Материалдар / Педагогикалық технологияларда заманауи құрылғыларды тиімді қолдану және жаңа технология түрлерін ұсыну
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Педагогикалық технологияларда заманауи құрылғыларды тиімді қолдану және жаңа технология түрлерін ұсыну

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздар үшін сабақ өтуге қажетті әдіс тәсілдер таңдауға және де заманауй технология түрлерімен танысуға көмек беретін шығармашылық жұмыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2021
315
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

138 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ















ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ:

Педагогикалық технологияларда заманауи құрылғыларды тиімді қолдану және жаңа технология түрлерін ұсыну









Орындаған:

Наширов Әбілқасым Пердеханұлы












Шымкент, 2021ж

Ел болуға алдымен білім тірек,

Бір сөзді, бір ауызды намыс керек,

Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,

Алты ауыз - азғын болсаң қоян жүрек.

С. Торайғыров



Шығармашылық жұмыстың мақсаты: Жаратылыстану ғылымдарын үйретуде оқушыларға жоғары деңгейде қызығушылықпен түсіндіруге көмек беретін әдіс тәсілдер, жаңа технологиялар және де сайттармен таныстыру олардың пайдасын түсіндіру.

Оқытудың негізгі міндеті: баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру.



Кіріспе


Қазіргі жаңа техникалар, технологиялардың өркендеп тұрған дәуірінде оларды қолдану ұстаздар үшін де өте қажет. Себебі сол құрылғылардың көмегімен білім беру жүйесін заман талабына сай жаңартып отыру әр бір жаңашыл ұстаздың, оқушыларға қызықты білім үйретем деген өзгелерге жол көрсетіп отыратын мұғалімнің білуі қажет дүние.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринның «Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай – ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек» - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек.

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.



Негізгі бөлім


Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір тұтас кешені деп айқындалған. Бағдарламаны жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.

Ойын әдісін қолдану:


ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТҮРЛЕРІ




ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ

ТАНЫМДЫҚ ІС ӘРЕКЕТІ

ҚҰРЫЛЫМЫ




Ойын саяхаттар

Орындаушылық

Сюжеттік

Ойын тапсырмалар

Қайта жаңғырту

Жаттығу

Ойын болжамдар

Қайта жасау

Драмалық

Ойын жұмбақтар

Бақылау

Шығармашылық

Ойын әңгімелер

Ізденіс

Әдеби музыкалық

Ойын өлеңдер





Заманауи техникалардың виртуалды лабораториясын қолдану:


Қазіргі заман талабына сай оқыту талабының өзі мұғалімдерді жаңа техникалар мен технологияларды қолдануға үгіттеп жатыр. Жаратылыстану ғылымдарын оқушыларға түсіндіру мақсатында құрастырылған бағдарламалар баршылық. Солардың ішіндегі ең тиімді пайдалы деген бағдарламалар қатарына келесі жаратылыстану ғылымдары мен математикаға арналған интерактивті модельдеу бағдарламасы Phet interactive simulations бағдарламасын ұсынуды жөн санадым. Бұл бағдарлама интернет желісіндегі сайт түрінде құрастырылған программа болуы себепті оны кез келген жерде интернетіңіз болса болды жұмыс жасай берсіз. Оқушыларға құбылысты түсіндіру үшін ол құбылысқа өзгешеліктер енгізген кезде қалай өзгеретінін көруге өте ыңғайлы, пайдасы сан алуан.


Заманауи техникалардың виртуалды оқу залын қолдану:


Білім беру жүйесіндегі ең маңызды дүниелердің бірі таңдаған бағытың бойынша дұрыс және пайдалы материалдарды таба алу. Менің ұсынғым келіп отырған бағдарламаның бірі осы Khan Academy бағдарламасы. Бұл бағдарламада көптеген тақырыптарда барша жаратылыстану пәндері бойынша мәліметтер алуға, сол бойынша бақылау жұмыстарын жүргізуге және де түсінбеген жағдайда видео сабақтарын қарап шығуға мүмкіндік бар.

Бағдарламада математика, физика, биология, химия және т.б. пәндер енгізілген.


Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесімен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.

Қазіргі таңдағы балаларға қызық тақырыптың ретінде робототехниканы айта аламыз. Робототехникада оқушылардың қолдарымен заттарды ұстап көріп өз қиялдарымен бір зат жасап шығаруы, балаларды шығармашылық қабілетін жетілдіреді дамып жетілуіне көп көмегін тигізеді.


Қорытынды


XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Олардың тиімді екендігін жоғарыдағы мәліметтерден көріп білеміз. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыруға пайдалы екендігін көрсетті. Жаңа технологияларды қолдану оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігінде. Оқу мотивациялары мүлде өзгерді. Бұрын сəтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, əсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі балалар адам танымастай өзгерді. Ал озат жəне оқу екпінділерінің көпшілігі мадақталу үшін, не өзгелерден жоғары, жаксы болу үшін оқып келсе, қазір қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгелермен ой бөлісуге асығатын болды.

Жоғарыда келтірілген әдіс тәсілдер, сайттар және технологиялардың оқыту жүйесінде тиімді екенін бұл тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын едәуір арттыруға болатындығын көрсетті.









Пайдаланылған әдебиеттер


1. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттері, бағыттары мен мазмұны.Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.

2. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.

3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.

4. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.

6. https://phet.colorado.edu/

7. https://ru.khanacademy.org/coach/welcome

8. https://ust.kz/login.html

9. https://en.m.wikipedia.org/wiki/Pop-up_book

10. https://ru.coursera.org/


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!