Материалдар / ҚАРАПАЙЫМ ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАРАПАЙЫМ ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абылайдың жеке тұлғасына тоқталу; Қазақ хандығының жоңғарлармен, Ресей, Қытай, Орта Азия мемлекеттерімен саяси байланысын ашып көрсету; Абылай ханның жүргізген реформаларын талдау; Абылай ханның қазақ тарихында алған рөліне баға беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2021
312
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың мақсаты:
– Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау.

Зерттеу сұрағы:
Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады?

Оқулық
Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы. 192–194 беттер.

Тірек сөздер: ағартушы, демократ, мұғалім, мектеп, ұстаз.

Ресурстар
1. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шағармалар. Алматы: Ғылым, 1994.
2. Сүйінішәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Хрестоматия. Алматы: Ана тілі,
1992.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. –
Алматы: Атамұра, 2002. 768 б.

Көрнекілік
Фотослайд, Ыбырай Алтынсариннің шығармалар жинағының, еңбектерінің мұқабасы түсірілген суреттер.

Мақсатты айқындау
Ыбырай Алтынсариннің “өнегелі өмір” жолдары мен ағартушылық, шығармашылық жолдарымен, еңбектерімен, қоғам дамуында атқарған істерімен, Қазақстан тарихында алатын орнын жас ұрпаққа түсіндіру.

Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық” атты оқулықтарымен таныстырып, оқулықтарға орыс жазушыларының балаларға арналған шағын шығармаларымен қоса, өзінің жазған өлең, әңгімелері, еңбектерінің тәрбиелік маңызын, оның орыс-қазақ мектептері мұғалімдеріне оқулық, көмекші құрал ретінде орыс педагогтары мен жазушыларының еңбектері мен оқулықтарын аударып ұсынудағы тәжірибесін айтып жеткізу.

Дамытушылық маңызы. Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметі, ұстаздық, ағартушылық қызметін таныстыру арқылы оқушылардың оны “Ұлттық тұлға” ретінде тануына қол жеткізу. Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін оқушыларға таныстыру, оқыту арқылы оқушылардың санасын, көзқарасын “ұлттық идеология” тұрғысынан қалыптастыру.

Тәрбиелік маңызы. Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметі арқылы оқушыларды ұстазды құрмет тұтуға, еңбектерін оқыту арқылы үлкенді сыйлауға, жамандық пен жақсылықты, сараңдық пен жомарттықты, шындық пен жалғандықты ажырата білуге, ой-санасын қалыптастыра білуге, өзін-өзі тәрбиелей білуге, өзін-өзі тани білуіне тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары
“Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кірістім және мені өте қанағаттандыратыны – бұл балалар әлдеқандай үш айдың ішінде орысша және татарша оқуды және тіпті жазуды үйреніп алды…

Қысқасы, бұл жастар 4 жылдық курсты бітіргеннен кейін тәп-тәуір сөйлейтін және жаза алатын болады. Кейіннен парақор болмауы үшін олардың адамгершілігіне де ықпал жасауға бар күшіммен тырысамын” (Ыбырай Алтынсарин, 1864 жыл 16 наурыз).

Сабақ түрі мен әдісі
Тұлғатану, дөңгелек үстел (мұғалім–модератор, оқушылар–атысушылар). Дискурс, ақпараттылық, ғылымилылық.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер:

Включить звук

1. Ыбырай Алтынсариннің еңбек жолы.
2. Ыбырай Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” оқулығы.
3. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнап жазған еңбектері.
4. Ыбырай Алтынсарин ашқан оқу орындары.

Тақырыпты жүргізуде сабаққа ардагер ұстаздың бірін, Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімін шақыруға болады. Бұл сабақта да кітапхана мен кітап қорынан көрмесін ұйымдастыру керек. Оған Ыбырай Алтынсариннің шығармаларынан бөлек, Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған еңбектерді де қоюға болады.

Газет, журнал мақалаларын да қамту керек. Мектеп кітапханашысы да сабаққа қатысып, 3 минут уақытқа өз пікірін айтып, кітап қорымен қысқаша таныстырып өту керек.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:

1. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған қандай шығармалары бар?
2. Ыбырай Алтынсариннің қандай өлеңін жатқа білесіңдер?
3. Ыбырай Алтынсарин ұстаздарға арнап қандай еңбектер жазған?

Қосымша тапсырма
Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармаларын оқып, өз пікірлеріңді айтыңдар.

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінің бірін жатқа айту.

Білімін шыңдауға берілген тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін анықта:

А) «Қазақ хрестоматиясы»;
В) «Маңғыстау сапарлары»;
С) «Қазақстарға орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық»;
Д) «Тарихи жазбалар»;
Е) «Қыпшақ Сейітқұл»;
F)«Қырғыз өлкесі»;
G) «Орынбор тарихы»;
H) «Дала өркениеті».

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Ыбырай Алтынсарин ұсынған орыс педагогтерінің еңбектерін көрсетіңіз:

А) «Қазақ хрестоматиясы»;
В) «Балалар әлемі»;
С) «Қазақстарға орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық»;
Д) «Әліпби және мектеп пен үйде оқуға арналған кітабы»;
Е) «Қыпшақ Сейітқұл»;
F) «Арифметика»;
G) «Орынбор тарихы»;
H) «Дала өркениеті».

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!