы іс-әрекеттер жиынты ғы,
адамдардың сол іс- әрекеттегі тәртібі мен мінез-құлқы оның өмір салтын
көрсетеді, - дейді.
Социолог Т.Ж.Нақыпбеков, өмір салты - субъектінің әлеуметтік ортамен
өзара әрекеттестік тәсілі. Өмір салтынан сол қоғамның экономикалық жағдайы,
қоғамдық қатынастары, материалдық және рухани қажеттіліктерінің
қанағаттану деңгейлері көрінеді, - дейді.
7

Ал Ю.П.Лисициннің пікірінше, өмір салты - өмірдің белгілі бір
жағдайында және соған сай жүретін адамның іс-әрекеті. Өмір салты адамны ң
денсаулығына да әсер етеді, сондықтан денсаулық пен өмір салтының
арасындағы байланыс салауатгы өмір салты ұғымын көрсетеді. Социологтар
өмір салтының құрылымын зерттеп, оның -жеке адам, әлеуметтік топ және
бүкіл қоғамның өмір салты болып бірнеше субъектіге бөлінетінін айтады.
Әрбір субъектінің өзіне тән ерекше өмір салты бар. Оны жеке адамның мінезқұлқынан, әлеуметгік топтың әдет-ғұрпынан, қоғам өмірінің салт-дәстүрінен
көруге болады. Бірақ біздің мақсатымыз әрбір субъектініқ өмір салтын зерттеу
емес, қай субъекті болса да оның өмір салтына салауаттылықты орнату, өмірге
енгізу. Әрине, жалпы қоғамымыз салауатты болу үшін, сол қоғамда өмір
сүретін әрбір адамның салауатты өмір сүруі қажет-ақ, сонда ғана адамда мықты
денсаулық болады.
Ал медицина саласының ғалымдары (И.И.Брехман, М.Я.Ви ленский,
А.Г.Горшков, Б.И. Чумаков, Ю.ГЛисицин ж әне т.б.) са лауатты өмір салтын
адамдардың өздерінің денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытгалған ісәрекет белсенділігі деп түсінеді.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында (БДҰ, 1946) жеке
денсаулық түсінігі "тек ауру мен кемістіктің жоқгығымен ғана емес, толық тән
саулығы, рухани және әлеуметтік игіліктің күйі" ретінде берілген, сондай-ақ
адамның денсаулығы оған әсер ететін факторлармен өте тығыз байланыста
қарастырылған. Соның ішінде "өмір салты" факторы 50% құрайды.
Этнопедагогтар мен этнопсихологтар (Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев және
т.б.) салауаттылық - халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі. Есірік туғызатын
ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қа лыппен ішу, т.б.
игі іс-әрекет салауаттылықты көрсетеді, - дейді.
Біз зерттеу ж ұмысымызды ң ма қсатына с әйкес, халы қты қ педаго гика
құндылықтары негізінде жастарды т әрбиелей отырып, салауатты өмір
салтына қалыптастыруды міндет етіп қойғандықтан «салауатты өмір салты»
ұғымын өте кең мағынада, ұлттық тұрғыдан қарастырдық. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде "салауатты" сөзінің мәні - парасатты, байыпты деген
мағынаны білдіреді. Парасаттылық болса - адамның дүние танымын, қабілетін
білдіретін ақыл, кемел зерделігі, сана-сезімі, ал "байыпты" сөзі - сабырлы,
салмақты, орнықты деген мағынаны білдіреді екен. Ендеше "салауатты" сөзі
ұлттық ұғымы мызда кең мағына береді, тек қана адамның денсаулығымен ғана
емес, оны ң т әрбиелілігімен, адамды қ болмысымен, адами қасиеттерімен
байланысты екендігін көрсетеді, салауатты өмір сүру үшін адам ақылды,
зерделі, парасатты, сабырлы, салма қты, саналы болу керек деген сөз. Осы
айтылғандарды яғни "өмір салты" мен "салауаттылық" с ө зіні ң ма ғ ыналарын
негізге ала отырып салауатты өмір салты ұғымына өз анықтамамызды
беруге ұмтылдық, "салауатты өмір салты дегсніміз - адамның өмір сүруі үшін
кажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат,
байсалдылығын, сабырлы, сана- сезімін, яғни рухани деңгейін к өрсететін жеке
тұлғалық мінез-құлық, нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі".

8

1.2 Халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің
тарихи-педагогикалық ерекшеліктері
Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерді, халықтық педагогика
құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен
ғасырлардағы ойшылдар Әл-Фараби, Фердауси, Ибн- Сина, Омар Хайям,
Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоцци,
К.Д.Ушинский,
Л.Н.Толстой,
Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, ал кеңестік дәуірдің 1920-1930
жылдарында Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова, М.Әуезов және т.б. маңызды ой-пікірлері,
қағидалары қазіргі кезде де өз жалғасын табуда.
Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудің
қажеттілігі мен олардың тәрбиелік мүмкіншілігі туралы пікірлер Г.Н. Волков,
В.Ф. Афанасьев, В.Х.Артюнян, А.Ш. Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев,
А.Ф. Хинтибидзе, А.Э.Измайлов т.б. ғалымдардың еңбектерінде де айтылған
болатын. Қазақтың халықтық педагогикасының прогрессивтік мәнін ғылыми
тұрғыда қарастырып зерттеу Кеңестік дәуірдің 1970-1990 жылдар аралығында
біртіндеп қолға алына бастады. Әсіресе Қазақстан Рсспубликасының 1991
жылы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет болуы білім беру мен тәрбие
мәселелеріне жаңаша көзқарастар мен талаптар енгізіп, н әтижесінде жаңа
идеялар дүниеге келді. Солардың ішінде Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қалиевтің,
М.С.Балтабаевтың, С.А.Ұзақбаеваның, Ж.Ж.Наурызбайдың, Ә.Табылдиевтың,
Қ.Бөлеевтің, Ж.Қожахметованың және т.б. зерттеу жүмыстары өте құнды
еңбектер екенін баса айтуымыз керек.
Халқымыздың тілінен бастап дәстүріне дейін, жасайтын мүлкінен бастап
ойнаған ойынына дейін, жайған дастарханынан бастап мінез бітіміне дейін,
қонақ қабылдауынан бастап өліп жөнелтуіне дейін оның өмір салтын көреміз.
Халқымыздың салауаттылық, парасаттылық туралы ұлттық мұрасының даму
тарихына шолу жасау үшін профессорлар Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің
пікірлерін негізге ала отырып, оған төртінші кезеңді қосып қарастырдық, яғни:
Бірінші кезең - педагогикалық ой-пікірдің ілкі бұлақ-бастаулары, яғни VІVІІІ-ғасырлардан бергі қазіргі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық
сананың алғашқы дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері,
Қорқыт ата тағылымдары, т.б.). Екінші кезең - ілкі ортағасырлар заманынан
бастап, Қазақстанның Ресей қоластына кіру процесі аяқталғанға дейінгі
демократиялығы басым тәлімдік ой-пікір кезеңі. Үшінші кезең - ұлттық
педагогикалық ой-пікірдің Кеңес өкіметі жылдарында даму кезеңі. Төртінші
кезең - ХХ-ғасырдың 90 жылдарынан басталатын казіргі Егеменді Тәуелсіз
Қазақстандағы ұлттық педагогиканың даму үрдістері.
Таза ғылыми хронологиялық зандылықты басшылықка ала отырып, қазақ
халқы т әліми ой-пікірлер тарихын Орхон-Енисейден бастап XX ғасырға
дейін сипаттап шығу мүмкін емес, сондықтан біз олардың ішіндегі ғылыми
зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты салауаттылыққа, парасаттылықка
байланысты тағылым қалдырған идеяларға мазмұнды сипаттама беруге
ұмтылдық.
9

Адам баласының дұрыс өмір сүруі, қадір-қасиеті біліммен, ақылмен
екендігін ескерте отырып, парасаттылық, салауаттылық, ар мен ұят туралы
казақ даласьның ойшылдары (Қорқыт, Ахмет Яссауи, Әл- Фараби, Жүсіп
Баласагұни, Махм ұд Қаш қари ж әне т.б.), а қын- жыраулары (Асанқайғы,
Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Шал ақын және т.б.), ғұлама ағартушы
педагогтары (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев), қоғам кайраткерлері
(Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев,
Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова және т.б.) к өптеген та ғылымды қ ой-пікірлер
айтқан. Олар жастардың бойында табылуы қажетті білім алу, ақыл парасатқа
жетілу, жақсы мен жаманды айыра білу, еңбек, денсаулық, әсемдік,
адамгершілік сияқты салауатты өмір сүру үшін қажет-ақ деген қағидаларды
уағыздайды. Әсіресе жастарды салауаттылықка тәрбиелеудегі ұлы ойшылдар
айтқан "ар", "ұят", "әдеп" сияқты руханилықтың мәңгі категориялары адамның
рухани деңгейін қоғамның қай сатыда тұрғанына қарамастан білдіретін негізгі
үғымдар. Ар мен ұят құнсызданған заман өркениеттен алшақтай түседі,
халықтың өмірін тұрпайыландыра түседі. Оны біз қазір үйреншікті әдетке
айналып кеткен, ал бұрын қазақ үшін масқара істер саналған маскүнемдік,
жезөкшелік, тасбауырлық, нашақорлық сияқты құбылыстардың етек алуынанақ көреміз.
Өткен ғасырлардағы ата-бабаларымыздың өмір салтына үңілсек, бұрын
бүгінгідей жастар арасында жағымсыз іс-әрекеттер кең өріс алмаған, ұлттық
сана дәл қазіргі кезеңдегідей төмендемеген.Оны біз біріншіден халқымыздың
ұлттық мұрасының даму тарихынан көрсек, екіншіден казақтың өмір салты
туралы жазылған шетел зиялыларының пікірлерінен де көреміз (Н.Л.Зеланд,
АЛевшин, Г.Потанин, В.Радлов, Я.Янушкевич, т.б.). Соны ң ішінде Г.Потанин
казақгтрдың салауатты, өмірге іңкәр халық екенін айта келіп, "...оның
аңыздарында, халық эпосында, халықтың мінез-құлық белгілерінде
бірегейліктің көптігі соншалықты, ғалымдар зерттеу үшін мол материал бере
алатын осы тарихи мұрадан казақ өмірі кейінде неғұрлым салауатты байыпта
даму үшін элементтерді таба алады,"- дейді.
Зерттеуіміздің барысында этнопедагогтар мен этнопсихологтардың
(Г.Н.Волков, И.Я. Ханбиков, В.И. Григорьев, Қ.Жарықбаев, С.Кдлиев,
С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай және т.б.) еңбектеріндегі "этнопедагогика", "ұлттық
педагогика құндылықтары' ұғымдарына берілген анықтамаларды негізге ала
отырып өзіміздің анықтамамызды ұсындық, яғни "халықтық педагогика
құндылықтары деп әр халықтың, ұлттың бала тәрбиесінде пайдаланған,
ұрпақтан-ұрпаққа тәрбие арқылы беріліп отырған педагогикалық жағынан
құнды мағлұматтар мен тәжірибесінің жиынтығы.
Біздің түсінігімізше, салауаттылық - адамның санасынан, іс-әрекетінен,
қимыл-қозғалысынан және тәртібінен көрінетін әлеуметтік, қоғамдық мәні бар
жеке тұлғалық қасиет. Адамның өмір салтынан орын алған түрлі өзгерістер
қоғам дамуынан, оның саяси, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық өмірінен
тыс емес, онымен диалектикалық байланыста. Сондай-ақ, оқу-тәрбие
жұмыстарын пәрменді жүргізу мен олардың бойында қоғамдық тәртіпті
сақтауға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуге де байланысты.
10

2. Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына халықтық
педагогика
құндылықтары
негізінде тәрбиелеудің ерекшеліктері
сабақтастықпен қолданудың ғылыми-әдістемелік жүйесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына
қалыптастыруды ң мазм ұны мен негізгі жолдары
Салауатты емір салтын қалыптастыру үшін адам оны ң қажеттілігі мен
мақсатын саналы түрде ұғынуы керек.
Психолог Қ.Жарықбаевтың пікірінше, қажеттілік дегеніміз - өмір мен
дамудың белгілі бір жағдайларында адамның міндетті түрде керек ететін
қажетсінулері. Кажеттіліктер организмнің ішкі ортасының немесе өмірдің
сыртқы жағдайларының тұрақты талапарын бейнелейді (В.Г.Ананьев,
А.А.Смирнов). Олар танылып, айқын болғаннан кейін мінез-құлық мотивтері
формасында көрініс береді. Мысалы, салауаттылықты өмір салтына
еңгізгеннен кейін, ол адам мінез- құл қыны ң қалыпты нормасына айналу керек.
Психологтардың, философтардың пікірінше қоғам кажет етіп отырған
салауатты өмір салтын орнықтыру үшін адамның да қажеттіліктері барлық
жағынан қамтамасыз етілуі керектігін ерекше атап өткен жөн. Адамның ісәрекеті де қажеттілікті қананаттандыруға бағытталған (А.В.Веденов,
Л.А.Гордон).
Ал іс-әрекет деп адамның өмір байлығы: ақыл-ой тереңдігі, күйіну-сүйіну
қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік жігері, икемділігі мен мінсз- құлы қ сипаты
ашылатын процесті айтамыз (А.Н.Леонтьев, В.С.Шварев т.б.).
Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Психолог-ғалымдар оларды
материалдық, рухани жөне қоғамдық немесе практикалық қажеттіліктер деп
бірнеше топқа бөледі (И.Ю.Кулагин, Л.М.Фридман, Қ.Жарықбаев т.б.)материалдық қажеттіліктер адамның өмір тіршілігіне байланысты, одан өмір
салтының, деңгейі көрінеді.
Рухани кажеттілікті өтеу негізінде адамдар өз тұрмысын, демалысын,
өзінің өмірін мәнді етуге құлшынады. Руханилы қты ң негізінде адамны ң ақылой, адамгершілік және эстетикалық талғам-сезімдері қалыптасып дамиды.
Қоғамдық немесе практикалық қажеттіліктер еңбекке, адамдармен қарымқатынасына, қоғамдық іс-әрекетке деген қажеттіліктер.
Қарым-қатынас нәтижесінде адам баскаларды ғана емес, сонымен бірге
өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды. Адамдармен
қарым-қатынас жасау жеке адамды интелектуалдық және эмоциялық жағынан
байыта түседі.
Білім орнындағы оқушылардың өміріне, іскерлікке тәрбиелеу ісіне атааналар қанағаттана ма? – деген салалығы анкета жүргізілгенде, мектептің
қызметі ата-аналарға үздіксіз салауаттылық білім беретінін, оның ішінде
денсаулықты сақтаудың іс-шараларынан хабардар екенін, ақпараттар беретіні
туралы айқын айта аламыз.
Сонымен қоғам мен мектеп, ХХІ ғасырдағы кез келген ірі білім беру
жобасы қаншалықты жаңа технологиямен, жан жақты қарастырылған түрлі
бағдарламалар мен негізделгенімен, адам ресурсынсыз толық қанды жоба бола
11

алмайтынын сезінуде. Онда да сол адамның денсаулығы, психологиялық және
интелектуалдық потенциялы, білім алуға қабілеті, адамгершілік мораль де ңгейі
жоғары болуы қажет.
Балаларды мектеп қабырғасында оқытудың көптеген қағидалары бар.
Соның ішінде олардың денсаулығын сақтау мен нығайту тұрғысынан
қарастыратын қағидалар да үлкен орын алады.
Олардың бірқатарын педагогикалық жоғарғы оқу орындарда өтетін болса,
өзгелерін білім жетілдіру ұйымдарында қарастырып жатады.
Әйтсе де, бұл мәселененің шешімін негізінен мектеп қабырғасында, оқыту
барысында, қателіктер мен кемшіліктерге ұрына отырып өз тәжірибемізден
іздейтініміз белгілі. Осы «қателіктер мен кемшіліктер» оқушылардың білім
сапасы мен денсаулық деңгейінде көрініс беретіні тағы рас.

12

2.2 Салауатты өмір салтына қалыптастыруды ң әдістемесі
Соңғы жылдары мектептің бала денсаулығына тигізетін әсері туралы көп
айтылып та, жазылып та келеді. Оның нақты мысалдарын көптеген
медициналық зерттеулердің нәтижелерінен, сауалнамалар мен анкеталардың
қорытындыларына, күнделікті іс-тәжірибемізден де байқауға болады.
Балалардың денсаулық деңгейінің төмендеуінің бірқатар себебін нашар
экологиядан, елдің басына кешіріп отырған экономикалық қиындықтарынан,
денсаулық сақтау жүйесінің жалпы деңгейінің нашарлауынан көргенімізбен,
оның басты себептерінің бірі – мектеп факторы екендігі мойындауға тура
келеді.
Әрине, кітап-дәптерлермен көп жұмыс істеу, компьютер мониторы мен
теледидар экранынан көз алмау-адамның көру қабілетіне өте үлкен салмақ
түсіретіні анық.
Адам өзінің эволюциялық дамуы барысында көру органын мұншама
интенсивті түрде мәжбүрлеуге бейімделмеген. Әйтесе де бұл әсердің
денсаулыққа зиянын барынша азайтуға мүмкіндігі бар. Бұл орайда бала
денсаулығына деген жауапкершілік ата-ана мен мектепке бірдей болмақ.
Сондықтан да мектеппен оқытушының басты мақсатының бірі оқу процесі
барысын баланы көз жанарын барынша сақтауға мүмкіндік беретіндей етіп
ұйымдастыру. Дәл осындай тұжырымды тағы бір үлкен мәселе – баланың сүйек
-бұлшықет жүйесі ауруларына (сколиоз, өзге де паталогиялық омыртқаның
өзгерістері) байланысты айтуға болады. Көз жанарының әлсіреуі сияқты бұл
аурулар да сыныптан сыныпқа өскен сайын ұлғайып келеді. Бұл да оқыту
процесінің ұйымдастырылуына тікелей байланысты проблема.
Мәселен, мектеп бітіру жасында дене белсенділігінің ең жоғарғы деңгейіне
жетуі тиіс, жасөспірімдердің бәрі бірдей жарты шақырым жүгіріп, белтемірге
оншақты рет тартыла алмайтыны, тым болмаса елу рет отырып-тұра алмауы –
мектептегі дене тәрбиесі жұмысының қандай деңгейін көрсетеді?
Нәтижесінде мектеп түлектерінің қырық пайызы денсаулығы тұрғысынан
әскер қатарына алынуға жарамайды, қыздардың да осындай бөлігі дүниеге дені
сау ұрпақ әкелуге жарамды емес болып шығады. Бұл жерде оқу
бағдарламасының толық қамти алмаған дене шынықтыру мұғалімдері ғана
емес, өз сабағында бала қозғалмастан қырық бес минут бойы отыратын,
бұлшық еттері қатып қалып, денесі статикалық кернеуде болатын, ішкі
органдарында қан айналымы бұзылып, түрлі ауруларға бейім болатындай етіп
ұйымдастыратын өзге оқытушылар да кінәлі. Ал үй жағдайында баланы
белсенді дене қозғалысына мәжбүрлемейтін, жатып оқу, дұрыс тамақтанбау
сияқты зиянды әдеттеріне назар аудармайтын, күн тәртібі деген маңызды
мәселені мүлдем ескермейтін, салауатты өмір салтын ұстанып баласына үлгі
көрсетпейтін ата-аналардың кінәсі мүлдем бөлек әңгіме.
Денсаулықты сақтау технологиялары. Мектептің бала денсаулығына
тигізетін кері әсері туралы жинақталып қалған бірқатар деректер бұл әсерді
барынша
азайтуға
мүмкіндік
беретін
психологиялық-педагогикалық
технологияларға деген қызығушылықты арттырып отыр. Осы орайда «білім
13

берудегі бала денсаулығын сақтау технологиясы» сияқты түсініктер
қалыптасып, ол педагогикалық теориямен тәжірибеге белсенді түрде еніп
келеді. Бұл түсініктің не екенін қысқаша түрде айқындайтын болсақ: «білім
берудегі бала денсаулығын сақтау технологиясы дегеніміз- ұстаздың бала
денсаулығына зиян тигізбеу ниетінен туындайтын оқыту мен тәрбиелеудегі
жүйелі атқарылатын жұмыстар кешені» болып шығады. Демек, бұл – негізінде
бала денсаулығына деген қамқорлыққа жататын денсаулық сақтау
педагогикасының принциптері мен тәсілдерін тәжірибе жүзінде іске асыру
дегенді білдіреді.
Бұл технологиялардың қатарына келесі баптар жатады:
1. Оқыту барысын гигиеналық оңтайлы жағдаймен қамтамасыз ету
технологиясы. Бұл мәселе Санитарлық ережелермен нормалардың талаптарына
толықтай қарастырылған және оның сандық көрсеткіштері қатаң бекітілген.
Оған: сынып бөлмесіндегі қалыпты температура мен ылғалдылық, жұмыс
орнының дұрыс жарықталуы, оқу мебелінің бала денесіне сай келуі, барлық
полиграфиялық қағидалар қатаң орындалған сапалы оқулықтар, монитор
аодындағы уақыттың сақталуы сияқты көптеген регламентарлы ережелер
жатады.
2. Білім беру процесінің дұрыс ұйымдастырылуы технологиясы. Ең
алдымен, бұл – оқытушыға ыңғайлы емес, оқушыларға қолайлы жасалған сабақ
кестесі. Сондай-ақ, бұл қатарға еңбек пен демалудың гигиеналық оңтайлы
ұйымдастырылуы, сабақ пен үзілістің, оқу аптасы мен мектеп каникулдпрының
дұрыс ауысымы сияқты нәрселерді жатқызуға болады.
3. Психологиялық-педагогикалық технологиялық көп түрлі және еркін
қолданылатын болғанымен, бала денсаулығына тікелей қатысты мәселе.
Педагог өзінің кәсіби тәсілдері бала денсаулығына қаншалықты әсер беретінін
ескере ме, жоқ па, әлде ол негізінен оқу нәтижесіне ғана көңіл аудара ма- оқу
процесінің бала денсаулығын сақтайтын, немесе бұзатын болатыны осыған
байланысты. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті оқушының денсаулығына
тигізетін мектеп әсерінің жалпы, интегралды нәтижесінің елу пайызын
құрайды.
Қажетті құралдар. Мұғалімнің оқушыларының денсаулығына зиянын
тигізбей жұмыс істеуге деген талпынысы болу үшін мына талаптар толық
қанды орындалуы тиіс:
Бала денсаулығына жауапкершілікпен қарау үрдісі бұл талаптардың
жекелеген баптарын ғана қамтымай, жалпы мектептің өскелең ұрпақтың
денсаулығына қамқорлық жасаудағы жұмысы жүйелі түрде құрылуы тиіс.
Демек, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бақытындағы ісшаралар ғылыми негізделген жұмыстардың кешенді бағдарламасын жасау,
мақсаттарды айқындау, жауаптылыарды бекіту сияқты нақты қадамдардан
басталуы керек. Бұл үшін мектеп немесе оны басқаратын ұйымдар қандай да
бір
ғылыми-зерттеу
орталықтарының
(педагогикалық
университет,
медициналық ҒЗИ) демеуіне, білікті мамандардың көмегіне сүйенуі керек.
Яғни, жекелеген мектеп өзінің ерекшеліктеріне қарай (географиялықклиматтық ерекшеліктер, мамандануы, бағыты, дәрежесі) жүйелі ғылыми
14

негізделген, тек бағдарлама ғана емес, нақты технологияға болып қалыптасқан
жұмыстар кешеніне сүйенуі тиіс.
Жүргізілген жұмыстар объективті қадағалануы керек, оны мектеп
оқушыларының денсаулығының өзгеру динамикасын зерттеу, бақылау арқылы,
яғни нақты, мониторингке сүйене отырып жүргізу керек. Бұл мақсатқа білім
беру орындарының денсаулық сақтау саласындағы экспертиза мен мониторинг
әдістемесін меңгерген аталған ғылыми –зерттеу орындарының мамандарын,
немесе арнайы дайындалған мұғалімдерді пайдалануға болады.
Мектеп мұғалімдері бала денсаулығын сақтау мен нығайту технологиясын
педагогикалық жұмыстың ажырамас құрамдас бөлігі ретінде өтуі қажет. Мұнда
бұл тақырыптағы ктапшаларға не монографияларға ғана сүйену аздық етеді.
Бұл жерде мұғалімдер мен психологтарға арнайы, нақты, кәсіби дайындық
қажет. Сондай-ақ бұл шараларға мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі
орынбасары, валеология, дене шынықтыру, биология, психология, эстетика,
алғашқы әмкери дайындық пәндерінің оқытушылары, сынып жетекшілері,
бастауыш сынып оқытушылары, тәрбиешілер де белсене ат салысуы керек
дейді.
Мектеп оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған
жұмыстарын осы талаптар орындалғанда ғана, яғни, ғылыми негізделген
арнайы бағдарлама, дайындалған мамандар, бағдарламаны орындауға
ынталандыру шаралары объективті бақылау мен қадағалау, жұмыс нәтижесіні ң
экспертизасы мен мониторингі сияқты жұмыстар кешенді түрде жүргізілу
жағдайында ғана мектеп жұмысы денсаулық сақтау бағытында деп айтуымызға
болады.
Қоғамымызда салауатты өмір салтын орнықтыру үшін бұл қажеттіліктердің әркайсысының өзіндік орны бар, бірақ рухани қажеттіліктері дұрыс
дамыған адам ғана өзінің іс-әрекеті арқылы кез-келген қиыншылықты жеңе
алады. Ендеше салауатты өмір салты қоғам қажеттілігінен туындай отырьш,
мынадай жай-күйдің негізінде жеке тұлғаның да қажеттіліктерін
қанағаттандыратын өзгермелі компоненттерден тұратын тұтас кешен ретінде
қарастырылады (1-сурет).
Салауатты өмір салтынын, жеке
түлғалық жай-күйі
Салауатты өмір салты
Жеке
тұлғалық
жа
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!