Материалдар / Қ.Әбдіғұлов атындағы жалпы білім беретін шағын орталығы бар №34 орта мектеп – гимназиясын 8«Ә»сыныбының жетекшісі М
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қ.Әбдіғұлов атындағы жалпы білім беретін шағын орталығы бар №34 орта мектеп – гимназиясын 8«Ә»сыныбының жетекшісі М

Материал туралы қысқаша түсінік
Қ.Әбдіғұлов атындағы жалпы білім беретін шағын орталығы бар №34 орта мектеп – гимназиясын 8«Ә»сыныбының жетекшісі Манапова Ұлан Наурызбекқызының І тоқсан бойынша жүргізген жұмыстарының есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
296
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ.Әбдіғұлов атындағы жалпы білім беретін шағын орталығы бар №34 орта мектеп – гимназиясын 8«Ә»сыныбының жетекшісі Манапова Ұлан Наурызбекқызының І тоқсан бойынша жүргізген жұмыстарының

есебі

Жылы,күні

айы

Айлық атауы

Тәрбие жұмысының

бағыттары

Іс-шаралар тақырыбы

Жауапты

1

01.04.2021

Рухани-адамгершілік тәрбие


Тәуелсіздік жетістіктері


Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік!

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 30 жыл

Сынып жетекші: Манапова Ұ.Н.

5

09.09

Қазақстанның потротизм және азаматтық тәрбие

«Алуан – алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!

Мақсаты: Оқушылырдың таңдаған мамандықтары, олардың қоғамға тигізетін пайдасы жайлы айта келіп, өмірге қызығушылығын арттыру, жан-жақты үлгілі, өнегелі адам болып қалыптасуға тәрбиелеу.

2 Видео тамашалау

3 «Серпінді сұрақ» әдісі тосын сұрақтар

Біздің заманымыз, өмір сүріп жатқан ғасырымыз – білімділер ғасыры. Оқимын, білгім келеді, үйренемін, ізденемін дегенге барлық мүмкіндік жасалған заман. Ақпараттың дамыған заманы. Қазір қайда болсақ та бұқара ақпарат құралдарынсыз, яғни газет - журналдардан көз ашпай отырған азаматтарды көреміз. Заманымыз жақсы дамып келе жатқандықтан мамандықтың да түрі өте көп.

Сынып жетекші:

Манапова Ұ.Н.

6

16.09

Ұлттық тәрбие

Ұлы даланың ұлық тұлғасы-Әл – Фараби

Мақсаты:Тәрбиелік: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбу Насыр әл-Фараби даналығынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Біріншіден, әл-Фараби антикалық заман мен исламды өзара жақындастыра синтез жасап, жаңа бір мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Екіншіден әл-Фараби грек ойшылдарының асыл мұрасын жаңғыртты. Сөйтіп шығыста үлкен қозғалыс жаңа бағыттар бастады.

Әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазған. Әл-Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы» т.б еңбектері бар.

Әдебиет саласы бойынша Фарабидін бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі – « Өлең өнері» деп аталады. Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселеріне арналған. Екіншісі- «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат»деп аталатын еңбегі. Мұнда Фараби грек поэзиясының жанрларына, терминдеріне талдау жасаған.

Әл-Фараби - философ.

Әл –Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы - өмірдің мән – мағынасы туралы толғау , оқу мен білімді мадақтау , адамгершілікке шақыру. Фарабидің «Ақылдың мәні» туралы трактат, «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін ең алдымен нені білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.

Әл-Фарабидің лирика жанрында жазған өлеңдерінің бірі: «Қашықтасың туған жер»

· Әл-Фарабидің әлеуметтік – қоғамдық, және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жол сілтеу», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.


Сынып жетекші:

Манапова Ұ.Н.

7

23.09

Отбачы тәрбиесі

« Қарияға құрмет – мұсылмандық асыл қасиет »

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ата-анасын қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет

көрсетуге тәрбиелеу. Оқушылар бойындағы адамгершілік

қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты,

кішіпейілділікті дамыту.



Сынып жетекші:

Манапова Ұ.Н.




30.09






Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшіӨз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіріп,ана тілі туралы өлеңдер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,шешендік сөздер айту арқылы сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту.Ана тілін сүюге,ардақтай білуге тәрбиелеу,өз ойын толық жеткізе алатын білімді,саналы,салауатты,жан-жақты рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу

Сынып жетекші:

Манапова Ұ.Н.


07.10

Бала құқығы адам- құқығы

Мақсаты: а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу
.


14.10


18 қазан рухани келісім күні. «Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»

1995 жылғы наурызда жаңа қоғамдық ұйым – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осылай жалпықазақстандық бірліктің бірегей моделі іске асырылды.
  Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – Президент төрағалық ететін консультативті-кеңесші орган. Қазіргі таңда Ассамблея Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының сенімді тетігіне айналды.
  2002 жылы 26 сәуірде ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы бекітілді. Бұл құжатта Ассамблеяның мақсаты мен міндеттері, жұмыс құрылымы мен ұйымдастыру қызметінің негізгі бағыттары белгіленді. Кейіннен ҚХА-ның қоғамдық-саяси салада қызметін реттейтін басқа да құжаттар қабылданды.
  2. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамда маңызды қызмет атқарады. 
Біріншіден, ол Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталады. Екіншіден, Ассамблея ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі. Үшіншіден, бұл қоғамдық құрылым мемлекеттік тілді және Қазақстан диаспораларының ана тілі мен мәдениетін дамытуға қолдау көрсетеді.


21.10


Жолда абай болайық!

Сабақтың мақсаты: 1.Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түсініктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
2. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.

3. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.

көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі


28.10


Алтын куз

Күз кереметі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке,сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру. Оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!