Сыныбы: 6
Күні: 03 .04.18 Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Мергазина Н.
Сабақтың тақырыбы:
Презентация туралы жалпы мәліметтер
Сілтеме
Оқулық Информатика 6-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Астана: Арман-ПВ 2014 жыл, Видеосабақтар Слайд http://bilimland.kz порталы.
Мақсаты:
Power Point программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету;
PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен терезе элементтерін ажырата білуді қалыптастыру;
Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыра отырып ойлау ұшқырлығын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Бағдарламаны іске қосу жолдарын біледі;
Бағдарламаның терезе элементтерінің атауын біледі;
Жұмыс аймағының өлшемін реттей алады;
Мультимедиялық файлдардың типтерін біледі;
Бағдарламаның мүмкіндіктерін біледі;
Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Негізгі дереккөздер:
Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, интернет материалдары.
Әдіс –тәсілдер:
Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, ББҮ, түртіп алу стратегиясы, жуан және жіңішке сұрақтар, Венн диаграммасы, Өрмекшінің торы әдісі, Бағдаршам әдісі, қорыту, формативті бағалау
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
І. Ұйымдастыру: Қызығушылықты ояту
2 минут
2 минут
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
Сиқырлы гүл әдісі арқылы оқушыларды төрт топқа бөлемін.
-Балалар, қазір қандай мезгіл?
Көктем айында қандай өзгерістерді байқаймыз?
Ендеше, гүлдің тілі – нәзік тіл. Гүл бар жерде, сезім бар дегендей, сендерге осы әдемі гүлдер сияқты жайнап жүрулеріңе тілектестік білдіре отырып, Сиқырлы гүл әдісі арқылы топқа бөлейін деп тұрмын.
І топ-Тұсаукесер тобы
ІІ топ – Power Point
ІІІ топ –Қарау режимдері
ІV топ –Слайдтар
-Балалар, неге біз бүгін тұсаукесер, поверпойнт, қарау режимдері, слайдтар деп топқа бөліндік?
-Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер.
-Сабағымызды бастамас бұрын бүгінгі сабағымыздың мақсатын өздерің қойып көріңдерші.
-Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Power Point программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету;
PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен терезе элементтерін ажырата білуді қалыптастыру.
Гүлдердің жапырақтары арқылы топқа бөлінеді.
ІІ. Мағынаны тану
10 минут
Видео-3.05 минут
- Балалар, тақырыпты өзіміз меңгереміз. Топта жұмыс атқарғанда топ ережесін басшылыққа ала отырып жұмыс жасаймыз.
10 минут уақыт беріледі.
(5 минут – оқуға, 5-минут қорғауға)
Қане балалар Жұлдызшалар арқылы бағалап жіберейікші.
-Қазір балалар білімізді одан әрі нығайту мақсатында мына видео роликке назар аударамыз.
сілтемесі бойынша “Презентация ұғымы” видеосы көрсетіледі.
Топтық жұмыс - Конверт әдісі арқылы әр топқа түрлі-түсті конверт таратылады. Ол конвертте BilimLand сайтынан алынған тапсырмалар
Оқушылар оқулықтағы тақырыппен танысады, постер қорғайды.
Балалар бағалау парақшасын көрсетеді.
Видео көреді, тыңдайды, мағлұмат алады.
Сергіту сәті.
Бойы сергектің ойы да сергек демекші, бойымызды сергітіп алайық.
Жаттығуды орындарында отырып орындау.
Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса
ІІІ. Ой толғаныс:
15 минут
Қазір біз жұппен жұмыс жасаймыз. Конверт-тапсырма әдісі арқылы тапсырмаларды алыңдар.
Көктем шуағы, Наурыз – ұлы мерекем,
Әсем қалам -Астанам, ЭКСПО – 2017, Бәйтерек, Менің туған жерім, Табиғатты қорғайық тақырыбында презентация жасау.
Бас бармақ әдісі арқылы бағалау.
Берілген тақырыптарда презентация жасап қорғайды
Топтар бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды
Қорытындылау:
Сәйкесін тап! әдісі
Файл – Баспаға жіберу
Delete – Слайдты өшіру
Кірістіру – Сурет
Дизайн – Фон
Слайд көрсету – Ғ5
Тұсаукесер – слайд
Слайд аймағы – терезе
Слайдтың орнын ауыстыру – Құрылым аймағы
Пішім - .pptx
Басты бұйрығы – слайдты өңдеу
Оқушылар сәйкесін табады.
Рефлексия
Бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс жазып жіберейік. Стикер тарату.
Экранның суреті- мен үшін тақырып түсінікті, слайд жасауды меңгерді.
Ет тартқыш-әлі де білімімді толықтыру қажетпін.
Қоқыс шелегі- бүгінгі сабақ мен үшін қызықсыз болды.
Балалар стикерге кері байланыс жазады.
.
VІ. Бағалау
Топ басшыларына сөз беріледі.
Топ басшылары өз бағаларын айтады.
Үйге тапсырма.
27 оқу, Менің сыныбым тақырыбында слайд жасау