Материалдар / Қасым Аманжолов "Туған жер"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қасым Аманжолов "Туған жер"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
591
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Қасым АманжоловТуған жер
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты*Өлеңді эмоциясын қатыстырып, мәнерлеп оқуға жаттықтыру және өлең құрылысын талдау оқушылардың «шумақ» , «тармақ», «бунақ» жайлы түсінігін қалыптастыру.*Қазақстанның көрікті жерлерін бейнетаспадан , суреттерден қарап, сол бойынша өз ойын түйіндеп айтуға үйрету.* Өлең құрылысын талдау барысында басқаның пікірін тыңдауды, өз ойын айтуды , бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже*Өлеңді эмоциясын қатыстырып, мәнерлеп оқуға жаттығады және өлең құрылысын талдау оқушылардың «шумақ» , «тармақ», «бунақ» жайлы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.*Қазақстанның көрікті жерлерін бейнетаспадан , суреттерден қарап, сол бойынша өз ойын түйіндеп айтуға үйренеді.* Өлең құрылысын талдау барысында басқаның пікірін тыңдауды, өз ойын айтуды , бірігіп жұмыс істеуді үйренеді.
Негізгі идеялар Ақынның туған жерге деген құрметі, ризашылық сезімі
Тапсырмалар Топтық жұмыс : Өлеңмен жұмыс «Мен сізден сұрақ күтемін » әдісіЖұптық жұмыс :Шумақ,тармақ,бунақ, ұйқас туралы берілген кестені толтыру.Жеке жұмыс:Өлеңнің бірінші шумағындағы ұйқасты фигуралар арқылы немесе әріптер арқылы көрсету.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)І Ұйымдастыру
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу .
  • Топқа бөлу (4минут) 1-топ: «табиғат» , 2 –топ: «ауыл» 3- топ:«алтын бесік» ,4- топ:«байтақ ел» ІІІ Талқылау үшін сұрақтар беріледі (6 минут) «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбында бейнефильм көрсетіледі. Бейнефильм мазмұнына байланысты ой қорыту, өз ойын айтуға тапсырма берілді.2. Операциялық-орындаушылық кезең. Мұғалім өлеңді алдын-ала мәнерлеп оқып, үнтаспа арқылы тыңдатады. ІҮТоптық жұмыс 13 минут «Өлеңмен жұмыс» Автормен танысады. Қасым Аманжолов-қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны. Қ.Аманжолов өмірден ерте кеткенімен , болашақ ұрпаққа мол әрі құнды мұра қалдырды.Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін оқушылар ішінен оқуға 3 минуттай уақыт беріледі, сонан соң әр топтан бір оқушы бір-бір шумақтан мәнерлеп оқып шығады. Оқушылар оқулық соңындағы сұрақтармен танысады. Мұғалім түсіндірмесі: (5минут) Шумақ – өлең сөзде бірнеше тармақтың белгілі ретпен топтасуы. Өлең – жырларда бір шумақ кемінде екі жолдан, яғни тармақтан басталдады. Тармақ – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақөлең тармағының ( жолының) ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза. Өлеңнің әр тармағы екі, үш, төрт буынды бунақтарға бөлінеді. Мысалы, он бір буынды тармақ үш бунақтан құралады: Шық-шы тау-ға// қа-ра-шы// кең да-ла-ға.Бұл тармақта 11 буын, 3 бунақ бар. Ұйқас- өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек.Ұйқас түрлеріҚара өлең ұйқасы Шалыс ұйқас------------------------------а --------------------------а-----------------------------а --------------------------б -----------------------------б --------------------------а-----------------------------а --------------------------б3. «Мен сізден сұрақ күтемін» тәсілі. Бұл тәсіл бойынша топтағы балалар мәтіннің мазмұнын бір – біріне түсіндіріп болған соң, осы мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Топтағы оқушылар өзара келісіп, қағазға екі сұрақ жазып, келесі топқа береді. Сұраққа жауап іздеп, дайындалуға, ақылдасуға 1-2 минут уақыт беріледі. Сұрақтың жауабын топтың ішінде ақылдасып алған соң, бір оқушы хабарлайды. Сұрақтар мен тапсырмаларды мынадай үлгіде беруге болады: 1 – топтың сұрағы: Ақынның туған жерге деген құрметі, ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген? 2 – топтың сұрағы: Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай сезімін, көңіл күйін аңғаруға болады? 3– топтың сұрағы: Өлеңнің қай шумағы саған ерекше әсер қалдырды? Неліктен? 4 – топтың сұрағы: Ақын өлеңі неше шумақтан, неше тармақтан тұрады?Өлең соңындағы тапсырма бойынша бірігіп ақылдасып,мақал құрастыру. Буындарды дұрыс тауып , қосып оқыса «Отан-оттан да ыстық» деген мақал шығады. Шыққан мақалдың мағынасын түсіндіруТоптағы оқушылар өлеңмен танысады, топта талқылау жүргізеді,1 минут ішінде қорғайды.Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды. Топ пікірлерін тыңдау.Топтар бір-бірін екі жұлдыз ,бір ұсыныс арқылы бағалайды.Сергіту сәті 3минутV Жұптық жұмыс 5- минут Кестемен жұмыс Дайын үлгіVI Жеке жұмыс (10 минут) Өлеңнің бірінші шумағындағы ұйқасты фигуралар арқылы немесе әріптер арқылы көрсету. а а б аҮІI Кері байланыс ( Маған ұнады, сұрақ, қиын болды ) (2минут)
    Кейінгі тапсырмалар «Туған жер » тақырыбы бойынша «бес тармақ»жазу
    Кейінгі оқуӨлеңді мәнерлеп оқу


    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!