Материалдар / Презентация: Жоңғар шапқыншылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Презентация: Жоңғар шапқыншылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
жоңғар туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2019
1818
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адамгершілік – асыл қасиет 

Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет.
Мақсаты: Оқушыларды қайырымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу; сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата-баба салтын қастерлеуге тәрбиелеу; оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, сұрақтар, сөзжұмбақ, слайд арқылы дайындалған материалдар.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Атадан ұлағат, анадан ғибрат.
ІІІ. Адамның жақсы – жаман қасиеттері. Сен қандайсың?. .
ІV. Бабалар баланы қалай тәрбиелеген?
V. Ырым- тыйым – ұлағат көзі.
VІ. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.
VII. Қорытындылау.

Барысы.
Мұғалім: Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтылмаса керек. Халқымызда ерте кезден –ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы - қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі - өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көргенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде де жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік, инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Бір өкініштісі: уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқандаймыз. Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің калдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу –ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті. Енді осы мәселе төңірегінде ой өрбітсек, оқушыларымыз не дер екен?. .

ІІ. Атадан ұлағат, анадан ғибрат
1- оқушы: Әрбір қыз бала бой жетіп, әке-шешесінің ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келін болып түседі. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы әрі бақыты.
2- оқушы: Қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп үйренетін өнегелері мен өтейтін міндеттері аз болмайды. Олардың барлығы қосыла келе келін болу әдебін құрайды.

3- оқушы: Сол өмірге мойын ұсынып, ынта қойып үйрену, даярлану – көрегенділіктің белгісі. Қыз бала оң жақта отырғанда – ақ келін болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтуге болмайтын әдеп - инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуы керек.
4- оқушы: Қыз бала той-томалақ, көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс- тұрысымен, сергек - сезімталдық ептілігімен, сөзге ұсталығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырады.
5- оқушы: Ал мұндай жақсы атақтың қыз баланың болашағы үшін маңызы зор. Ұят, әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену деген ойына кіріп – шықпайтын қыз өзіне ғана емес ата-ана, бауыр - туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады.

6- оқушы: Қыздың, демек болашақ келіннің қолынан іс келуі – міндетті жағдай. Айналадағы адамдарды сыйлау ата-ананы құрметтеуден басталады. 7-оқушы: Ер бала еңбекке ерте бейімделеді. Сөйтіп ауылдың ересек балаларымен, құрбыларымен, ағалары, әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға, әңгіме тыңдап, ертегі айтуға, өлең айтып, ән салуға бейімделген

8-оқушы: Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен. Сондықтан өз ұлына бар өнерін, естіген - білгенін түгел үйретуге тырысқан
9-оқушы: «Ата - балаға сыншы» демекші, әке өз балаларының жеке ерек-шеліктерін, қандай іске, өнерге бейімдігін ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қасиеттерін дамытуға күш салған.
10-оқушы: Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынасын түсіндіріп, ататегі туралы айтып отыруды парыз санаған.

ІІІ. Адамның жақсы-жаман қасиеттері. Сен қандайсың?. .
Өмірдегі бағытың да, іс - қаракетің де өз бойыңа үңілуден болады. Әркімде ерекше көзге түсетін бір қасиет болады. Сол қасиет қастерленсе оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ , өзінің көздеген мақсатына жетеді. Талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар. Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін – отбасы, мектеп, жолдастары, ұжым. Ал негізінде бәріне ізденімпаз адамның өзі түрткі болуы керек.
Нағыз адамға тән қасиеттер.
1) Ұғымды, ойлы ететін зерде-зейінің.
2) Сені өрге сүйрейтін - өнер - өрісің.
3) Тек ілгері бастайтын – талабың.
4) Ешқашан алдамайтын- тапқырлығың.
5) Қиындықта саналатын – қайратың.
6) Бәрінен де күшті – білімің.
Ер жігіттің айнымас серіктері : өмірлік жарың - жұбайың, мінген атың – пырағың, парасатың- ақылың. Жігіттің жолын кесіп, аяғына тұсау болатын жаулары:
1) жалқаулық
2) аңқаулық
3) жасқаншақтық
4) пасықтық
5) сужұқпас суайттық
6) өсекшілдік
7) мылжыңдық.
Осы қысқа өмірде орны толмайтын үш нәрсе бар.
Ол-ата, ана, бала. Бір ұрпақ келіп, бір ұрпақ кетеді. Бірақ жер бетінде өмір өлмейді. Өмірді бала қосады. Ата-ана асқар тауың, айналып өтсең жаман, асып түссең жақсы.
12-оқушы: Бабалар баланы қалай тәрбиелеген?
Ата- бабаларымыз ұл балаларын жастайынан ел қорғауға, мал бағуға тәрбиелесе, ал қыздарын «болашақ отау иесі» деп қаршадайынан үй шаруасына икемдеген.
V. Ырым-тыйым – ұлағат көзі.
Қазақтың ырым-тыйымдары
1-оқушы: Ұнасын, ұнамасын,
Бұзба құстың ұясын.
2- оқушы: Ұқсама тентек балаға,
Пышақтың жүзін жалама.
3-оқушы: Шаршасаң сәл –пәл аялда,
Бірақта жерді таянба.
4-оқушы: Құр беталды ермекке
Бос бесікті тербетпе.
5-оқушы: Жақтыр, мейлің жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
6-оқушы: Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма.
7- оқушы: Адамдарды сынама,
Түнде айға қарама.
8- оқушы: Ақыл-есің бүтінде
Кісіге қарай түкірме.
9-оқушы: Ұлттық салттан бұлжыма,
Жұма күні кір жума.
10-оқушы: Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.
VI. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.
VII. Қорытынды:

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатынан соң кейбір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бұл - әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Халқымыз көп нәрсені ана есімімен байланыстырады. Қыз келешекте жар, ана, апа. Осыған байланысты қазақ қызын әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп тіл тигізбей тәрбиелеген.




Cабақтың тақырыбы:Адамгершілік-асыл қасиет
Мақсаты:оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілігі:ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты айтылады.
Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі.
1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын.
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.
Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.
Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады.Олар-жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік ашу,ызақорлық
Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады.Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады?
Ол қандай қасиеттер?
1-топқа неден жирену керек?(Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)
2-топқа Неге үйрену керек?(Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)
Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?»
Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз мейірбан,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Бірінші бұлт.Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.
Екінші бұлт.рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
1.Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген сүйіспеншілік.
Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар.
1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің?
2.Сенің жан досың «Киноға барайық»деген болатын,ал сенің уақытың болмай жатыр.Не істер едің?
4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?
Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің?
Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт.
Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа.
Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек.
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай)
Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-адам баласының дұшпаны.
Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін.
Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық,артынан жадырап кемпірқосақ керілді,міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын,бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын,үнемі қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,әділ,ақылды парасатты болыңыздар!
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар!


«Сыпайылық – адамгершілік айнасы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

ә) Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

б) Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Ақын жазушылардың сыпайылыққа, әдептілік туралы    ойлары

ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер.

 IV. Ойын “Мен кіммін?”

 V. “Құпия хаттарға” жауап беру

 VІ. Шығармашылық тапсырма

VІІ Ойын “Саяхатқа шығу”

 VIII Оқушыларға сөз кезегі

  ІХ Қорытынды

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин. Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған  қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

1.Әдепті бала –арлы бала
------------------------------.
2. ------------- сөздің анасы.
3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар
------------------------------.
4. Сәлем беру де парыз,
---------------------------.
5. Әдептілік белгісі -
-----------------бергені.

«Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хаттардың мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

Мұғалім.Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:
Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т.б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

Сұрақтар:
– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
– Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
– Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
– Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
– Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
– Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Мұғалім.«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.
Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
1-оқушы.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
3-оқушы.Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.
Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.
5-оқушы.Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
6-оқушы.Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
7-оқушы.Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
8-оқушы.Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.
Мұғалім.Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?
9-оқушы.Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.
Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет» пікір-сайысына кезек береміз.







Нақыл сөздер

Бүгін сағы сынды деп жақсыны басынба, Қиын қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан.
                                                                                                                                Қазыбек би


• Адамның қолы қанат емес, ұшуға арналмаған. Ұшып жүргендерді атып түсіру оңай деуші еді, қаңғыған оқ, қаңғырған аңшыдан сақтан, жарығым 
                                                                                                                                                                                    Оралхан Бөкей


• Бардың қадірін білу үшін жоғалту керек, тоқтықтың қадірін білу үшін ашығу керек екен
                                                                                                                            Оралхан Бөкей


• Махаббат – зор саналылықтың, білгір – білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі    белгісіз Дара ұғым 
                            Оралхан Бөкей


• Қанатыңмен ұшқанда 
   Құйрығыңды ұмытпа 
                           Оралхан Бөкей


• Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ 
                                               Оралхан Бөкей


• Әр таудың басын аңсаған арқар аштан өледі 
                                                                Оралхан Бөкей


• Жүгірген алмайды, 
   Бұйырған алады 
                            Оралхан Бөкей


• Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ОЙЫ ғана 
                                                                                                                                                                                                     Оралхан Бөкей


• Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ, 
  Ешкім шығара алмас қиын есеп. 
                                                Оралхан Бөкей

• Неғұрлым керең болсаң, 
  Соғұрлым жақсы естисің. 
                                   Оралхан Бөкей


• Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. 
                                                                                                                                                                                                      Ы.Алтынсарин


• Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу           болып табылады. 
                        В.А.Сухомлинский


• Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. 
                                                                                                                                                                             К.Д.Ушинский
• Ұстаз – ұлы есім. 
                          М.Әуезов


• Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. 
                                                                                Ж.Ж.Руссо


• Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-   ақ серттесуге болады. 
                                   Мағжан Жұмабаев


• Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді,         педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. 
                                                                                                 Ахмет Байтұрсынов


• Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз. 
                                                                                                                                  Л.Н.Толстой


• Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз  
                                                Ыбырай Жақаев


• Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. 
                                                                                                                                                 К.Д.Ушинский


• Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.  
                                                                                                         Спандияр Көбеев


• Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін
                                                                                                                         Серке Қожамқұлов


• Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
                                                                  Жүсіп Баласағұни


• Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. 
                                                                                                                                                                                                                     Мәлік Ғабдуллин


• Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
                                                                                                                            Ғабит Мүсірепов


• Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.
                                                                            Абай Құнанбаев


• Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
                                                                                                          Ыбырай Алтынсарин


• Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен,     өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін   батыл, ержүрек болуы керек.
                                             Әл-Фараби

• Жерінде – бабасының, 
Елінде – атасының, 
Көңілінде - әжесінің, 
Қолында – анасының, 
Жолында – ағасының, 
Төсінде – даласының, 
Тапқан өз жарасымын, 
Мен – қазақ баласымын. 
                                  Бабалардан


• «Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен 
жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының 
ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, 
яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі» 
                                                           С.Аманжолов.


• Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі. 
                                                      Бауыржан Момышұлы


• Жер жүзi жабылғанда ғылым жаққа, 
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа. 
Анау — қу, мынау — пысық, мен — батыр деп, 
Айналды бiрiн-бiрi құртпаққа. 
                                          Шәкәрім

Қыл мойынға тақалтып, 
  Шабақтай желге қақалтып, 
  Көмейiне салар қармақты... 
                                        Дулат


• Бiреуi — «сен тәңірімсің» деп сыйынады, 
  Бiреуi — «мен құлыңмын» деп бағынады, 
  Бiреуi — «садақа бер» деп жалынады, 
  Бiреуi — «құйрық» болып тағылады. 
                                                    Мағжан Жұмабаев

• Көзіңдi аш, оян, қазақ, көтер басты, 
  Өткiзбей қараңғыда бекер жасты. 
  Жер кеттi, дiн нашарлап, хал хатаб боп, 
  Қазағым, ендi жату жарамасты. 
                                               Міржақып Дулатов


• Қазағым, елiм, 
  Қайқайып белің, 
  Сынуға тұр таянып. 
  Талауда малың, 
  Қамауда жаның, 
  Аш көзіңдi оянып. 
  Ұйықтайтын бар не сиқ

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!