Материалдар / Петроглифтердің пайда болуы мен кезеңделуі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Петроглифтердің пайда болуы мен кезеңделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тарихшы, мәдениеттанушы мамандарға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
437
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Петроглифтердің пайда болуы мен кезеңделуі

Петроглифтер – адамның рухани жетістіктерінің даму өрісінде ежелгі тас дәуірінен бастап көрініс тауып отырған бірегей құбылыс. Бұл ескерткіштер оқиғаларды, қоршаған ортаны, жинақталған тәжірибе мен білімді, бейнелер, метафоралар мен таңбалардағы дүнетанымдық бағыттарды тіркеп, бұл ақпаратты ерекше әдіспен болашақ ұрпақа қалдыру арқылы таңбалық-коммуникативті жүйенің спецификалық қызметін атқарады. «Өсетін ел тарихын таспен жазады, өшетін ел тарихын жаспен жазады», – деп дана халқымыз айтпақшы, келешек ұрпаққа деген өсиет пен ақыл-кеңес, ілім-білімді жартас пен үңгір бейнелері арқылы қалдырып кету тәсілі жазба мәдениетінің қалыптасуына дейінгі дәуірлерде үстемдік етті [1, 5 б.]. Біздің тарихи ғылымымызда формациялық ыңғай билік еткенде, «Алғашқы қауымдық өнер дегеніміз не?» деген сұраққа едәуір таптаурын жауап берілді: алғашқы қауымдық өнер – бұл алғашқы қауымдық қоғам, яғни тас, қола дәуірлерінің өнері. Бірақ, мәдениеттің даму қарқыны әр–түрлі аймақтарда бір қалыпты емес әркелкі. Бір аймақтарда ежелгі өркениеттердің ошақтары қалыптаса бастаған кезде, басқаларында әлі де алғашқы қауымдық құрылыс үстемдік етті, ал үшіншілерде бұл құрылыс жаңа заманға дейін сақталған. Қазіргі кезде өнер – шекаралары мен дербестігі жасаушы мен «тұтынушыға» белгілі, мәдениеттің ерекше саласы болса, ежелгі кезеңді жан-жақты зерттеген сайын, адам санасында бұл шекаралар соншалықты бұлдыр болып көрінеді. Тіпті, бүгінде материалды және рухани мәдениет, дене және ақыл-ой жұмысы, техникалық және көркем шығармашылық арасындағы өзгешеліктер айқын көрінгенімен, олар әр уақытта қарама-қарсы және бір-бірінен тәуелсіз деген сөз емес, олар адамдар мен ұжымдар арасында, сонымен қатар бір тұлғаның санасы мен іс-әрекетінде тығыз байланысқа жиі түседі [2, 15 б.]. «Алғашқы қауымдық өнер» мағынасы оның алғашқы қауымдық қоғамға және қоғамның белгілі-бір әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қарағанда әлдеқайда терең.Орта және жоғарғы палеолит кезеңдерінде пайда болған бейнелеу өнері ұзақ уақыт бойы (30 мыңжылдықтан кем емес) ғұрыптық-мифологиялық рухани мәдениеттің ұрықтанған формаларының синкретикалық, ажырамас кешеніне жатқызылған еді. Өнер саналы таңбалық мінез-құлық формаларының бірі, белгілі бір авторлардың шығармалар жиынтығы ретіндегі сипатына әлдеқайда кейін ие болды. Үйлесімділікке ұмтылу – барлық уақытта адамның шығармашылық қызметінің негізі, ал жазу сызудың пайда болуына дейін, бейнелеу өнері коммуникацияның ең негізгі құралы ретінде әрекет еткен ең ежелгі кезең туралы айтатын болсақ, суретші көптеген функциялар мен мәндерге ие бүкіл бейнелер әлемінің жаратушысы болған. Дәл қазіргідей, ежелде де сурет салу қабілетіне сирек адамдар ғана ие болды. Сонымен қоса, сол уақытта бұндай қабілеттер едәуір аздап кездесуі ықтимал. Қазіргі заманда балалардың көркемдік тәрбиелену жүйесі бар және баланың кез-келген қабілеттері ата-ана тарапынан назарсыз және мадақтаусыз қалмайды. Ал алғашқы қауымдық уақытта, әсіресе ерте кезеңдерде, мұндайдың болуы мүмкін емес еді. Сондықтан, сурет салу қабілеті кенеттен, белгілі-бір сыртқы ынталардан тәуелсіз қалыптасты. Бұл қабілеттер адам мүмкіншілігінен жоғары, яғни ерте ме, кеш пе, ашық, көркем бейнелерге толы санадан өздігімен сыртқа шығуы керек еді.Өмір сүру үшін күнделікті қиын күреспен айналысқан тайпаластар дарынның бұндай шолпылын түсініп, лайықты бағасын бере алуы екі талай. Заманауи ғылымның өзі көркемдік қабілеттерді туындататын психо-физиологиялық үрдістерді толық анықтай алмайды [3, 144 б.]. Тас дәуірі адамдары оны тіптен түсінбеген. Ең жақсы жағдайда, олар өздерінің «түсініксіз» тайпаластарына шыдамдылық танытты. Оларды кейбір «табиғаттан тыс» қасиеттерге ие деп санады. Кейінгі шамандар сияқты олар ерекше сакралды және әлеуметтік мәртебеге ие адамдарға айналды. Ал келеңсіз жағдайда, олар жазалануы мүмкін еді. Өйткені бұл уақытқа сай түсініксіз және дереу пайда алып келмейтін кез-келген іс-әрекет күдік тудыруы заңдылық еді. Әрине, бұл кездегі суретшілердің өз қоғамында қандай өмір сүргендері жайлы жорамалдау ғана мүмкін. Біздің эстетикалық көзқарастарымызға шығармашылық табыстарды дәріптеу тән. Бірақ тас ғасыры уақытында «шығармашылық табыстарды» үңгірлер кескіндемесін немесе шағын пластиканы туынды еткендер де, бұл қабілеттерге ие болмағандар да бірдей елемеген. Көптеген зертеушілер кескіндеу өнері нақты қай уақытта қалыптаса бастағаны мен қандай тамырлары бары жайлы пікір таластыруда. Ең ежелгі бейнелеу өнері палеолет дәуірінде алғашқы жартас бейнелерінің пайда болуымен бірге қалыптасты деген ортақ пікір бар. 1879 жылы әуесқой археолог Марселино де Саутуола өзінің тоғыз жасар қызымен серуендеген кезде кездейсоқтықпен таңқаларлық Альтамира үңгірін ашқанға дейінгі ұзақ жылдар бойы заманауи өркениет ежелгі бейнелеу өнерінің үлгілері жайлы хабарсыз болған. Үңгір қабырғалары ежелгі адамдардың көптеген суреттерімен безендірілген еді. Мұндай табыстың аналогтары болмағаннан кейін, зерттеушілер оған бар назарларын аударып зерттей бастады (Сурет 1).Бір жылдан соң Саутуола және оның Мадрид университетіндегі досы табылған жартас кескіндемесінің уақытын анықтады. Олар бұл бейнелер палеолит дәуіріне тән деп мәлімдеді. Тарихшы мен археологтар мұндай жаңашылдыққа күмән келтіріп, Саутуоланы жалған ақпарат таратушы деп айыптады. Бұл айыптар біраз уақыттан кейін ғаламшардың әр-түрлі бөліктерінде ұқсас үңгірлер табылғаннан соң ғана шешілді [4, 42 б.].

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!