Материалдар / Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы, міндеттері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы, міндеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы, міндеттері тақырыбындағы ашық сабақ жоспарын әріптестеріммен бөлісіп отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2018
851
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мерзімі: 21.02.2017Сыныбы:10Сабақ тақырыбы:Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы, міндеттері.Сабақ мақсатыа) Оқушыларға қарауылдық қызметті, міндеттері мен қарауылдық қызметті ұйымдастыруды ұғындыру;б) Сақшының тағайындалуы мен міндеттерін түсіндіру;в) Оқушыларды Елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.Ресурстар /көрнекіліктерСаптық жарғыОқулықАӘД ,2014Оқушы дәптеріСлайд-презентацияI4 минII9 мин. III23 мин Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі –. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –- Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады? - Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді? - Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады? - Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай? - Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады? - Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс? ) Негізгі бөлім Жаңа сабақҚарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы, міндеттері.Сынып топқа 1,2,3 ретімен бөлінедіОқушыларға мәтін беріледі. Жеке-жеке оқиды. Топта талқылайды1-топқа арналған тапсырмаҚарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді. Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады. 2-топқа арналған тапсырмаҚарауылдар: гарнизондық және ішкі болып бөлінеді. Олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады. Ішкі қарауыл бір әскери бөлімнің объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады. Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді. Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді. Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, қажет болғанда қарауыл бастығының көмекшісі, қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады. Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға – шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады. Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.3-топқа арналған тапсырма

Сақшы қол сұғылмайтын адам болып табылады. Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді: - оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері айырықша қорғалатындығында; - оның белгілі бір тұлғаларға ғана - қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы; - қарауыл бастығының, қарауыл бастығының көмекшісінің және өзінің жұмысқа таратушысының сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі. - Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі. Сақшының міндеттері: - өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға; - қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, қаруын қолынан шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынытындарға да бермеуге; - көрсетілген бағыттар бойынша жылжый отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұхият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға; - тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша, постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету - әскери қылмыс болып саналады. - постыларға табельде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, өзінің жұмысқа таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге; - қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге; - постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге; - объект қоршауынан ақау тапқанда және өз постынан жақын жерде тәртіп бұзушылық байқалған кезде қарауыл бастығын шақыру; - қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет құралдары іске қосылғанда, бұл туралы қарауыл үй – жайына дереу хабар беруге; - өзіне немесе өзі күзететін объектіге анық шабуыл жасалған жағдайда қаруды ешқандай ескертусіз қолдануға міндетті. Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қажеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға, қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады. Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің қарауылды жұмысқа таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек. Топ мәтінді жеке оқып, топта талқылап болғаннан кейін топ басшылары орындарын ауыстырып бір-бірлеріне түсіндіреді.Қорытынды сұрақтар1. Қарауыл дегеніміз кім? 2. Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?3. Гарнизондық қарауыл дегенді қалай түсінесіңдер?4. Ішкі қарауыл дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Қарауыл құрамына кімдер кіреді? 6. Сақшы дегеніміз кім? 7. Сақшының негізгі міндеттері? 8. Сақшыға қандай әрекеттер жасауға тиым салынады?Топқа арналған тапсырмаларОқушыларға арналған сұрақтар4 минОқушыларды бағалауҮйге тапсырма 70-бет 5-тақырып оқу, сұрақтарға жауап беру, конспектілеу

АӘД пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Абиров Т
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!