Материалдар / "Психология-болашақтың мамандығы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Психология-болашақтың мамандығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күні өзге ғылымдардың дамуы психология саласымен тығыз байланысты және де психология ғылымы келер ұрпақтың дұрыс жетілуін қамтамасыз етуге тырысатындықтан, болашақта жоғалмайтын, қажетті мамандықтардың бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2022
251
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психология - болашақтың мамандығы

XIX ғасыр - биология ғасыры, XX ғасыр - физика ғылымы үшін жаңалықтар мен ашылулар кезеңі болды. XXI ғасыр - психология саласы үшін жаңа дәуір.

Аркадий Петрович Егидес

Психология - адамның ішкі жан дүниесін емдеуге, оның дұрыс жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған мамандық. Бүгінгі күні, адамның өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты психолог көмегіне жүгінушілер саны артты. Бұл ғылым басқа салалармен де тығыз байланысты болғандықтан болашақта өзектілігін жоғалтпақ емес.

Жаһандану үрдісі етегін кеңге жайып, жаңа технологиялар қарқынды дамып жатқан заманда адами құндылықтар толығымен өзгеріске ұшырады. Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме белгісіз, дегенмен де бүгінгі күн жан дерті тән дертімен бірдей емді талап ететін кезеңге айналды. Осындай көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан дәуірде қажетті мамандықтар тізімі де айтарлықтай өзгерді. Осы тұста, психология адамзаттың болашақ мамандығына айнала алады ма?

Ең әуелі, психология ғылым ретінде адамның ішкі дүниесін, яғни, оның жан дүниесін, күрделі, қайталанбас және ерекше ішкі әлемін зерттеуге және түсінуге бағытталған. Аристотель ішкі дүние туралы ілім ең керемет, әрі таңғажайып білім деп тұжырымдады. Расымен де ғылым үшін адам психикасынан гөрі күрделі пән жоқ. Бұл адамзаттың дамуымен байланысты барлық ғылымдарды, оның қызмет салаларын, мүдделер шеңберін, эмоцияларды басқару кеңістігін, жеке және пікірлес адамдар тобындағы сезімдерді, басқа адамдардың жеке кеңістігін бұзбау өнерін біріктіретін ғылым. Бейбітшілік пен жасампаздық – адамзаттың табысты дамуының кепілі, бұл қазіргі психологияны зерттеудің басты міндеті. Жалпы алғанда, өзге салалардың дамуы тікелей психология ғылымының жетілуімен байланысты. Сол себепті, психология адамзаттың болашағы бұлыңғыр болмас үшін аса қажетті мамандықтардың бірі саналады.

Сонымен қатар, Ш.Сариев айтқандай «Өмір деген тұрмайды тек қарадан,өмір деген тұрады ақ-қарадан». Аталмыш тұжырымды баланың санасына құятын, оны өмірге баулып, ақ пен қараны ажыратуға үйретуге тырысатын - психолог. Психологтың міндеті - баланы болашаққа дайындап қана қоймай, оны осы шақпен алаңсыз өмір сүруге үйрету. Адамзат үшін келер ұрпақтың дұрыс жетілуі, адами тұрғыда дұрыс қалыптасып, тұлға ретінде дамуы - өте маңызды. Ал, осы тұрғыда қызмет етіп, бұл мақсатты жүзеге асыруға жәрдемдесетін - психологтар, яғни,психология мамандығы.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, психология саласы адам әрекетінің шеңберін анықтап,оның қызмет етуі мүмкін барлық салаларды біріктіреді. Бүгінгі күні өзге ғылымдардың дамуы психология саласымен тығыз байланысты және де психология ғылымы келер ұрпақтың дұрыс жетілуін қамтамасыз етуге тырысатындықтан, болашақта жоғалмайтын,қажетті мамандықтардың біріне айналып отыр.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!