Материалдар / Қантамырлар және олардың түрлері. Қан айналым шеңберлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қантамырлар және олардың түрлері. Қан айналым шеңберлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп және колледж оқытушыларына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2018
729
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні: АнатомияСабақтың тақырыбы: Қантамырлар және олардың түрлері. Қан айналым шеңберлері

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Қантамырлардың түрлерімен, пайда болу жолдарымен, айырмашылықтарымен, орналасу орнымен, қан айналым шеңберінің жүру жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық: Адам бойындағы қантамырларының қызметтері мен ерекшеліктері туралы білімдерін дамыту. Тәрбиелік: Студенттердің білімдерін тиянақтап бір бірінің идеялары мен білімдерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ДәстүрліСабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.Қолданылатын технологиялар: Ой қозғау, АКТ, Джиксо, жұптық, адасқан әріптер, сын тұрғысынан ойлау технологиясыПәнаралық байланыс: Генетика, физиологиясыСабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, кестелер, интерактивті тақта, постермен жұмыс, ресурстарСабақтың типі: Жаңа білімді хабарлауҚолданылған әдебиеттер: Ш.Набидоллина «Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» Астана 2006ж. К.С.Сағатов «Өсімдіктер физиологиясы» Алматы 2002ж., «Биологияны оқыту әдістемесі» журналы 2005ж., т.б.Сабақтың барысы: 1. Шаттық шеңберін құрып бір-біріне жақсы тілек білдіру, студенттер таңдаған стикерлер арқылы топтарға бөлу 2. Стикердегі тапсырмаларды орындау арқылы үй тапсырмасын талдау 3. Жаңа сабақ (жұптық жұмыс)



Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын өкпе артериясының ішінде вена қаны болады.Сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамырының ішінде артерия қаны.Артериялардың қабырғасы үш қабаттан тұрады:сыртқы қабаты-дәнекер ұлпасынан,ортаңғы қабаты-бұлшықет ұлпасынан,ішкі қабаты-жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген.Артерия қантамырлардың қабырғасы қалың,серпінді.Олардың сыртқы қабаты мықтылық,серпінділік қасиет беріп,қантамырлардың кеңейіп,тарылуына әсер етеді.Жүректен алыстаған сайын артерия қантамырлары тармақтанып,жіңішке капиллярға айналады.Қорыта айтқанда артерия қантамырлардың бойымен артерия қаны ағады.Тек өкпе артерия қантамырының ішімен вена қаны ағады. Вена қантамырларыда артерия қантамырлары сияқты үш қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен қабырғасы жұқа,жұмсақ,серпінділігі аз болады.Вена тамыр-ң бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан,тарамдал ған көк түсті тамырлары жай көзге айқын байқалады.Артерияға қарағанда веналарда қан қозғалысы баяу.Веналық қантамырлармен қанның ағуына сол қантамыр-ң жанындағы бұлшықет-ң жиырылуыда көмектеседі.Өкпеден келетін төрт өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.Вена қантамыр-ң ерекшелігі ішінде жарты ай тәрізді қақпашалары болады.Ол қақпашалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді,тек керіағуына кедергі жасайды. Капилляр қантамырлары лат.тілінен аударғанда шаш тәрізді қылдай деген мағ.біл. Адам шашынан 50 есе жіңішке.Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды.Капилляр-ң қабырғасы өте жұқа,эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады.Капиллярмен қан өте баяу қозғалады.Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады.Сон.қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп,көмірқышқыл газымен қанығып,вена қанына айналады.Капиллярлардан қан веналарға жиналады.Капилляр-ң қабырғалары өте жұқа болғандықтан еріген қоректік заттар,оттек,көмірқышқыл газы,алмасу өнімдері оңай өтеді. Қорыта келгенде,адам ағзасында артериялар,веналар,капиллярлар қантамырларының бойымен ғана ағады. Үлкен қанайналым шеңбері жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артерия қантамыр нан басталады. Оттегіне қаныққан қан алдымен қолқаға,одан ірі және ұқсас артерия қантамырларына жеткізіледі.Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге,жүректің өзіне,бұлшықеттерге,сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып,капиллярларға бөлінеді.Үлкен қанайналым шеңбері жүректің сол жақ қарыншасынан басталып дене жасушаларына жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады.Үлкен қанайналым шеңбері деп аталу себебі қан бүкіл денеге таралып,қайтадан жүрекке келеді.Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттек пен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңбері жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артерия қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артерия қан тамыры арқылы өкпеге келеді.Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген капиллярлар торында газ алмасады.Қан оттекке қанығып,көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады.Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ жүрекшесіне құйылады.Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп,қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.Кіші қанайналым шеңбері жүректің оң жақ қарыншасынан басталып өкпеге жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі қан тек өкпеге барып оттекпен байытылады да қайтадан жүрекке келеді.





Жұптық жұмыс «Сен маған, мен саған » бұл әдісте студенттер жұп болып жұмыс жасайды. Әрқайсысына жеке - жеке сұрақтар беріледі соған жауап береді, бір - бірінікін тексеріп шығады. 1. Ағзада қантамырлардың атқаратын қызметі 2. Қантамырлардың түрлері, бір – бірінен айырмашылығы 3. Артерия қантамырының атқаратын қызметі 4. Үлкен қан айналым шеңберінің атқаратын қызметі 5. Қан айналым шеңберлерінің бір – бірінен айырмашылығы 6. Кіші қан айналым шеңбері қалай жүреді 7. Жүректен шыққан қан қайда барады 8. Вена қантамырлардың маңызы

Жаңа тақырыпты бекіту. Келесі әдіс постермен жұмыс. Әр топ өз атаулары бойынша қантамырлардың пайда болу мен ерекшелігін қорғап шығады.





Қантамырлар және олардың түрлері



Артерия Вена Капилляр

Қанды жүректен Қанды мүше- Артериялар алып шығып, лерден жүрекке мен веналарды мүшелерге тара тасмалдайды бір -бірімен тады байланыстырады



Артерия қантамырларының бойымен көбінесе артерия қаны ағады.Тек өкпе артерия қантамырының ішімен вена қаны ағады. Ерекше ескертетін жағдай барлық артериялық қантамырлармен тек артерия қаны, барлық веналық қантамырлармен тек вена қаны ағады деген түсінік қалыптасуы тиіс. Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен қанның ағуына сол қантамырлардың жаныныдағы бұлшықеттердің жиырылуы да көмектеседі. Өкпеден келетін төрт өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды. Вена тамырларының ерекшелігі ішінде жарты ай тәрізді қақпашалары болады. Ол қақпашалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді,тек кері ағуына кедергі жасайды. Қандағы қорек заттар қылтамырлардың қабырғасымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Қылтамырлардан қан веналарға жиналады. Олардың қабырғалары өте жұқа болғандықтан, еріген қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Қылтамырларда қан қысымы артерия тамырларынан төмен болады. Қорыта келгенде, адам ағзасында қан – артериялар, веналар, қылтамырлардың бойымен ғана ағады. Сабақты қорытындылау: Адасқан әріптер әдісі арқылы. Әр топқа жеке – жеке бірнеше әріптер беріледі сол әріптерді құрастыру арқылы осы тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастырып шығады.Бұл әдісті пайдалану арқылы студенттердің сабақты қалай меңгергендігін және ойлау және көру қабілетін байқауға болады.

РШАААҚННЙММІЕЕЫЛЛҮ ( қан айналым мүшелері)АААҚПНЛЫЗМС ( қан плазмасы )ННҚҚҢАЫЫІЕЗТМ ( қанның қызметі )

Рефлексия- сабақтағы өз әрекетіңді бағала

Сабақ Мен сабақта Қорытынды1.Қызық 1.Жұмыс істедім 1.Материалды түсіндім 2.Зерігерліктей 2.Дем алдым 2.Көп білдім 3.Бәрібір 3.Досыма 3.Түсінбедім көмектестім



Үйге тапсырма: Қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлардың маңызы



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!