Материалдар / Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2020
533
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру

  1. Қалыптастырушы бағалаудың ролі


Оқушылардың білімі мен білім сапасын бағалаудың жаңа әдістерін енгізу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ, бұдан қорқудың мүлдем қажеті жоқ. Қалып тастырушы бағалау үдерісін сабақ барысында тиімді енгізу – бұл дұрыс бағалаудың алғашқы қадамы болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не? Жаңа тақырыпты оқуға дейінгі және оқу барысында жүргізілетін бағалау түрлері қалыптастырушы бағалау болып табылады, өйткені ол оқу барысын түсінуді қалыптастыруға көмектеседі.

Қалыптастырушы бағалауды қай кезде қолдану керек? Қалыптастырушы бағалау – бұл оқытудың бір бөлігі, және ол оқушылар білімінің құрылымына енуі мүмкін. Сіз бұған дейін қалыптастырушы бағалау жүргізген де болуыңыз мүмкін. Мысалы, оған оқушыларды бақылау, оқушылардың жетістігі үшін мадақтау, оқушылардың жұмысын талдау. Қалыптастырушы бағалауды мұғалім де, оқушы да жүргізе алады. Оқушылар тарапынан өзін өзі бағалау арқылы және бірін бірі бағалау арқылы жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалауды не үшін қолдану керек? Қалыптастырушы бағалау білім сапасын жоғарылатады, өйткені мұғалім оқушының нені білетінін немесе білмейтінін анықтап, келесі іс-әрекетті жоспарлай алады. Оқушылардың білім дәрежесін нақты біле отырып, ары қарай дамыту үшін және оқу мен оқытудағы білім сапасын арттыру мақсатында мұғалім оқытудағы әдіс-тәсілдерін өзгерте алады. Сонымен қатар тиімді кері байланыс жасай алады.

Қалыптастырушы бағалауды дамыту жоспары

Берілген тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін дамыту мақсатында, бағалау арқылы қалай мұғалім алға қойған мақсатына жете алады?



  1. Оқушылардың білім алу үдерісін бақылау.


Оқушының білім алу үдерісінде үнемі 
талдау жасап, мотивация беріп отыру үшін, мұғалім оқушының жетістігі жайлы күнделік арнай алады.


  1. Кері байланыс орнату.


Мұғалім оқушылардың алған білімін формальді түрде бағалап, оларға кері байланыс беріп, дамуын үзіліссіз бақылай алады.


  1. Оқушылардың тапсырманы сапалы орындауына көмек беру.


Мұғалім оқушылардың тапсырманы сапалы орындауы үшін жетістік критерийлерін өзі ұсынады немесе өздеріне құрғыза алады (жетістік критерийлерін дұрыс құруына бағыт береді).


  1. Оқу материалын түсінгендігін тексеру.


Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсінгенін білу үшін сұрақ қоюдың түрлі әдістерін қолдана алады.


  1. Оқушыларға тәуелсіз жұмыс жасауға үйрету.


Мұғалім тапсырманы орындау барысында оқушыларға еркіндік береді және өздігінен орындауына мүмкіндік орнатады (тапсырманы орындау барысында бір қағидамен шектелмеуі тиіс).


  1. Оқушылардың зерттеушілік қабілетін бақылау.


Мұғалім тапсырманы орындау барысында оқушылардың зерттеушілік қабілетін бақылайды, дұрыс бағыт береді (дұрыс дерек көздерді қолдануына көмектеседі).



  1. Бағалау стратегиясының дамуы


Дәстүрлі бағалау әдіс-тәсілдерінен жаңаша бағалау әдістеріне көшу қазіргі уақытта қойылған талаптардың негізгісі екені белгілі. Тиімді бағалау стратегиялыраның негізгі компоненттерін түсіну мақсатқа жетудің жолы болып табылады. Оқушылардың білім алу үдерісін дұрыс жолға қою үшін мұғалімдер белгілі бір мақсатқа ие бағалау стратегиясын қолданады, одан кейін нақты тақырыпқа және мақсатқа сай бағалау әдістерін таңдайды. Соңында, мұғалім оқушылардың оқу үдерісі жайлы қажетті ақпарат алу үшін бағалау құралдарын таңдайды немесе өзі құрастырады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!