Материалдар / Қашықтан білім беру үрдісіне -жаңа технологияларды белсенді енгізу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қашықтан білім беру үрдісіне -жаңа технологияларды белсенді енгізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Аннотация: бұл мақалада қашықтықтан оқыту ақпараттық кеңістікті де, оқытудың ақпараттық саласын да едәуір кеңейте отырып, жаңа мүмкіндіктер ашатыны туралы жазылған. Пандемия кезінде қашықтықтан оқыту білім беруді жаңғыртуда үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту кезінде әр түрлі ақпараттық-инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері туралы жазылған. Қазіргі таңда қалыптасқан жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту немесе онлайн оқыту кезінде балаларды оқытуда дұрыс білім мен бағыт-бағдар беруді қолға алып, тиімді жолдарын қарастыру. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларға дұрыс бағытта білім беру жолдарын қарастыру; деңгейлік тапсырмаларды үйлестіру, тиімді нәтижеге жетіп, қорытынды шығару.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2020
304
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қашықтан білім беру үрдісіне -жаңа технологияларды белсенді енгізу»

"Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу –

бүгінгі күннің негізгі міндеті".

Қасым-Жомарт Тоқаев.


Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.


Аннотация: бұл мақалада қашықтықтан оқыту ақпараттық кеңістікті де, оқытудың ақпараттық саласын да едәуір кеңейте отырып, жаңа мүмкіндіктер ашатыны туралы жазылған. Пандемия кезінде қашықтықтан оқыту білім беруді жаңғыртуда үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту кезінде әр түрлі ақпараттық-инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері туралы жазылған. Қазіргі таңда қалыптасқан жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту немесе онлайн оқыту кезінде балаларды оқытуда дұрыс білім мен бағыт-бағдар беруді қолға алып, тиімді жолдарын қарастыру. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларға дұрыс бағытта білім беру жолдарын қарастыру; деңгейлік тапсырмаларды үйлестіру, тиімді нәтижеге жетіп, қорытынды шығару.

Кілт сөздер: тарих, қашықтықтан оқыту, пандемия, ақпараттық технология,заманауи әдіс-тәсілдер.


Аннотация: в данной статье так и инфармационного пространства, дистанционного обучения, значительно расширяя сферу инфармационного обучения об открытии новых возможностей. Во время пандемии дицтанционное обучение играет большую роль в модернизации образования. Кроме того, были изложены особенности применения различных информационно инновационных технологий при дистанционном обучении. В ностоящее время в соответствиии с сложившейся ситуацией, в период дистанционного обучения или онлайн обучения необходимо выработать правильные знания и орентации в обучении детей. При дицтанционным обучении необходимо рассмотреть пути обучения учащихся в правилбном направлении :координировать уровневые задания,достигать эффективных результатов и подводить итоги.

Ключевые слова:история,пандемия,дицтанционное обучение, информационные технологии,современные медиоты и премы



Abstrakt: in this аrticle,it is written that distance learning opens up new opportunities significantly expanding both the information space and the information sphere of training. During the pandemic distance learning plays a huge role in the modernization of Edication. In addition, it is qritten about the peculiarities of using various information and innovative texnologies in distance liearning. Currently, due to the current situation it is necessary to take into account the correct khnowledg and guidans in teaching children in distance learning or online learning and consider effective ways. Consideration of ways to teach students in the right direction in distance learning coordination of level tasks achieving effective rtsults and summing up results.

Keywords: hirtory, distance learning, pandemic, information texnology, modern approaches.

Білім беру орындарында қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге ауыстыру – әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі екені бәрімізге мәлім.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов айтқандай, әлемді, оның ішінде біздің елімізде де коронавирус індетінің қауіпі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде оқушыларға қашықтықтан сабақ беру шын мәнінде қажетті де маңызды шара. Осы ретте қашықтық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды.

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.     

Қашықтықтан оқыту көп жылдан бері оқу орындарында дәстүрлі  түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі екендігі бәрімізге мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Себебі еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып, оқушыларды қашықтықтан оқытуға кірісті. Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр.

Әрине, кез келген оқыту түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады. Қашықтықтан оқыту түрінің еркіндігі мен икемділігі, географиялық жағдайға қарамайтын, кез-келген тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік тудыратын артықшылығы бар болғанымен, қашықтықтан жұмыс істеу кезінде қатысушылардың  бір-бірімен жеке байланысы аз, кейде мүлдем жоқ деп те айтуға болады. Сондықтан мұндай оқыту нысаны коммуникабельділік, сенімділік, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін қолайлы емес. Дегенмен, карантин аяқталып, өз жұмыс орнымызға оралған жағдайда дәстүрлі оқыту түрімен қатар қашықтықтан оқыту түрін де бірге ала жүреміз деген ойдамыз. Себебі жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды қажет етеді.

Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.

Қашықтықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі. Онлайн оқыту интернет, білім, компьютерге немесе интернетке қосылған басқа гаджетті пайдаланып білім мен дағдыларды игеру.

Онлайн-білім беру оқушыларға білім беру ортасына толығымен енуіне мүмкіндік береді: дәріс оқып тыңдау, тапсырмаларды орындау, мұғалімдермен кеңесу және желіге қосылу арқасында сыныптастармен сөйлесу,кері байланыс жасау.

Онлайн оқуға көшкелі бері көптеген әдіс тәсілдерді және платформалармен жұмыс жасауды меңгеріп келеміз. Солардың бірі өз сабағымда қолданып жүрген КЕЙС технологиясына тоқталғым келеді. Осы әдісті сабағымда пайдаланбас бұрын әдістің тиімді және тиімсіз жақтарын көп зерделедім, зерделей келе оқушылардың сабақта белсенділін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға қашықтан оқуда таптырмас әдіс екеніне көзім жеттті.

Қазіргі заманғы тез өзгеретін орта бізден сыртқы өзгерістерге үздіксіз бейімделуді және уақыт шақыруларына үнемі жауап іздеуді талап етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі ұстаздардың үздіксіз өзін-өзі дамыту және өзгерістерге бейімделу дағдыларын дарытуға баса назар аударады.

Бүгінгі таңда әлемде өз білімінің деңгейіне қанағаттанған, өз білім беру жүйесіне риза бірде-бір мемлекет жоқ деп айтуға болады. Себебі барлығы жаңа мазмұнды, жаңа формалар мен оқыту әдістемелерін іздеу үстінде.

Білім беру қызметінің инновациялық әдістері эксперименттер мен инновациялық жобалары арқылы іске асырылады да, заманауи білім беруді дамытудың трендтері қалыптасады. Біз болсақ біліктілігімізді арттырып, тиімділігін айқын түсініп, өз жұмысымызда ескеруіміз керек.

Жаңартылған білім берудің негізгі міндеті - оқушыларға өзінің бірегейлігін сезінуге, қиындықтарды жеңуге және өз әлеуетін іске асыруға көмектесу. Білім беру барысы сыни ойлау мен креативтілікті дамытуы тиіс, қазіргі әлемде табысқа жетуге мүмкіндік беретін дағдылар мен білім беруге тиіс.

Мақаланы жазу барысындағы келесі міндеттерді орындауға назар аудардым:

  • Заманауи білім беру үдерісін талдап білім сапасы мәселесін шешудің табысты жолдарын анықтау;

  • Білім беру қызметінің тиімділігіне қатысты мәселені кешенді түсіну, анықтамалық және практикалық идеялар көзін құру;

  • Инновациялық әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін, нақты тәсілдердің мәні мен құндылығын (немесе қауіптілігін) түсіндіру;

  • Әрбір үрдістің аса маңызды аспектілеріне назар аудару.

Жаңартылған білім берудің инновациялық бағыты дербестендіру дифференциация тақырыбына айтарлықтай қызығушылық тудырады. Көптеген адамдар бұл сұрақ білім беру жүйесінің болашағына елеулі әсер етеді және білім беру контентін жариялауды дамыту үшін бағыт береді деп санайды. Сонымен, білім саласындағы дербестендіру оқушылардың өз қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін талдай білуге және бағдарламаны өз бетінше таңдауға негізделген. Дербестендіру оқытудың жоғары дамыған дағдыларымен тығыз байланысты, әрбір оқушының жеке оқыту стиліне зейінмен және үдерістік-бағытталған тәсілдеумен ерекшеленеді. Заманауи инновациялық білім жеке тұлғаға бағытталған, осыған орай біріншіден, оқушыларға білімді қажетті деңгейде меңгеру керектігін көрсету керек. Екіншіден, оқушыларға оқытудың тиімділігін қалай арттыруға болатынын көрсету керек. Үшіншіден оларға ең үздік оқушы болу керектігін көрсету керек.

Келесі бір тоқтала кететін мәселе ол бүгінгі күні мұғалім ақпараттың негізгі көзі болуын тоқтатқан тенденция. Оқушылар кез келген уақытта және кез келген жерде шектеусіз деректер көлеміне өз бетінше қол жеткізе алады. Демек, сыныпта мұғалімнің рөлі өзгерді. Мұғалім тек қана тақтада ғана емес, қажетті көмек пен қолдау көрсету үшін оқушылармен тығыз байланыста болады. Заманауи мұғалім үйреншікті лектордан гөрі тәлімгер және кеңесші.

Қазіргі заманғы мұғалімдер оқыту әдістерін өзгерту және заманауи әлемде өз әдістері мен материалдарының өзектілігі мен қажеттілігіне қол жеткізу керектігін мойындауы тиіс.

Мұғалім мен оқушыға бағытталған оқыту арасындағы негізгі айырмашылықтарды қарастырайық. (Кесте №1)


Кесте №1.

Мұғалімдерге бағытталған оқыту

Оқушыларға бағытталған оқыту

Мұғалім шешім қабылдайды

Оқушы шешім қабылдайды

Мұғалім - ақпараттың негізгі көзі

Оқушы өз бетінше ақпарат табады

Оқушы оқу материалын меңгереді

Оқушы оқу материалын өзі жасайды

Оқыту ортасында бәсекелестікті ынталандырады

Оқу ортасы ынтымақтастықты қолдайды

Мұғалім оқушының жұмысы мен жетістігін бағалайды

Оқушылар өздерін және бірін-бірі бағалайды

Оқыту сыныпта өтеді

Сыныптан тыс оқыту мүмкіндігі

Барлық сынып жұмысының қарқыны маңызды рөл атқарады

Әр оқушы өз қарқынында жұмыс істей алады; тапсырмалар дербестендірілген

Оқыту жеке пәндерге бөлінген

Пәнаралық оқыту

Оқытудың бірыңғай стилін ұстану қажет

Оқушылар өз оқу стилін таңдай алады

Оқыту бір жас тобы үшін жүргізіледі

Оқыту бір жас тобына байланысты емес

Оқытуды дербестендіруді мұғалім қамтамасыз етеді

Оқытудың дербестігін оқушылар қамтамасыз етеді


Жоғарыда аталған міндеттерді атқару үшін POGIL (сұранысқа бағытталған оқыту) әдісін қолдану оқытудың тиімділігін артады. POGIL - бұл ерекше оқыту ортасы, оқушылар жаңа оқу материалын оқу үдерісіне белсенді қатысады. Әдіс бойынша 5E моделі құрылып, оған сәйкес әрекет ететін өзін-өзі басқару зерттеу топтары ұйымдастырылады: Engage (қызықтыру), Explore (зерттеу), Explain (түсіндір), Extend (дамытуға) және Evaluate (бағалау). Бұл жүйені АҚШ-тың білім беру орталығы жанындағы биология және жаратылыстану ғылымдары бөлімінің қызметкері Роджер Байби ұсынған (1994 ж.). POGIL жобасы оқушыларды бірінші орынға қойып, мұғалімдерге оқытуды оңтайландыруға арналған құралдарды ұсынуға арналған. POGIL басқа тәсілдерден екі нақты жолмен ерекшеленеді. Біріншісі - процестің қажетті және мақсатты дағдыларын дамытуға нақты және саналы екпін. Екінші - сынып бөлмесінің ерекше материалдарын пайдалану және дизайн.

POGIL әдісі бойынша оқушылар арнайы әзірленген қызметті шешу үшін шағын топтарда жұмыс істей алады. Әрбір оқушыға белгілі бір рөл орындауға тағайындалады, мысалы, есеп менеджері, рекордер және т.б. Оқытушы оқу процессін жеңілдетуге көмектесу үшін тиісті уақытта араласа отырып, оқушылар арасындағы пікірталасқа тыңдаушы ретінде ғана әрекет етеді. Өз топтарында оқушылар мәселелерді талқылай және талдай алады және ортақ идеяларды қарауға және маңызды ұғымдарды өзінің түсінігін құруға көмектесу үшін жасалған сұрақтарға жауаптарын талдай алады. Олар өз идеяларын тұжырымдап басқа топтармен бөліседі.

Бұл әдістін барысында көптеген маңызды дағдыларды қалыптастырып, оқушыларға сын тұрғысынан ойлай отыра тапсырмаларға көңіл бөлуге көмектеседі.

«Төңкерілген сынып» әдісі - бұл қазіргі білім берудің бірнеше үрдістерін біріктірген оқыту принципі. Бұл әдіс шамамен бірдей нәтижелерді көрсететін түрлі тәсілдерді қамтиды (оқушылар мен мұғалімдердің жоғары қанағаттануы, оқушылардың білім алуға белсенді қатысуы және материалды неғұрлым тиімді меңгеруі), сондықтан оқытудың осы принципін білім берудің заманауи инновациялық үрдісіне жатқызуға болады.

«Төңкерілген сынып» термині сабақ жоспары кері-қайта берілгенің білдіреді. Әдетте мұғалім алдымен жаңа тақырып туралы әңгімелейді, содан кейін онымен байланысты жаттығулар қатарын орындауды ұсынады және үй тапсырмасын қояды. Осы әдіс шеңберінде мұғалім тақырып бойынша әңгіме жазады және оқушылар оны жаңа материалды зерделегенге дейін өз бетінше зерттей алады. Осылайша, сабақ уақытын оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, туындаған қиындықтарды шеше отырып, материалды талқылай және пысықтай отырып, әлдеқайда тиімді пайдалануға болады.

Аталған әдістін тиімділігі: тәжірибеге уақыт пайда болады, тақырыптың ең қиын аспектілерін талқылау мүмкіндігі, оқушы мен мұғалімнің талқылауға түсіп өзара әрекет ету мүмкіндігі.

Оқыту - бұл мұғалімнің жұмыс нәтижесі емес, қоршаған ортамен өзара әрекеттестікте әрбір адаммен болатын табиғи процесс. Адамның қызметі - оның дамуының негізі. Мұғалімнің рөлі - олардың әрқайсысына қажетті материалдарды таңдау үшін балаларды бақылау.

Баланы ынталандыратын және оның дағдылары мен қажеттіліктеріне сәйкес дамуына көмектесетін жүйе Highscope тәсілі.

Highscope тәсілінің атауы «жоғары мақсаттар» немесе «ауқымды міндеттер» деп аударылады және өршіл міндеттер мен алыстағы мақсаттарды көрсетеді. Әдістің негізгі тұжырымдамасы белсенді қызмет арқылы оқытуды және балалардың мүдделерін ескеруді көздейді.

Әрбір күн белгілі бір блоктарға бөлінеді, олар бір-бірінен кейін өткізіледі, ал сынып қызығушылық аймақтары бойынша топтарға бөлінген, сонымен қатар оқушылар бір аймақтан екінші аймақтан еркін ауыса алады (олар таңдау бар туралы біледі). Балалар өз сабақтарын жоспарлауға, оларды жүзеге асыруға және нәтижелерді талдауға мүмкіндік беретін «жоспарла–жаса–тексер» схемасына сәйкес жұмыс істейді.

Оқушылар кішкентай немесе үлкен топтарда жұмыс істейді және ойындарға, әңгімелесулерге белсенді қатысатын ересектерден қолдау алады. Мұғалім өз тарапынан оқушылар мен олардың жетістіктерін мұқият қадағалайды. Қозғалыспен, музыкамен немесе тарих әңгімесімен байланысты сабақтар үлкен топтарда жүргізіледі, ал арнайы танымдық тәжірибелер кішкентай топтарда жүргізіледі.

Күн сайын мұғалімдер өз оқушыларын мұқият бақылап, олардың жұмысы мен жетістіктерін бекітеді. Олар сондай-ақ олардың тіл, сауаттылық және қарым-қатынас, әлеуметтік және эмоциялық даму, дене дамуы мен денсаулық, математика, ғылым мен техника, әлеуметтік зерттеулер мен шығармашылық пәндер саласындағы іскерліктерін бағалайды. Осы даму жүйесінің маңызды элементі қақтығыстарды шеше білу болып табылады. Оқушылардың әлеуетін дамыту ойынға негізделген.

Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы ең маңызды басымдықтарының бірі экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдету болып табылады: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек». Қорыта келгенде білім беру процесіне осындай замануи технологияларды енгізу нәтижелі болып табылады. Инновациялық әдіс-тәсілдерді педагогикалық қызметте оңтайлы қолдану «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық қауымның аз да болса маңызды қадамдарының бірі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазіргі білім беру трендтері-Алматы: "Bilim Media Group" ЖШС, 2017-326 с.

  2. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2009.

  3. Көшімбетова С. Оқу—тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары, - Алматы, 2008.

  4. Ибраев Т. К. Реформалау жағдайындағы әлеуметтік-білім беру саласының теориялық - әдіснамалық аспектілері. – Астана. Даңғыл, 2017. -157 Б.



Интернет ресурстар:

https://www.pogil.org/

https://bilimland.kz/kk




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Зайченко Т. П. Основы дистанционного обучения [Текст]: Теоретико- практический базис: Учебное пособие. Изд-во РГПУ им. Герцена, 2004. 167 с.

  2. Лаборатория дистанционного обучения [Электронный ресурс]: Е.С. Полат, А.Е

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!