Материалдар / Қайырымдылық асыл қасиет
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қайырымдылық асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына демеушілерге алғыс білдіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2021
442
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қайырымдылық — асыл қасиет»



Қайырымдылық жасасаң,қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Осындай ізгілік қасиетті бойына дарытқан жандардың бірі Бәйтерек ауданы өңіріне қарасты Новенков ауылының тұрғыны Құсайынов Жардемғали Қадырбекұлы. Жас болса да үлгі болатындай өнегелі ісімен көпбалалы аналарға әрқашан көмек қолын созып келе жатқан жомарт жан. Мектебіміздің көпбалалы аналар санатын құрайтын Сағынғалиевтар отбасына жақында тағы бір көмек көрсетіп, отбасы балаларын қуантып тастады. Қазіргі таңда кезекші сыныпта оқитын осы отбасының екі қыз баласына қысқы киім - кешектермен аяқ киімдерін алып беріп, толықтай киіндіріп берді. Атына жасаған ісі сай Жардемғали осы отбасының екі айлық коммуналдық қызметін де төлеп берді. Жақсылық жасауды парызым деп білетін жомарт жанға ата аналардың алғысы шексіз.

Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда Бәйтерек аудандық білім беру бөлімі жалпыға білім беру қоры есебінен жақсылық жасаудан еш аянбаған. Мектебіміздің 12 аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасы балаларын қыстық киіммен (куртка) қамтыды. Ата аналар үлкен алғыстарын білдірді. Балалар үшін үлкен көмек болды.

Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрін қазіргі кезде жалғастырып келе жатқан қайырымды жандардың бары көңіл қуантады.



Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылы

Мичурин «мектеп- бөбекжай - балабақша кешені

Әлеуметтік педагог Ж.Е.Мұқамбетқалиева



























Picture 3 Picture 5 Picture 7 Picture 9









































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!