Материалдар / «Педагогтың өмірі-адамзатты тамсандыратын шығармашылығында!»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Педагогтың өмірі-адамзатты тамсандыратын шығармашылығында!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ.Сондықтан от- басынан бастап қоғамдық мекемеге дейін ұрпақ тәрбиесіне,оның жан-жақты дамуына аса жауапты қарау баршамыздың негізгі міндеті деп білемін.Біз қанша дамып ,басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәт те назардан тыс қалмауы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
380
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай

орта мектебі» ММ Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі:

Калиева Гульсия Досымхановна


«Педагогтың өмірі-адамзатты тамсандыратын шығармашылығында!»

Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ.Сондықтан от- басынан бастап қоғамдық мекемеге дейін ұрпақ тәрбиесіне,оның жан-жақты дамуына аса жауапты қарау баршамыздың негізгі міндеті деп білемін.Біз қанша дамып ,басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәт те назардан тыс қалмауы тиіс. Мектепалды дайындық топ жұмысын нығайту,дарынды және дарынға бейім балалардың ерекше қабілетін дамыту міндетін алға қойып отыр.Осы міндеттерді орындау барысында тәрбиенің үздіксіздігі ,бір топ пен екінші топ арасындағы білім беру принциптері қарастырылады.Бастауыш сыныпқа қабылданғананға дейін оқу ісіне дайындығы,жаңа буын оқулықтар мазмұны,қарапайым білім негіздерін меңгеріп,оқу іс-әрекетін нақты міндет ретінде сезінетін,өркениетті қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыру және мектепке баланы дайындауболып табылады.

Тәуелсіз еліміз дамып,жетіліп өркениетті елдер көшіне ілесуге талпынуда.Оған сауатты ұрпақ керек.Ол ұрпақты тәрбиелеуге өз жұмысына сын көзбен қарап,кәсіби шеберліктерін үнемі ұштап отыратын ұстаздар керек-ақ.Яғни бұл бізге ізденіспен шығармашылық жұмыс жасауды міндеттейді.Мен мектепалды дайындық тобында 15 жыл жұмыс істеп келемін Менің ойымша педагогтың ғылымдағы қоғамдағы жаңалықтардан үнемі хабардар болып озық технологияларды өз сабағында тиімді пайдаланып отырса ғана ,ол шын мәніндегі ұстаз бола алады.

Ұстаз қиын да қызық мамандық.Қашан да көпшілік назарында жүріп,елдің жасұрпағын білімге, жоғарғы адамгершілікке баулуға атсалысады.Мұғалімдік-зор жауапкершілікті,үлкен жүректілікті талап ететін мамандықтың бірі екенін білемін.Оқытудың жаңа технологиясындағы жаңаша әдіс,пікір-сайыс сабақтың даярлық сыныбында көрініс табуы ,ата-аналар тарапынан үлкен қолдау табуда. Мен де өз сабақтарымда балалардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Ойын технологиясын» әрбір сабақта тиімді қолданып отырмын. «Мен және жанұям», «Мысығым», «Сиқырлы дорба»бұл сабақтарда жай ғана оқытып қоймай олардың тілдерін дамытытуға,тапқырлыққа шапшаңдыққа,ептілікке үйреттім. Мен «Балбөбек» бағлдарламасы бойынша жұмыс істеудемін.Мұндағы алға қойған мақсат-баланың ерекшелігімен санасу,оның талап тілегіне назар аударып,бағыт бере отырып дербес әрекетті дамыту,денсаулығын сақтау,шынықтыру және жеке тұлғаны қалыптастыру.Әрбір сабағымда уақыт талабына сай білім бере отырып,балалардың ақыл-ойын дамытуды басшылыққа алудамын. Білім беруде оқу бағдарламасына қосалқы ретінде ребус,сөзжұмбақ,мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар,кеңінен пайдаланамын.

Осы жұмыстарды атқару барысында менің түсінгенім-әрбір педагогтың өмірі-адамзатты тамсандыратын шығармашылығында екен.Алдағы уақытта мен тәлім алған сәбидің өмірге бағыттары көзқараспен қалыптасып өсуі үшін бар күш жігерімді аямай құнды жұмыстар жүргізссем деймін.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!