Материалдар / ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқырмандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2020
1183
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ


А.Қ. Ақпанбетова–102-26 тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: С.С. Тілеуова – п.ғ.к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент


Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде қарым - қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «...жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби жетілуі үшін жағдайлар жасау» атап көрсетілген.

Уақыт ағымы алға тартқан бұл міндет болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында арнаулы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігін айқындайды. Осы орайда білімалушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру - әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыспен бірегей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің біріне айналды.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерісі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің алдына білім берудің дамытушылық сипатымен байланысты міндеттер қояды. Олардың бірі болашақ мамандардың жеке тұлғалық қасиеттері мен кәсіптік дайындығының бөлігі ретінде коммуникативті біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Коммуникативті біліктілікке қарым-қатынас функциялары, түрлері мен сипаттары, қарым-қатынас құралдары, кері байланыс, адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен технологиялары кіреді. Педагогтың кәсіптік әрекетінде қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі бар. Олар жеке тұлғаның-жеке тұлғаға ықпалын жүзеге асыруда көрінеді.

Оқытушының педагогикалық шығармашылығын дамыту мен оның кәсіптік шеберлігін арттыру мәселесі бүгінгі таңда өте маңызды, өйткені педагогтың шеберлігі оның шәкірттермен қарым-қатынас ортасында анықталады. Дәл осыған байланысты сонғы жылдары «оқытушы-оқушы» жүйесінің өзара әрекет  үрдісіндегі педагогикалық қарым-қатынас мәселесіне педагогикалық және психологиялық ғылымдарының да қызығушылығы артып отыр. Мұндағы мәселенің маңызды қыры – педагогтар мен білімгерлердің бірлескен өзара әрекеттерінің негізінде ой, көңіл-күй,  көзқарастар бірлігін құру, жеке тұлғаны дамыту, болашақ адамдардың коммуникативті біліктіліктерін қалыптастыру.

Қарым-қатынас – педагогикалық үрдістегі өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейтесті мәселелердің құрамдас бөлшегі. Қазіргі кезде ащы да болса кездесетін шындық – кейбір педагогтардың бойынан жат қылықтарды жиі ұшырастырып қаламыз. Ондай олқылықтар мінез-құлыққа еніп, педагогтардың кәсіптік психопедагогикалық қарым-қатынасты меңгере алмауына жағдай туғызады.

Қарым-қатынас —  білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттың дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Мемлекетімізде санасы сау, көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі маман даярлау үшін педагогтар қарым-қатынас барысында әрбір білімгердің ішкі жан дүниесіне біртіндеп еніп, мінез-құлқын, мәдениетін, өмірге деген көзқарасын тәрбиелей білу керек.

Тәрбиеленушілермен қарым-қатынас жасай отырып, педагог оның жеке және тұлғалық ерекшеліктерін анықтайды; құндылық бағдары, тұлғааралық қарым-қатынасы және іс-әрекеті туралы ақпарат алады. Қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленушінің біріккен әрекетін реттейді, өзара әсерін қамтамасыз етеді, педагогикалық процестің тиімді етуіне септігін тигізеді.

Тіл - адамның қатынас кұралы дегендей, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас олардың тіл табысуына байланысты болмақ. Ғылымның тіліне сүйенсек, мұғалімнің коммуникативтік іскерліктері оқу-тәрбие процесіндегі қарым-қатынастың жүйелі, сапалы және нәтижелі болуына әкеледі.

Қазіргі кезде жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән қасиет. Сондықтан болашақ мамандар мен оқытушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру – психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің қатарына жатады. Бұл салаларда жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері білімгерлер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі – педагог пен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.

Оқу-тәрбие жұмысын күнбе-күн жедел жүзеге асыруға қарым-қатынасқа түсетін екі тұлға бар. Олар: оқытушы мен білімгер. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады.

Білімгерлер мен оқытушылар арасындағы мәдени қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттегі маңызды кәсіптік мамандық құралы. Ол; білімгерлер мен оқытушы арасында ынтымақтастық түрде демократиялық, адамгершілік-ізгілік негізінде жүзеге асырылуы қажет.

Психопедагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру – оқытушы мен білімгердің арасындағы оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын, болашақ мамандардың кәсіпке бейімделуін шыңдайтын кәсіптік – мамандық қатынасының түрі.

Педагогикалық қарым-қатынас – бұл мұғалімнің сабақ үстіндегі немесе сабақтан тыс кезіндегі жағымды психологиялық климатты тудыруы және де ол мамандық байланыс болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас дұрыс болмауы – қорқынышты, сенімсіздікті, әлсіздікті, естің, зейіннің, ойлаудың, ынта мен ептіліктің жойылуын көрсетеді.

Адамзаттық асыл қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай, оны жарыққа шығаруды әрекет етпей, оларды баламен қарым-қатынаста шынайы түрде іске асырмай, қоғам, болашақ алдындағы жауапты ісін өз деңгейінде атқара алуы мүмкін емес. Ал бүгінгі күні ұстаздың басты мақсаты- өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жек тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.



Әдебиеттер:


  1. Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы-А.,2007.

  2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  3. Қоянбаев Ж.Б.., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.

  4. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!